Асханалар төмендегідей жіктеледі:
• өткізілетін өнім ассортименті бойынша -жаппай сұраныстағы тағамдарды, өнімдерді және сусындарды өткізетін асханалар; вегетариандық, емдәмдік, соның ішінде санаторий, профилакторий тамақтану блоктары;
• қызмет көрсетілетін контингент пен тұтынушылар мүдделері бойынша – мектеп, студенттік, кеңселік және т.б.;
• орналасу жері бойынша – тұрғын, қоғамдық ғимараттарда ортақ асханалар, оқу, жұмыс, қызмет орны, уақытша тұру орны бойынша, ауруханада, санаторийде, демалу үйлерінде және т.б.;
• өнім өндірісін ұйымдастыру бойынша – шикізатта жұмыс істейтін, жартылай фабрикатта жұмыс істейтін (алдын-ала даярлау), аралас типті асханалар, тарату асханалары;
Дәмхана - белгілі-бір шикізат түрінен жеңіл даярланатын тағамдардың шектеулі ассортименті бар және тұтынушыларға жылдам қызмет көрсетуге арналған қоғамдық тамақтану кәсіпорны.
• бөлмелер құрамы мен тағайындалуы бойынша – стационарлы және жылжымалы;
• қызмет көрсету уақыты бойынша – тұрақты жұмыс істейтін және маусымдық.
Жылдам қызмет көрсету кәсіпорындары- әдетте жоғары дәрежеде дайын жартылай фабрикаттардан жеңіл даярланатын тағамдардың, өнімдердің, сусындардың кішігірім ассортиментін өткізетін және тұтынушыларға қызмет көрсетуге аз уақыт шығындайтын қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны.
Жылдам қызмет көрсету кәсіпорындары қарқынды қозғалыс және тұтынушылардың көп жинақталуы жерінде; сауда кешендері мен орталықтарында, кинотеатрда, орталық көшелерде және аудандарда, демалыс аймақтарында және т.б. орналасады.
Жылдам қызмет көрсету кәсіпорындары өз аталуына «экспресс» немесе «бистро» сөзін қосуы мүмкін.
Жылдам қызмет көрсету кәсіпорындары дүңгіршектер мен автотіркемеде жабдықталуы мүмкін, өз залы болмай, өздері өндіретін өнімді тарату терезесі арқылы өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |