Түйсiктердiң жiктелуi және негiзгi түрлерi. В. Вундтың энергетикалық жiктеуi. ×. Шерингтон бойынша рецепторлар жiктеуi. Сенсорлық процестердiң эволюциялық жiктеуi (Х. Хед). Модалдылық бойынша түйсiктердiң негiзгi түрлерi.
Сезгiштiк және түйсiк табалдырықтары. Абсолюттiк сезгiштiк және абсолютттiк табалдырық. Төменгi және жоғарғы абсолюттiк табалдырықтар. Айырма сезгiшттiк және айыру табалдырығы.
Түйсiк – таным негiзi Бiз ендi танымдық психикалық процестердi қарастыруды бастап, ең алдымен, олардың iшiндегi ең қарапайымдысы - түйсiктерге тоқталамыз. Түйсiк процесi сезiм мүшелерiне тiтiркендiргiштер деп аталатын әр түрлi материалдық факторлардың әсер етуi салдарынан пайда болады. Ал осы әсер ету процесi тiтiркену деп аталады. Тiтiркенудiң өзi басқа процестi – орталыққа бағытталған немесе афференттiк жүйкелер арқылы бас ми қыртысына өтiп, түйсiктi тудыратын қозу процесiн тудырады. Осылайша, түйсiк объективтiк ақиқатты сезiмдiк бейнелендiру болып табылады. Олар сананың сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етiп, объективтi дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерiн бейнелейдi.