1 дәріс. Объектілі бағытталған бағдарламалау түсінігі



бет11/36
Дата11.12.2021
өлшемі79,06 Kb.
#99042
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
Байланысты:
ОББ

repeat <Оператор> until < Шарт>;

Соңғышартты цикл орындалғанда, бірінші кезекте оператор орындалады, сонан соң, шарт тексеріледі. Шарттың мәні True болса, циклдың қызметі аяқталады да, False болса, оператор қайтадан орындалады және т.с.с. Мұнда, цикл денесінің кем дегенде бір рет орындалатынын қатаң есте сақтаған жөн.



Таңдау операторы.

Таңдау операторы селектор деп аталатын ретті типке жататын өрнектің мәндерінен жасақталған нұсқаларға сәйкес келетін бірнеше операторлардың біреуін таңдап орындатады. Таңдау операторының пішімі:

case <селектор> of

<1-ші тізім> : <1-ші оператор>;

<2-ші тізім> : <2-ші оператор>;

. . .


: ;

else <Оператор>;

end;

Оператордағы тізімдер селектордың қайталанбайтын мәндерінің тізбегі не аралығы болуы шарт. Таңдау операторы орындалғанда, әуелі селектор мәні есептелінеді. Сонан соң, оның мәнінің қай тізімге тиісті екендігі анықталады да, сол нұсқаның операторы орындалады. Егер селектор мәні барлық тізімнен табылмаса, онда else тармағындағы оператор орындалуы тиіс.

Таңдау операторының мысалы:

case nomberday of

1 .. 5: Edit1.text:=‘Жұмыс күні’;

6,7 : Edit1.text:=‘Демалыс күн’;

else Edit1.text:=‘Не знаю’;

end;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет