1 дәріс. Педагогика


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



бет31/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51
Байланысты:
Дәрістер
Практикалық жұмыс 3 (1)

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


  1. .Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.

  2. .Педагогика: көрнекі дәрістер жинағы.Қазмемқызпу, -Алматы, 2008. 3.Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. М.: Асадема 2003. 4.Педагогикалық терминдік-түсіндірмелі сөздік. Алматы, 2007.

  1. Проблемы методологии педагогики и методики исследований. Под ред. М.Н.Данилова, Н.И.Болдырева. М.:Педагогика 1971.

  2. Таубаева Ш.Т. Исследовательская культура учителя: от теории к практике. Алматы “Гылым” 2001.

№14 Тұтас педагогикалық үдерістің мәні және құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары


Дәрістің мақсаты: Біртұтас педагогикалық процестің ерекшеліктерін анықтау.

Дәріс жоспары:


1.Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің обьектісі туралы ұғымның қалыптасу тарихы. 2.Педагогикалық процестің мәні, оның құрылымдық компоненттері.

  1. Оқушы- педагогикалық процестің субьектісі.

Негізгі ұғымдар : объект, пән, ғылым, жүйе, әлеуметтік жүйелер, “ұстаздар оқушылар” жүйесі, педагогикалық процесс, педагогикалық ситуация, қозғаушы күштер, тәрбиелеуші тетіктер, диагностика, болжамдау.

Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің обьектісі туралы ұғымның қалыптасу тарихы. Қазіргі педагогикалық процесс түсінігі бірден қалыптасқан жоқ. М.А.Данилов “Педагогикалық процесс - педагогикалық теорияның обьектісі” деген еңбегінде, ең бастысы, әр түрлі құбылыстарды зерттеу негізінде педагогика теориясын одан әрі жетілдіруі айқындалатынын көрсетті.

Ғалымдардың зерттеулеріне байланысты педагогикалық процестің түрлі қырлары мен заңдылықтары айқындалды. Кеңестер одағы мен бұрынғы социалистік бағыттағы елдерде, ГДР-де шыққан еңбектерде “педагогикалық процесс” оқу мен тәрбиенің бірлігі ретінде қарастырылады.

Ағылшын тіліндегі әдебиеттерде (АҚШ, Англия, Австралия) “педагогикалық процее” деген ұғым “оқыту” деген сөздің баламасы ретінде қолданылады.

П.Ф. Каптерев педагогикалық процестегі оқыту мен тәрбие бірұтастықтың кейбір бөлшегі ретінде өмір сүреді деген пікірде болды. Кеңестік педагогикада ”педагогикалық процесс” ұғымын Н.К Крупская., С.Т.Щацкий, А.П.Пинкеевич, А.С.Выготский, А.Г Калашников толықтырып зерттеді.

А.С. Выготский педагогикалық процестің жағдайын білу деген идеяның болашағы өте зор, оны зерттеуге көңіл қою керек дейді.

А.С.Макаренко, М.А.Данилов, В.С.Ильин, Б.Т.Лихачев, т.б. педагогикалық және тәрбиелік процесті бір мағынада түсіндіреді.

В.А. Сухомлинский “педагогикалық процестің тұтастығын мұғалім мен оқушының рухани бірлестігі және үлкен адамның басшылығы” деген ойы маңызды.

Л.Ф.Спирин, М.А.Степенский т.б. пікірі бойынша “педагогикалық жүйедегі тәрбиенің обьектілері мен субьектілерінің іс-әрекеттері бөлінбейтін біртұтас тәрбие процесі болып есептеледі”.

Біртұтас обьектінің теориясын жасау диалектикалық материализмнің белгілі бір методологиялық мақсаты құбылыстардың өзара байланыстылығы туралы күрделі құбылыстарды жүйе ретінде қарастырумен және нақтылы жағдайда жүйелі тәсілді практикалық жүзеге асырумен тікелей байланысты.

Дидактика саласында, оқыту процесінің элементарлық бірлігі “кереге көзі” ретінде Лернер әрекетті негіздесе, Е.Н. Тонконогая сабақты, П.М. Эрдниев жаттығуды, В.И. Загвязинский - тапсырмаларды, Т.И. Шамова танымдық әрекетті көрсетеді.

Педагогикалық процестің түпкі мақсаты ол “қоғамдық қатынастардың жиынтығы” жеке тұлғаны қалыптастыруы керек. Әрбір жаңа ұрпақ өткен ұрпақ тәжірибесін меңгеруі керек, жеке тұлғаның қалыптасу шарты осындай. Өзіне тән әрекетсіз тәжірибені игеру мүмкін емес.

Педагогикалық процестегі элементарлық бірліктің орны алғашқы педагогикалық ситуацияның “кереге көз” қалыптасу сәті, оқушының қатысында, сынып ұжымында, паралельдік сыныптарда, жалпы мектеп ұжымында көрінеді. Микрожүйе “ұстаз оқушы” іс-әрекетке баулиды. Әлеуметтік іс-әрекет түрлері түрлі жүйелердің барысында іске асады.

Педагогикалық процестің “ұстаздар оқушылар қатынасындағы мақсат, міндеттер, мазмұн, құралдар, формалар, әдістер мен тәсілдер, тапсырмалар айналымы үнемі жүріп отырады. Оқушы өзінің даму барысында әлеуметтік тәжірибені меңгеруі керек, ал ол іс-әрекетсіз мүмкін емес. Бірақта ол, іс-әрекеттер жүйесін өздігінен игере алмайды. Оқушы іс-әрекет субьектісі болып, мұғалімнің басшылығымен әлеуметтік тәжірибені игереді.

Педагогикада педагогикалық ситуация тәрбиелілікті зерттеу әдісі ретінде және оқытудың әдісі ретінде кеңінен қолданылады. Ситуацияны талдау мен модельдеу, педагогикалық ойлауды қалыптастыру тәжірибесінде жүзеге асырылады.

Педагогикалық процестің мәні. Педагогикалық процестегі жалпы мақсат жеке тұлғаны қалыптастыруға байланысты әлеуметтік тапсырысты орындайды. Ал оның нәтижесі мұғалім- оқушылар жүйесіне байланысты болады. Педагогикалық процестің интегративтік сапасы оның қарым-қатынас сапасынан көрінеді.

Педагогикалық процестің мақсаты қойылған идеалға жету үшін педагогикалық процесті кейбір шартты бөліктерге бөлу арқылы, нақты бір кезеңнін міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді.

Педагогикалық процестің заңдылықтары: педагогикалық процес әлеуметтік-экономикалық жағдайға сай болуы; нақты мақсатқа бағыттылығы; педагогикалық процестің екі жақты сипаты; оқушылардың белсенділігін арттыру үшін мұғалімнің іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы мен ойластыруы; оқушылардың өзара әрекеттерін ұйымдастыру арқылы, педагогикалық процестің тиімділігін арттыру; оқушылардың даму деңгейінне лайықты ұйымдастыру; педагогикалық процестің уақыт бірлігінің ұзақтығы.

Әлеуметтік тапсырысты орындау: мақсат, міндеттер мен мазмұн негізгі мектептегі қоғамдық мүдденің мағынасын жасайды.

Құралдар мен формалар, әдістер мен тәсілдер, тапсырмалар мұғалімнің оқушылардың іс- әрекетін ұйымдастыру мүмкіншілігін көрсетеді, яғни педагогикалық процестің қозғаушы тетігі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет