«Мен-концепциясы» келесі жағдайларға негізделеді:
1. Мінез-құлық индивидтің қабылдау еңбегі болып табылады, ол өз алдында феноменологиялы: индивидтің психологиялық шынайы өмірі - бұл жалпы объективті өмір емес, оның мінез- құлық жағдайындағы субъективті қабылдауының нәтижесі.
2. Индивидтің орталық, интеграциялайтын феноменалды жазықтығының нүктесі - «Мен -Концепциясы» оның маңайында қабылдаудың барлық бейнелері қалыптасады.
3. «Мен - Концепциясы» бір мезгілде қабылдау жемісі және де әлеуметтік мәдени ортадан алынған құндылықтары бар ұғымдарының жиынтығы болып табылады.
4. «Мен - Концепциясы» құрылуымен мінез - құлық оған толығымен бағына бастайды.
5.«Мен - Концепциясы» уақытпен жэне жағдайлық контекспен санасады, бұл оның болжамдық құндылығы болып табылады.
6.Басқа адамдардың оңды қатынасын қажетсіну «Мен Концепциясының» құрылуымен параллельді жүреді. Өзіне деген оңды көзқарасты қажетсіну басқа адамдардың өзін оңды бағалау
тәжірибесін игеру арқылы қалыптасады.
7.Нақты өтіп жатқан өмір тәжірибесі мен «Мен Концепциясы» арасындағы қайшылықтарға қарсы түрлі қорғаны стратегиялары қолданылады.
8.Адамның негізгі маңызды мотивациялық түрткісі – өзіңді актуализациялануға деген қажеттілік, өзінің «Мен Концепцияларының» құндылықтарынжоғарылату және жоғалтпау.
Аксиология (грек, axios — құңды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — «Игілік деген не?» деген сұрақты алғашқы болып қойған Сорат екенін білеміз. Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтар — қасиеттер. Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді.Олар бізге бала кезден,ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Жалтырағанның бәрі алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу.Құндылықтар әр адам үшін әрт түрлі болады. Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады. Петракова құндылықтарды үш түрге бөледі: табиғи, жүре пайда болатын және абсалюттік. Табиғи және жүре пайда болатын құндылықтар тәрбие жүзінде адам бойында қалыптасады. Ал, абсалюттік- уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор мәңгілік құндылықтар. Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында тумысынан болады. Әр адамда рух бар. Рух болмаса, дене жоқ. Рух дегеніміз жалпыадамзаттық құндылықтардың жиынтығы. Табиғи құндылықтар мен жүре пайда болатын құндылықтар жалпыадамзаттық құндылықтарды жоя бастайды. Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.
Адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіліп, өзін-өзі басқару негізінде рухани-адамгершілік әлеуетті көтеру болып табылады. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелей аламыз. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева: « Өзін-өзі тану» пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді деп атап айтқан болатын. Бұл оймен мен де толықтай келісемін. Және бүгінгі таңда жас ұрпақты рухани адамгершілік білімнің нәрімен сусындатып, әр баланың, әр адамның жүрегіне ізгілік нұрын құйып, тәрбие саласында қызмет етіп жүргеніме өзімді бақытты сезінемін. Тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесінде бүгінгі күнді ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. «Өзін- өзі тану әлемінде» әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан -жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, өз жерін, өз тілін, өз отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелейтініміз сөзсіз.
Тұлғаның дамуында әлеуметтенудің маңызы да ерекше зор. Әлеуметтену ұғым ретінде адамның қоғаммен өзара әсерлесуін сипаттайды. Ал әлеуметтену ұғымының толық мағынасы екі бағыттағы көз-қарастар негізінде түсіндіріледі. Бірінші бағыттағы американ әлеуметтанушылары (Т.Парсонс, Р.Мертон) әлеуметтенудің мағынасын биологиядағы «ағзаның орта жағдайларына бейімделуі» идеясына сәйкес әлеуметтік факторларға байланысты анықталатын бейімделуі деп қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |