Белгі және көшу операторы
Қалыпты жағдайда, программада операторлар жазылу реті бойынша орындалады. Өту операторын қою арқылы олардың орындалу ретін өзгертуге болады. Кезкелген бір оператордан кейін өту операторы жазылса, онда келесі орындалу кезегі арнайы белгі қойылған операторға беріледі. Белгіден кейін қос нүкте қойылады. Белгі ретінде кезкелген идентификаторды немесе 0..9999 аралығындағы бүтін санды алуға болады. Барлық белгілер программаның сипаттау бөлімінде міндетті түрде хабарлануы тиіс. Өту операторының пішімі:
goto <Белгі>;
Өту операторын пайдаланудың мысалы:
Label belgi;
…
if b<>0 then goto belgi;
…
belgi: Edit1.Text:= IntToStr(a/b);
Өту операторы орындалу кезегін одан бұрын немесе кейін орналасқан операторға бере алады. Өту операторын басқа құрылымды оператордың ішкі операторына немесе басқа бір ішкі программаның операторына өту үшін пайдалануға тиым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |