1 дәріс. Педагогика


Өзіне-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет34/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51
Байланысты:
Дәрістер
Практикалық жұмыс 3 (1)

Өзіне-өзі бақылауға арналған сұрақтар


  1. Тәрбие, “тәрбие мақсаты”, “әлеуметтендірудің” түсініктерді айқындау.

  2. Тәрбие мақсатының мәнін ашыңыз.

  3. Тәрбие мақсатының әдіснамалық қалыптасу негізіне сипаттама беріңіз.

  4. Материалдық және адамдық мәдениет арасын ашыңыз. 5..Оқушылар ұжымының дамуының негізгі заңдарын ата. 6..Оқушылар ұжымының негізгі даму кезеңдеріне сипаттама. 7.Ұжым дегеніміз не, оның негізгі белгілері қандай?

  1. .Балалар ұжымы мектептегі педагогикалық процестің неге маңызды компоненті болып табылады?

  2. .Ұжымды қалыптастырудағы мұғалімнің ролі.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі


  1. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.

  2. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. Алматы, 1998.

  3. Педагогика: көрнекі дәрістер жинағы. Қазмемқызпу.- Алматы, 2008; 2009.

  4. Педагогикалық терминдік-түсіндірмелі сөздік. –Алматы, 2007.



№16 Ғылыми дүниетаным оқушының интеллектуалды дамуының негізі Жоспары:


    1. Дүниетанымның мәнi, оның негiзгi құрамды бөлiктерi.

    2. Философияның түрлi бағыттарының тұлғаның қалыптасып келе жатқан дүниетанымын бағалаудағы маңызы.

    3. Дүниетанымның психологиялық негiздерiн қалыптастыру.

4.Бiлiм беру мазмұнындағы дүниетанымдық идеялар жүйесi - ғылыми көзқарас, сенiм және мұраттарды қалыптастырушы ретiнде.

Негізгі түсініктер: дүниетаным, дүниеге көзқарас, әлеуметтiк орта, дүниетаным құрылымы, әлеуметтендiру, персонификация, дүниетаным қалыптастыру құралдары.

Дүниетанымның мәнi, оның негiзгi құрамды бөлiктерi. Дүниетанымның қалыптасуы күрделі әлеуметтік педагогикалық мәселе. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуы теориялық және тәжірибелік тұрғыдан маңызы орасан зор. Дүниетанымның қалыптасуы көп қырлы, күрделі үрдіс, сондықтан педагогикалық ұғымда бұл мәселеге түрлі көзқарастар бар.

Дүниетаным бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамдардың алатын орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, олардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары.

Әлеуметтік топ пен жеке тұлға - дүниетанымның субьектісі болып саналады.

Дүниетанымды қалыптастыру - тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен бірге белгілі әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың және олардың партияларының жетілуінің елеулі көрсеткіші.

Дүниетаным - адам санасында дүниенің, қоғамның бейнеленуі, оны жалпы түсінуі, адамгершілік, эстетикалық, ғылыми-теориялық, құндылықтарды меңгеру. Дүниетаным болмысты тану әдісі және адам әрекетінің ерекшелігін анықтайтын өмірлік принциптері.

Ғылыми дүниетаным қоғамдық сананың жалпы, ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам, адам ойының дамуының мәні мен заңдылықтарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, болжам-ой, акисома, әр түрлі табиғи және қоғамдық процестер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез келген адамның жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады.



Дүниетаным негізіне дүниеге көзқарас, яғни дүние туралы белгілі бір білім жиынтығы жатады. Мысалы, дүниетаным түрлі білімді меңгерумен бірге, күнделікті көзқарастарды да меңгеру барысында қалыптасады. Көзқарас үнемі білім, ғылым жетістіктерімен, өмірлік мәселелермен толығып, жетіліп отырады.

Дүниетаным көп қырлы, өте күрделі психикалық құрылым. Оның ұйтқысы теориялық ойлау, жоғары зияттық, яғни интеллектік сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерік-жігердің қабілеттігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер.

Ғылыми педагогикалық тұжырым жеке тұлғаның қоғамдық қатынастар, іс-әрекет, қарым- қатынас жүйесіндегі дүниетанымдық сана, сезім, ерік пен жігердің тұтас қалыптасу идеясынан бастау алады.

Философияның түрлi бағыттарының тұлғаның қалыптасып келе жатқан дүниетанымын бағалаудағы маңызы

Философияның өзі де дүниетаным. Философия тәрізді дүниетанымның басқа формалары да бар: мифологиялық, діни, көркемдік, натуралистік, үйреншікті. Философияның, басқа дүниетаным формаларынан айырмашылығы оның қоғамдық сананың ғылыми саласына жататындығы. Философияның категориялық апараты бар, өз дамуында барлық ғылымдар мен адамзат дамуының бірыңғай тұтас тәжірибесіне сүйенеді.

Философия мәні ”дүние - адам” мәселесі туралы ойлар. Философия екі құбылысқа негізделеді: бүтін дүние және адамның осы дүниеге қатынасы; таным принциптерінің кешені, таным әрекетінің жалпы әдісі. Осыған орай, философияның дүниетанымдық және әдіснамалық басты екі қызметі анықталады.

Адам мәселесінің маңыздылығына байланысты бірінші орында философияның гуманистік (адамгершілік) қызметі тұр. Оның мақсаты адамға тән құндылық, оның қабілеттілігі, сезімі мен парасатының үйлесімді дамуы, мәдениеттілікке қатысты мінез-құлықтың жоғары деңгейдегі көрінісі. Адамгершілік адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ізгілік, тілектес-ниеттестік сезімі, адамдармен іштей және жалпы түрде қарым-қатынас жасау ерекшелігі.

Философияның дүниетанымдық қызметінің бірі - әлеуметтік аксиология: құрылымдық- құндылықтық, интерпретаторлық және сындарлық болып бөлінеді. Құрылымдық–құндылық қызметінің мазмұны: Жақсылық, Әділеттілік, Шындық, Сұлулық сияқты түсініктерді талдау. Сондай-ақ, оған әлеуметтік арман-мұрат туралы түсінік те жатады. Қоғамдық арман-мұрат жеке тұлғадан басталады. Бұл арман-мұрат адамгершілікке негізделеді.

Жеке тұлғаның дүниетанымы жалпы білімді, оның құбылыстарын тану мен бағалу және шешім қабылдау үшін пайдалана алу біліктерін білдіреді. Жеке тұлғаның дүниетанымы: заттық- мазмұндық, психологиялық және эмоциональды-жігерлік категория.

Философиялық теориялар тәрбиелік теориялар мен тұжырымдардың негізін құрайды. Жеке тұлғаның құндылық бағыттары - жеке тұлғаға қатысты ішкі және сыртқы ара қатынастың деңгейлері мен формалары. Жеке тұлға дүниені, өзінің өткен өмірін, бүгіні мен болашағын, өзіндік “Мен” деген сезімінің мәнісін ұғынудың ерекше формалары. Жеке тұлғаның когнитивті, эмоциялық себеп-салдарлы және тәжірибелік саласының бірлігі мен ара қатынасын білдіретін интегралды жеке тұлғалық қасиет.

Жеке тұлғаның құндылық бағыттары адамгершілік сананың өте тиянақты және терең көрінісі. Ол жекелеген іс-қылықтар мен себеп-салдарында ғана емес, мінез-құлық пен іс-әрекеттің бүкіл барысында көрініп, сананың жалпы бағыттылығында, жеке тұлғаның бастапқы өнегелік ұстанымын іске асырады. Құндылық бағыттар тәрбиелік ықпалдардан тұратындықтан жеке тұлғаның интегралды көрсеткіші болады.

Дүниетанымның психологиялық негiздерiн қалыптастыру. Л.И.Божовичтің пайымдауынша, жеке тұлғаның дүниетанымы біршама кешіңкіреп келетін құбылыс, ол адамның жеткіншек шағында пайда болады. Оның қалыптасу негізі жалпы тәрбиелік бағыттылық, дүниетану мен дүниені сезіну жүйесі болып табылады.

Б.Г.Ананьевтің пікірінше, қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның басқа қасиеттерімен салыстырғанда жеке тұлғаның құндылық бағыттары ең соңғысы болып келеді.

Психологтар “құндылық” ұғыммен қоғамға қатысты әлеуметтік-тарихи мағынасы мен іс- әрекеттің белгілі бір құбылыстарының жеке тұлғалық мәнін сипаттайды. Олар құндылық деп жеке тұлғаның, топтың, ұжымның өнегелі іс-әрекетінің нәтижесін, сонымен бірге құндылық санаға қатысты адамгершілік пен арман-мұраттары, жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен бақыт ұғымдары сияқты түсініктерді айтады.

Құндылық бағыттар адам мінез-құлқының ең маңызды қозғаушы күші болып табылады, оның іс-әрекетінің себеп-салдарын анықтайды. Адамның құндылық бағыттары мен мотиві арасындағы байланысын адамның қажеттігін қанағаттандыруға, яғни қажетті обьектіні табуға ұмтылысы арқылы түсіндіруге болады. А.Н.Леонтьевтің пайымдауынша, қажеттілік қанағаттандырылмайынша өзінің обьектісін танымайды, ал ол обьектіні табуы тиіс.

Құндылық бағыттары субьектінің іс-әрекетінің мотивін анықтайтын болғандықтан, олар сол іс-әрекетті таңдау мен оның жүзеге асу барысына да әсер етеді. Осылайша құндылық бағыттары адамның қажеттіліктері мен қоршаған ортаны байланыстырушы буын болып табылады.

Құндылық - теориялық таным ретінде субьектінің бойында құндылық сана мен жалпы әлеуметтік мәдени факторлар әсерінен қалыптасқан, мақсат- мүддеден, ұнатудан, нұсқаулардан тұратын қатынас. Сананың құндылық бағыттары, яғни логикалық-әдіснамалық өлшемдері негізіндегі көзқарас, дәлелді білімді ұйымдастырудың формалары мен тәсілдері таңдалынып

алынады. Санадағы құндылық - обьективті шынайы заттық білім, шынайы, дұрыс ақпараттың арқасында қоғам алдында маңыздылық пен құндылыққа ие болады (А.А.Микешина).

Бiлiм беру мазмұнындағы дүниетанымдық идеялар жүйесi - ғылыми көзқарас, сенiм және мұраттарды қалыптастырушы ретiнде

Дүниеге көзқарас дүниенің даму заңдылықтарын ғылыми негізде танып білу. Оқушылардың дүниетанымы ғылыми-философиялық білімді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде қалыптасады.

Әр адамның дүниетанымдық көзқарасы ұзақ та күрделі зияттық қызмет нәтижесінде қалыптасады. Олар адамның рухани мәдениетінің негізін құрап, оның өмірлік ұстанымдарын, ар- ұят, намысын анықтайды. Сенім көзқарастың ең жоғары күйі. Сенім білім сияқты обьективті шындықтың субьективті көрінісі, адамдардың ұжымдық тәжірибесін меңгеруінің нәтижесі. Сенім жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім. Сенімге айналған білім мен биік мұрат (идея) дүние мен адамды өзгертіп, материалдық күшке айналдырады.

Сенім жеке тұлғаның рухани құндылықтары пен бағыттарын, мақсат-мүдделерін, тілектері мен қажеттілігін, сезімі мен қылықтарын анықтап, біртұтастықты реттейді, яғни жүйелеушілік қызмет атқарады.

Сенім жеке тұлғаның іс-әрекетін, болашақ өмір жолын анықтайды. Сенім жеке тұлғаның өз құндылық бағыттары мен көзқарастарына сәйкес қызмет - әрекет етуге итермелейтін саналы қажеттілігі. Адамның сенім жүйесі оның дүниетаным көрінісі. Сезім сенімнің үйлесімді қасиеті. Сенімді өмірде басшылыққа алу - таным қуанышы мен ақиқат шындығы, сұлулыққа сүйсіну мен оған берілгендік, әлеуметтік оптимизм мен мақсаттылық сияқты зияттық сезімдермен байланысты.

Қажымас ерік-жігер дүниетанымның маңызды құрамы. Сенім адамды әрекетке итермелейді. Ғылыми дүниетаным теориялық санамен ғана шектеліп қоймай, тәжірибеде сана мен жігерді іс-әрекетпен біріктіреді.

Дүниетанымның құрамды бөлігі ретінде теориялық ойлау - адамның білімді, болмыс құбылыстарын шығармашылықпен ұғынуы, дүниетанымды мейілінше жетілдіріп, ерік-жігерді, сенімді іске асыруға бағыттаудың қабілеті.

Биік мұрат (идея) өмірлік мақсат рөлінде дүниетанымның ең маңызды құрамды бөлігі саналады. Биік мұрат сананың құрамында сенім сипатына ие болған жағдайда дүниетанымға айналады.

Дүниетанымның тағы бір құрамдас бөлшегі - дүниетанымдық сенім, принциптер мен арман- мұратқа сәйкес қызмет-әрекет етуге деген эмоционалды-жігерлі әзірлік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет