Қоғамдық тамақ жүйесінде функционалды тағайындалуына байланысты желілер келесі кәсіпорын топтарына жіктеледі:
• аспаздық тауарлар мен сатып алынатын тауарлар өндірісін, өткізуін және тұтынуды ұйымдастыруды үйлестіретін орындар (асхана, мейрамхана, кафе, барлар, дәмханалар);
• жартылай фабрикаттар, аспаздық және кондитерлік өнімдер өндірісін жүзеге асыратын орындар (алдын-ала даярлау кәсіпорындары);
• аспаздық өнімдерді өндіру және өткізуді үйлестіретін кәсіпорындар (үйге тағамдарды жіберу жөнінде кәсіпорындар);
• жартылай фабрикаттарды, аспаздық және кондитерлік өнімдерді өткізетін орындар (аспаздық дүкендері мен жартылай фабрикаттар бөлімі);
• қонақ үй нөмірлерінде және басқа орналастыру орындарында тұтынушыларға жеткізу және қызмет көрсетуді ұйымдастыратын кәсіпорындар.
Шикізатты өңдеудің технологиялық кезеңіне байланысты (орындалатын өндірістік функцияларға байланысты) қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары желісі алдын-ала даярлау және толық даярлау кәсіпорындары болып бөлінеді. Алдын-ала даярлау кәсіпорындарының өндірістік-саудалық әрекетінің функциясы дайындығы әртүрлі жартылай фабрикаттарды, аспаздық және кондитерлік өнімдерді орталықтандырылған өндіру мен онымен жабық және ашық типті қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жабдықтауға бағытталған.
Алдын-ала даярлау кәсіпорындарына алдын-ала даярлау фабрикалары, жартылай фабрикаттарды өндіру жөнінде маманданған цехтар, аспаздық фабрикалар мен тез мұздатылған өнімдер фабрикасы жатады.
Алдын-ала даярлау-фабрикалары – кең ассортиментте жартылай фабрикаттарды өндіру мен онымен толық даярлау кәсіпорындарын, бөлшек сауда және аспаздық дүкендерін кешенді жабдықтауға арналған кәсіпорындар. Алдын-ала даярлау-фабрикаларының қуаты тәулігіне өңделетін шикізат тоннасымен анықталады. Алдын-ала даярлау-фабрикаларында жоғары өнімділікті жабдықтар, соның ішінде ет, балық, көкөністерді өңдеу бойынша механикаландырылған желілер, ет пен құс етін жібітуге арналған дефростерлер; қуатты тоңазыту жабдықтары әрекет етеді. Алдын-ала даярлау фабрикаларында өнімдер мен шикізатты тасымалдауға арналған транспортерлер мен ілмелі механикаландырылған желілері бар қойма шаруашылығы; ет, құс өңдеу, балық, көкөніс, аспаздық және кондитерлік цехтары, экспидиция және жартылай фабрикаттар мен аспаздық өнімдерді басқа кәсіпорындарға тасымалдауға арналған функционалды сыйымдылықтарды қолдануға негізделген арнайы көлік бар. Өндірістік цехтар заманауи жоғары өнімділікті жабдықтармен; тез мұздатылған жартылай фабрикаттар мен тағамдарын дайындауға арналған ағынды механикаландырылған желілермен жабдықталған, оларды сақтау үшін төмен температуралы камералар қарастырылған.
Жартылай фабрикаттар комбинаты алдын-ала даярлау-фабрикаларына қарағанда тек ет, құс, балық, картоп және көкөністерден жартылай фабрикаттар өндіреді. Бұндай кәсіпорынның қуаты тәулігіне 30 т дейін шикізат өндіретін кәсіпорын болып жобаланады.
Алдын-ала даярлау фабрикалары, жартылай фабрикаттар комбинаты негізінде фабрика-ас үйлер, тамақтану комбинаты, аспаздық саудалық-өндірістік бірлестіктер құрылуы мүмкін.
Фабрика-ас үйлер – негізінен түскі ас өнімін, аспаздық және кондитерлік өнімдерді өндіретін және маманданған көлікпен толық даярлау кәсіпорындарына жеткізетін ірі механикаландырылған кәсіпорындар. Фабрика-
ас үйлер басқа алдын-ала даярлау кәсіпорындарынан олардың ғимаратында асхана, мейрамхана, кафе немесе дәмхана орналасу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Фабрика-ас үйлер құрамына негізгі цехтардан басқа алкогольсіз сусындарды, кондитерлік өнімдерді, балұздақты, тоңазытылған және тез мұздатылған тағамдар өндіретін цехтар кіруі мүмкін. Фабрика-ас үйдің қуаты –аусымына 10-15 мың тағамға дейін.
Аспаздық фабрика мен тез мұздатылған өнімдер фабрикасы – индустриалды әдіспен дайын тағамдарды өлшеп және буып-түюмен дайындайтын кәсіпорындар.
Жартылай фабрикаттарды өндіретін маманданған цехтар – әртүрлі жартылай фабрикаттар ассортиментін өндіруге маманданған цехтар. Көбіне олар тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары ішінде орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |