Мейрамханалар төмендегідей ажыратылады:
• өткізілетін өнім ассортименті бойынша – маманданбаған және маманданған (балық, сыра, ірімшік және т.б.; ұлттық және шетел аспаздықтарымен мейрамханалар);
• орналасу жері бойынша- тұрғын және қоғамдық ғимараттарда, соның ішінде жеке тұрған ғимараттарда, қонақ үй, вокзал ғимараттарында, мәдени ойын-сауық және спорт нысандарында, демалыс аймақтарында, көлікте (вагон-мейрамхана және т.б.);
• тұтынушылар мүддесі бойынша (клубтық мейрамхана, спорт-мейрамхана, мейрамхана-түргі клуб, мейрамхана-салон);
• қызмет көрсету әдістері мен түрлері бойынша – даяшылар қызмет көрсететін мейрмахана, «швед үстелі» жүйесі бойынша қызмет көрсететін мейрамхана, жүріп қызмет көрсететін мейрамхана;
• бөлме құрамы мен тағайындалуы бойынша – стационарлы және жылжымалы (кемеде, пойызда);
• өнім өндіруді ұйымдастыру бойынша – шикізатта, жартылай фабрикатта жұмыс істейтін (алдын-ала даярлау), аралас типті асханалар, тарату асханалары.
Достарыңызбен бөлісу: |