Function Func(n: Integer): Real;
Procedure Hide;
end;
Класс әдістерін құрамды аттар арқылы пайдаланған жөн:
var
MyObject: TMyClass;
begin
.................
MyObject. Hide;
………….
Қасиеттер.
Қасиеттер – кластардың өрістерімен байланысын реттейтін арнайы механизм. Қасиеттер property, read және write қызметші сөздерінің көмегімен хабарланады. Қалыпты жағдайда, қасиет белгілі бір өріспен байланысты болады және кластың сол өріске жазуға және одан оқуға пайдаланылатын әдістерін көрсетеді. Мысалы:
type
TStrClass = class
FCode: Integer;
Function GetStr: Integer;
Procedure SetStr(Valie: Integer);
Property CodeValie: Integer read GetStr write SetStr;
end;
Программада қасиеттерді пайдалану тәсілі өріске ұқсас келеді:
var
StrObj: TStrClass;
Valie: Integer;
begin
StrObj:= TStrClass.Create; // Конструкторды шақыру
StrObj.CodeValie:= 1; // Қасиетті пайдалану
……….
Valie:= StrObj.CodeValie; // Қасиетті пайдалану
………..
StrObj.Destroy; // Объектіні жою
end;
Әр объектінің өрістері бір-біріне тәуелсіз болғанмен кластың әдістері мен қасиеттері оларға ортақ қызмет етеді. Инкапсуляция принципі өрістерді пайдалануды әдістер мен қасиеттердің көмегімен жүзеге асыруды талап етеді. Дегенмен, Object Pascal тілінде өрістерді құрамды аттарының жәрдемімен тікелей пайдалана беруге рұқсат етіледі:
var
MyObject: TMyClass;
begin
.................
MyObject. FCode:= 1;
MyObject. FText:= ‘Object Pascal’;
………….
Достарыңызбен бөлісу: |