Полиморфизм.
Полиморфизм туыстас кластарда әртүрлі қызмет атқара алатын аттас әдістерінің болуы. Бұл ата-кластың әдісін ұрпақ-класта өзгертіп анықтау арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесінде, әртүрлі объектілердің аттас әдістерін шақыру ұқсас болғанымен, қызметтерінде өзгеріс пайда болады.
Object Pascal тілінде виртуальдау деп аталатын, ата-объектінің әдісінде ұрпақ-объектінің сәйкес әдісін пайдалану мүмкіндігі де бар.
Класты сипаттаудың құрылымы жалпы алғанда бес бөлімнен тұрады:
type
<Кластың аты> = class (<Ата–кластың аты>)
private
<Жабық сипаттаулар>
protected
<Қорғалған сипаттаулар>
public
<Ашық сипаттаулар>
published
<Жарияланған сипаттаулар>
automated
<Автоматтандырылған сипаттаулар>
end;
Кластың құраушылары.
Бөлімдер класс элементтерінің көріну аймағын түрліше өзгерту үшін қажет:
private бөлімінде сипатталған элементтер сол класс енген модульдің ішінде ғана пайдаланылады;
protected бөлімінде сипатталған элементтерді сол модульде пайдаланып қоймай, одан тыс орналасқан сол кластың ұрпақтарында да пайдалануға болады;
public бөлімінде сипатталған элементтерді класс көрінетін кезкелген аймақта пайдалана беруге болады;
published бөлімі де элементтердің көрінуін шектемейді. Оған программаның жасақталу барысында да, орындалу кезінде де пайдаланылатын қасиеттер енгізіледі. Класс тақырыбы мен алғашқы бөлімге дейінгі аралыққа енген, автоматты түрде сипатталған барлық элементтер Published бөліміне қатысты деп есептелінеді. Бұл аралыққа енген кезкелген сипаттауды алып тастауға, не жаңасын қосуға болмайды;
automated бөлімі де элементтердің көрінуін шектемейді. Онда Автоматты OLE-объектілердің әдістері мен қасиеттері енгізіледі.
Әрбір бөлім, қажетіне қарай, өрістерден, әдістерден және қасиеттерден құралуы мүмкін. Кластың сипатталуында барлық бөлімдердің болуы және жазылу ретінің сақталуы шарт емес, тіпті, ешқандай бөлім болмауы да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |