1 ДӘріс. ҚОҒамдық тамақтандыру кәсіпорындарының Қызметтері және оларғА Қойылатын талаптар



бет10/105
Дата22.12.2021
өлшемі163,16 Kb.
#127466
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   105
Байланысты:
ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚ.1-14 Дәріс.

Барлар төмендегідей ажыратылады:

• өткізілетін өнім ассортименті мен қоғамдық тамақтандыру өнімдерін даярлау әдісі бойынша – шарап бары, сыра бары, кофе бары, десерт бары, сүт бары, коктейль-бар, гриль-бар, суши-бар және т.б.;

• тұтынушыларға қызмет көрсету ерекшелігі және (немесе) бос уақытты ұйымдастыру бойынша - диско-бар, видео-бар, варьете-бар; кино-бар, билеу бары, лобби бар және т.б.;

• орналасу жері бойынша - тұрғын және қоғамдық ғимараттарда, соның ішінде жеке тұрған ғимараттарда, вокзалда, мәдени ойын-сауық және спорт нысандарында, демалыс аймақтарында;

• тұтынушылар мүддесі бойынша (клубтық бар, спорт-бар).

Мейрамханалар мен барлар қызмет көрсету деңгейі мен ұсынылатын қызметтер номенклатурасы бойынша үш классқа жіктеледі, олар келесі талаптарға жауап беру керек:



«Люкс»-тұтынушыларға ұсынылатын қызметтердің кең таңдауы, ыңғайлылықтың жоғарғы деңгейі және тұтынушыларды залда ыңғайлы орналастыру, мейрамханалар үшін өнім негізінен басқаларға ұқсамайтын, таңдаулы және фирмалық тағамдар мен өнімдер, барлар үшін өнім үшін тапсырысқа берілетін және фирмалық сусындардың, коктейльдердің кең таңдауы, дастарқанды салтанатты жаю, фирмалық стиль, тағамдарды ұсыну ерекшелігі, интерьер эксклюзивтілігі және молшылығы.

«Жоғарғы» — тұтынушыларға ұсынылатын қызметтердің кең таңдауы, тұтынушыларды залда ыңғайлы орналастыру, мейрамханалар үшін ерекше, таңдаулы тапсырысқа берілетін және фирмалық тағамдар мен өнімдердің кең таңдауы, барлар үшін фирмалық және тапсырысқа берілетін сусындар мен коктейльдердің кең таңдауы, фирмалық стиль, интереьер ерекшелігі және таңдаулылығы.

«Бірінші» - тұтынушыларға ұсынылатын қызметтердің белгілі-бір таңдауы, мейрамханалар үшін фирмалық тағамдар мен күрделі даярланатын өнімдер мен сусындар, барлар үшін кең немесе маманданған, соның ішінде тапсырысқа берілетін және фирмалық сусындар мен коктейльдердің ассортименті, интерьер теңгерілімі мен ыңғайлылығы.

Кафе - мейрамханаға қарағанда шектеулі өнім ассортиментін ұсынатын тұтынушылар тамақтануы мен демалысын ұйымдастыратын кәсіпорын.

Кафе фирмалық, тапсырысқа берілетін тағамдарды, өнімдер мен сусындарды өткізеді, ыстық және суық сусындар, салқын тағамдар мен тісбасарлар, екінші ыстық тағамдар, соның ішінде мамандануы ескеріліп, фирмалық және тапсырысқа берілетін тағамдардың кең ассортименті ұсынылады. Бірінші тағамдар ішінде тек сорпалар даярлау рұқсат етіледі.

Кафе мейрамханалар мен барлар сияқты тұтынушылар демалысы мен көңіл көтеруі ұйымдастырып, өнімді өндіру, өткізу және тұтыну жүзеге асады. Даяшылар, бармендер, метрдотельдер қызмет көрсетеді, өзіне-өзі қызмет көрсету де рұқсат етіледі. Кафеде тот баспайтын болаттан жасалған металл ыдыстар мен ас аспаптары, фарфор және жартылай фарфор ыдыс, аркополдан жасалған ыдыс, суретсіз сұрыптық шыны ыдыс және қағаз майлықтар қолданылады. Кейбір кафе түрлерінде ақ және гүлді дастарқандар, мата майлықтар қолданылуы рұқсат етіледі. Музыкалық сүйемелдеу стереофонды радиоапаратураны қолдануды қарастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет