<Тип аты> = record
<1-ші өріс аты> : <өріс типі>;
...................................................
: <өріс типі>;
end;
Жазба ішінде өріс аттары қайталанбауы тиіс. Өріс аты мен типінің арасына қос нүкте, ал соңына нүктелі үтір қойылып жазылады. Төмендегі мысалда 5 өрісі бар TStudent жазба типі және сол типтің Student айнымалысы сипатталған:
type
TStudent = record
Fam: ShortString;
Sex: Boolean;
Date: TDateTime;
Spec: ShortString;
Kurs: 1..5;
end;
var Student: TStudent;
Жазба айнымалысын тікелей сипаттауға да болады:
var
Student = record
Fam: ShortString;
Sex: boolean;
Date: TDateTime;
Spec: ShortString;
Kurs: 1..5;
end;
Жазбаның кезкелген өрісін көрсету үшін жазбаның атынан кейін нүкте қойылып, сонан соң өріс аты жазылуы керек. Мысалы:
Student.Fam:= 'Аяпов Б.Д.';
Student.Sex:= true;
Student.Date:= StrToDate('05.10.1985');
Student.Spec:= 'Информатика';
Student.Kurs:= 4;
Програмалауда with операторының көмегімен, жазба атын көрсетпей-ақ өрістерді пайдалану тиімді болады. Мысалы:
With Student do
begin
Fam:= 'Аяпов Б.Д.';
Sex:= true;
Date:= StrToDate('05.10.1985');
Spec:= 'Информатика';
Kurs:= 4;
end;
Нұсқалы өрістері бар жазбаны сипаттау пішімі:
Type < Тип аты > = record
case <Белгі>: <Белгінің типі> of
<1-ші нұсқа>: ( <1-ші нұсқаны сипаттау>);
.........................................................
: ( );
end;
Нұсқалы өрістері бар жазбаны сипаттау және пайдалану мысалы:
Type TColon = record
case v: Byte of
1: ( int: 0..20 );
2: ( sim: Char );
3: ( mas: array[1..10] of word );
4: ( str: ShortString );
end;
Var Colon: TColon;
begin
…….
Colon.v := 1; Colon.int := 10;
Colon.v := 2; Colon.sim := 'Z';
Colon.v := 3; Colon.mas[1] := 2000;
Colon.v := 4; Colon.str := 'Object Pascal';
…….
end.
Delphi жүйесінде күні бұрын сипатталған тұрақты жазба типтері жиі қолданылады. Мысалы:
Type TPoint = record
X: Longint;
Y: Longint;
end;
TRect = record
case Integer of
0: (Left, Top, Right, Bottom: Integer);
1: (TopLeft, BottomRight: TPoint);
end;
Достарыңызбен бөлісу: |