1 дәріс. Педагогика


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет32/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51
Байланысты:
Дәрістер
Практикалық жұмыс 3 (1)

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар


    1. Педагогикалық процестің алғашқы анықтамасын жасаған кім?

    2. Педагогикалық процестің ғылыми категория ретінде қалыптасуы туралы қандай пікірлер

бар?


    1. Педагогикалық процесс деген ұғымға анықтама беріңіз.

  1. .Не себепті педагогикалық ситуация педагогикалық процестің элементарлық бірлігінің рөлін

атқарады?

  1. .Педагогикалық процестің мәнін қалай түсінесіз?.

6. Педагогикалық процестің қандай негізгі заңдылықтары бар?

Ұсынылған әдебиеттер тізімі


  1. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.

  2. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. –Алматы “Ғылым”

2002.


  1. Щукина Г.И. Активизация познавательной деятельности в учебном процессе.

М.:Просвещение., 1979.

  1. Педагогика: көрнекі дәрістер жинағы. Қазмемқызпу.- Алматы, 2009.


15 Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі Дәріс мақсаты: Тәрбиенің әдіснамалық негізін анықтау.

Дәріс жоспары:


1.Педагогикадағы тәрбие мақсаты мәселесінің тарихы. 2.Тәрбие және әлеуметтік келісім.

3.Қоғамдық мәдениеттің тәрбие кеңістігі ретінде қалыптасуы.

Негізгі ұғымдар: тәрбие мақсаты, қоғамдық мәдениет, жеке тұлғаны әлеуметтендіру және дербестендіру, үйлесімді дамыған жеке тұлға, жеке тұлғаны шығармашылық мүмкіншілігі.

Қоғамның даму барысында тәрбие және мақсаты төңірегіндегі пікір-талас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ертедегі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. “Рақым” туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады. Мысалы, Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты - өзіңді өзің тану; Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкімет” өзі ұйымдастыру керек, үстемдік етуші топтар философтар мен жауынгерлерді” талап-тілегіне сай жұмыс істеу деп түсінді. Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рақымы ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді. Я.А. Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзіңді және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі) және құдайға сиыну (діни тәрбие). Дж. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты азаматты қалыптастыру, өз істерін ақылмен және байыппен жүргізу, ал Ж.Ж. Руссо қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға тәрбие мақсаттарының алатын орнын айтты.

И.Гербарт «тәрбие мақсаты, рақымды адамды қалыптастыруға, қалыптасқан қарым- қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын

адамдар» десе, А.Дистерверг тәрбиенің мақсаты “ақиқат, сұлулық және мейірімділікке өз ынтасымен қызмет” ету деп анықтаған.

Ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский: “Егер сізге айтса, тәрбие мақсатымен адамды бақытты етуге болады деп, онда сізді” дауласуға әбден қақыңыз бар, ал тәрбиеші “бақыт” дегенде нені түсінеді; өйткені, бәрімізге белгілі, әлемде бақытқа ұмтылмайтын пенде жоқ: біреуге бақыт болып көрінетін жағдай, ал ол басқа адамға жай бір оқиға сияқты көрінеді, кейбіреуі тіпті бақытсыздық” - деп тұжырымдайды. .

Тәрбие мақсаты көп уақытқа дейін идеалды адам мұратына, жан-жақты үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қылықтары таза және дене күші дамыған тұлға ретінде түсінді.

Тәрбие мақсаты педагогиканың ең маңызды мәселесі. Мақсат-тәрбиенің жалпы мақсаттылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы ретінде көрінеді. Мақсат пен міндет бүтін және бөлшек ретінде ара қатынаста болады, жүйесі мен оны” компоненттеріне тәуелді. Қорыта айтқанда, тәрбиені” мақсаты нақты тәрбие міндеттеріні” жүйесі.

Тәрбие мақсаты жалпы және жеке болып келеді. Тәрбиенің мақсаты жалпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтарды”, ал жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаны” қалыптасуын көздейді. Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді. Тәрбие мақсатының әр алуандығы тәрбиенің өте күрделілігін көрсетеді. Мақсаттылыққа объективтік себептер әсер етеді. Олар, дененің физиологиялық жетілу заңдылығы, адамның психикалық дамуы, философия мен педагогикалық ойды” жетістігі, ортаны” үнемі қоғамның мүддесіне орай өзгеріп отыруы.

Мақсатқа ұмтылу, ұстазға айқын мақсаттар белгілеп, кәсіптік іс-әрекеттерінің нәтижелерін оқушылардың тәрбиеге бой ұсынуынан, құлшынысынан байқауға болады. Мақсат- іс-әрекет нәтижесін күні бұрын идеалды ой-тұжырым арқылы болжау.

Тәрбие-әлеуметтік институт ретінде қалыптасуын әлеуметтендіру, мәдениет және әлеуметтік ереже, әлеуметтік тәрбие мақсатында жүргізу, сол арқылы қоғам мүшелеріні” әлеуметтік қажеттілігін өтеуге жағдай жасау.

Әлеуметтендіру мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу, берік үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы қажет. Адамдардың мінез-құлқы әлеуметтендірудің объектісі ретінде қалады. Бірақ, адам бұл процестің объектісі ғана емес, субъектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді.

Әлеуметтендіру тұлғаның белгілі бір бейнесін көрсетеді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді. Адамның бірлескен іс-әрекеттерде қалыптасады. Әлеуметтендірудің алдына қойған міндеттерінің екі тобы болады: тұлғаның әлеуметтік бейімделуі; әлеуметтік кемелденуі.

Бұл міндеттердің шешімі ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Адамды әлеуметтендіру нәтижелері әлеуметтік белсенділік, адамның әлеуметтік қарым-қатынасы байланысында көрініс беретін әрекетшілдігі. Әлеуметтендірудің көрсеткіштері: әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтік дербестік және әлеуметтік белсенділік.



Жасөспірімдер, жастар өзара қарым-қатынаста, әлеуметтену кезінде олардың дамуларына әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді. Адамға еңбектерде әлеуметтендіру жағдайлары мен қозғаушы күштерін төрт топқа біріктіреді: мегафакторлар (мега- өте үлкен) космос, неосфера, планета, әлем бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді; макрофакторлар (макро-үлкен) ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі бір елді мекенде өмір сүретін тұрғындарды әлеуметтендіру; мезофакторлар (мезо-орташа) тұрғылықты жерде халықтың болмыс түрі, әртүрлі субмәдениетке қатысы бойынша сараланатын адамдардың үлкен тобын әлеуметтендіру жағдайы; микрофакторлар белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады - үйелмен мен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдық, діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар, микросоциум.

Адамдық мәдениеттің өзіне тән ерекшелігі, тұлғаның жан-жақты дамуының басты шарты адамшылық мәдениеттің барлық мұратын игеру болып табылады. Екіншіден, мәдениеттің мақсаты әрбір адамды тәрбиелеу. Үшіншіден, мәдениет мазмұнының ерекшеліктері диалектиканың материалистік тұрғыдан адамның іс-әрекетінің белсенді-жасампаз сапасы жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуы іс-әрекет үстінде адамшылық мәдениетке ыңғайланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет