Идентификация, қазақша «теңестіру», «ұқсастыру» ұғымдарына жақын, яғни өзіңді басқа адаммен теңестіру, өзіңді сол адамның орнына қою. Идентификация басқа адамның құндылықтар нормасы, мінез-құлқы, талғамдары мен дағдылары игеріледі. Әсіресе, жеткіншектік кезеңде оның мәні зор. Көптеген зерттеулерде идентификацияның оған жақын ұғым эмпатиямен тығыз байланысты екені анықталған. Эмпатияны басқа адамды сезіну, оның эмоциялық жағы басым, егер идентификацияда басқаның «проблемасы» «ойналынса», эмпатияда «сезініледі». Екеуіде де басқаның орнына қоя білу көрінеді, бірақ бастапқысында өзін партнермен теңестіру қажет емес, өз пікірі болуы мүмкін, дегенмен басқаның проблемасын сезіну іске асырылады.
Эмпатия-басқаның қуаныш-сүйініштерін дұрыс сезіне білу қасиеті. Қарым-қатынас жасаудағы эмпатияның болуы психолог, педагог, әлеументтік қызметкердің кәсіби маңызды қасиеттерінің бірі.
Перцептивтік қарым-қатынас. Перцептивтік қарым-қатынас — адамның парапар қабылдауы, оның ішкі дүниесіне бойлау, әрбір жеке сәтінде оның психикалық жағдайын сезіну дағдысы, оның тәртіп себебін түсіну дағдысы. Мұғалім өзінің перцептивтік қарым-қатынас қабілеттерін ұдайы дамытуы қажет. Фатикалық қарым-қатынас. Фатикалық қарым-қатынас (латыншы: fatuus - ақымақ) - қарым-қатынас үрдісі үшін ғана мазмұнсыз қарым-қатынас. Қарым-қатынастың жетекші түрі.Қарым-қатынастың жетекші түрі - осы немесе өзге жас кезеңінде болатын қарым-қатынас түрі, бұл арқылы тұлға дамуының осы сатысына сәйкес негізгі тұлғалық қасиеттер қалыптасады.
Қарым-қатынас психологиясы адамдардың бірлескен іс-əрекеттегі бірін-бірі қабылдауы жəне түсінуі; еліктеуі, иландыруы мен сенімі; ұйымшылдық пен қақтығысқа түсушілігі; бірігіп əрекет ету мен тұлғааралық қатынастар сияқты құбылыстарды зерттейтін сала. Бұл психологиялық құбылыстардың алуан түрлі болуына қарамастан, олардың пайда болуының негізгі көзі – адамдар арасындағы қатынас аймағы.
Қарым-қатынас мəселесінің концептуалды негіздері туралы кеңес ғалымдары В.М. Бехтерев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, Б.Г. Ананьев, М.М. Бахтина, В.Н. Мясищева жəне т.б. қарым-қатынасты адамның психикалық дамуының, əлеуметтенуі жəне индивидуализациялануының, тұлға қалыптасуының маңызды шарты ретінде қарастырды.
Қарым-қатынас мəселесіне мəдени-тарихи психологияның негізін салушы Л.С. Выготский баға жетпес үлес қосты. Қарым-қатынастың тұлға санасына қайта жасалу механизмдерін түсіну Л.С. Выготскийдің ойлау мен сөйлеу мəселесін зерттеу барысында ашылады. Оның зерттеулерінде қарастырылатын қарым-қатынастың тұлға санасында мəдени аспект ретінде тасымалдануының мəдени-тарихи мəнін В.С. Библер нақты былай дейді: «Əлеуметтік байланыстардың терең санаға ену процесі (Выготскийдің ішкі сөйлеудің қалыптасуын талдауы) – логикалық жоспарда – ашық жəне қатысты «мəдениет бейнелерінің» дербестілігінің, оның дайын феномендерінің ойлау мəдениетіне айналуы. Əлеуметтік байланыстар ішкі сөйлеуге еніп қоймай, онда олар түбегейлі қайта жасалады, əлі жүзеге асырылмаған жаңа мəнге, сыртқы əрекетке жаңа бағытқа ие болады».
Ең алдымен, бұл – бірлескен іс-əрекеттегі тұлғаның басқа адамдармен қарым-қатынасында қалыптастыру жəне танымдық қабілетін дамыту деңгейі ретінде түсіну (Л.А. Кидрон, 1981, Ю.М. Жуков, Л.А. Петровская, П.В. Растянников, 1990 жəне т.б.). Екіншіден, көптеген еңбектерде бұл қабілеттіліктің тұлғаның жеке қасиеттерімен, атап айтқанда, қарым-қатынасқа деген қажеттілігімен, өзіне деген сенімділігімен жəне өзіне-өзі баға берушілігімен байланысын көрсету
Достарыңызбен бөлісу: |