end;
Шартты оператор.
Шартты оператор берілген шартқа байланысты белгілі бір оператор-лардың орындалуын не орындалмауын қамтамасыз етеді. Оның жалпы пішімі:
if <Шарт> then <1-ші оператор> else <2-ші оператор>;
Шарт ретінде кезкелген логикалық өрнекті алуға болады. Операторда шарттың мәні True болса 1-ші оператор, әйтпесе 2-ші оператор орындалады. Операторлардың екеуі де құрамды болуы мүмкін.
Шартты оператордың else <2-ші оператор> бөлігін жазбауға да болады. Бұл нұсқада, шарт орындалмаған жағдайда кезек шартты оператордан кейін тұрған операторға беріледі.
Егер оператордың құрамына басқа шартты операторлар енгізілген болса, онда әрбір else сөзіне оның алдындағы ең жақын then сәйкес келетінін ескерген жөн. Кей жағдайларда, сенімді болу үшін, begin … end операторлық жақшаларымен пайдалануға да болады. Шартты операторлардың мысалдары:
if x<0 then begin Edit1.text:=‘Функцияның мәні жоқ’; Exit; end
else Edit1.text:= FloatToStr(sqrt(x));
if x>0 then if x<5 then y:=sqr(x) else y:= x+1;
if x>0 then begin if x<5 then y:=sqr(x); end
else y:=x+1;
Соңғы екі шартты оператордың жазылуы ұқсас болғанымен, орындалуында айырмашылық бар. Мысалы, x:=5 болғанда, алдыңғысында y-тің мәні 6-ға тең, ал соңғысында - мәні жоқ.
5>5>0>
Достарыңызбен бөлісу: |