1 ДӘріс. ҚОҒамдық тамақтандыру кәсіпорындарының Қызметтері және оларғА Қойылатын талаптар


Жылқы етінен дайындалатын ұлттық тағамдар



бет55/105
Дата22.12.2021
өлшемі163,16 Kb.
#127466
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   105
Байланысты:
ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚ.1-14 Дәріс.
кәсіпорын, кәсіпорын, етті консервілеудің жаңа әдістері, тауартану 1-13, Ет консервілері, 8 сем
3.3.1 Жылқы етінен дайындалатын ұлттық тағамдар

Жылқы етімен азықтанған халықтың талай жылғы тәжірибесі түрлі тағам әзірлеудің өнеркәсіптік технологиясын жасап, оны өндіріске енгізуге мүмкіндік береді. Дәмділігі де, қоректілігі де аса жоғары бұл өнімдерді тұтынушылар жоғары бағалайды. Жылқы етінен әзірленген тағамдардың өзіне тән сүйкімді иісі, күшті калориясы болады (кесте).


58 кесте – Бірінші категориялы жылқы етінен жасалған халық тағамдарының химиялық құрамы мен қоректілігі


Тағам атауы

Құрамы

Қоректілігі

су

ақуыз

май

күл

Ккал

Қазы

27,2

12,3

56,7

3,8

5730

Шұжық

39,1

16,9

39,0

5,0

4320

Жал

8,9

7,2

80,3

3,6

7420

Жая

24,8

21,6

51,0

2,6

5620

Қарта

26,8

8,4

61,3

3,5

6050

Қазы. Қазы - сойылған жылқының майлы сүбе қабырғасы мен төстің етек майы. Ол жылқының семізіне қарай; бұлт қазы, пышақ сырты, шынашақ, екі елі, сынық сүйем қазы деген т.б мөлшерлі өлшемдермен аталады. Ал қазы аударылып болған соң оның қабырғалы түрлерін – сыңар қазы, қос қазы, қабырғасыз түрлерін- үлдірік қазы, етек қазы, телше (семіз жылқының кіндік айналасындағы қалың майы) дейді.

Кере қазы, сере қазы- семіздің бармақ пен шынашақ арасына тең қазы.

Табалдырық қазы - аса қалың, айналдыруға келмеген өте семіз қазы; кей жерде табан қазы деп атайды.

Би қазы- бүйен ішекке тыққан, шұжық тәрізді жуан қазы.

Дөңбек қазы(бұжбан қазы) –ішекке сыймағандықтан тілкем күйінде сақталған қазы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет