3 дәріс
Object Pascal программалау тіліне кіріспе
Object Pascal программалау тілі туралы жалпы мағлұмат.
Delphi жүйесінің программалау тілі стандартты Pascal тілін объектіге бағыттап кеңейту нәтижесінде алынған Object Pascal тілі болып табылады. Delphi ортасында компоненттер кітапханасының (VCL) көмегімен көріп отырып программалау принципі жүзеге асырылады. Delphi 6,7 орталарының CLX (Borland Component Library for Cross-Platform) платформааралық компоненттер кітапханасын пайдаланып Windows және Linux жүйелерінде бірдей жұмыс жасай алатын жалғамалар жасақтауға да толық мүмкіндігі бар.
Алфавит.
Object Pascal тілінің әліппесі Pascal тілінің әліппесімен бірдейге жақын. Ол 53 әріптен (латын әліппесінің бас және жол әріптері мен астын сызу белгісі), 10 араб цифрларынан, 23 арнайы және 10 қос символдардан тұрады.
+ - * / . , : ; = > < ‘ ( ) { } [ ] # $ ^ @ үзік
Арнайы символдар:
:= <> .. <= >= (* *) (. .) //
Қос символдар:
Әліппе таңбаларынан сөздер құралады. Сөз бен сөздің арасын айырғыш (үзік және т.б. символдар) бөліп тұруы тиіс. Сөздердің үш түрі бар:
қызметші сөздер;
стандартты идентификаторлар;
пайдаланушының идентификаторлары.
Достарыңызбен бөлісу: |