§ 4. Мотивация және жеке адам Бiз жоғарыда қарастырып өткен мотивациялық факторлар уақыт өте келе жеке адамға етене болатыны соншылық оның тұлғалық бiтiстерiне айналады. Олардың қатарына; табысқа жету немесе сәтсiздiктен қашу мотивi, мазасыздану, локустық қадағалау, өзiндiк бағалау, талаптану деңгейiн жатқызуға болады.
Сонымен қатар жеке адамды тұлға ретiнде сипаттайтын оның қарым-қатынасқа деген қажеттiлiгi (аффилиация мотивi), билiк мотивi, басқаларға жәрдемдесу мотивi (альтруизм) және өшпендiлiк сияқты адамның басқа адамдарға деген қатынасын реттейтiн әлеуметтiк маңызды мотивтерiне кеңiрек тоқтала кетуге болады.