13 тақырып. Әлеуметтік- психологиялық конфликт түсінігі және құрылымы
Жоспары:
1.Әлеуметтік конфликтілердің табиғаты және шығу себептері
2.Психологиялық конфликтілердің түрлері
3.Конфликтінің функциялары мен зардаптары
Әлеуметтік конфликт (лат. conflictus - «соғысу») - қоғамдағы диалектикалық қайшылықтар дамуының ең жоғарғы сатысы, ол әлеуметтік қауым және индивидтердің мүдделерінің қарама-қарсы тенденциялардың үдеуімен сипатталады. Әлеуметтік конфликт түрлері, интенсивтігі мен оның шиеленісуінің дамуы экономикалық, саяси, идеологиялық факторлерге тәуелді, бұқара халықтың қоғамның даму заңдарын түсінуі мен бостандығынын даму дәрежесімен тікелей байланысты. Әлеуметтік конфликт ұғымы кең және тар мағнада қолданылады. Кең мәнінде өндіргіш күштер мен өндіріс қатынастар арасындағы дау әлеуметтік конфликтің басқа түрлерін анықтайды, соның ішінде барлық қанаушы формацияларға тән әлеуметтік конфликтің ерекше түрі таптық күрес болып саналады. Ал тар мағна тұрғысынан қарасақ, онда таптық күрес түбегейлі ұғым болса әлеуметтік конфликт сол ұғымға енеді және соған тәуелді болады. Осы тұрғыдан қарасақ, таптық күрестің қозғаушы күші болып таптар, ал әлеуметтік конфликтің қоздырушы күші соларды құраушы әлеуметтік топтар, жіктер және индивидтер болып табылады.
Конфликтология қоғамдық өмірдің әр сферасында пайда болатын конфликтілердің себептерін, мәнін, динамикасы мен формаларын зерттеп, алдын-ала ескерту мен шешу жолдарын қарастыратын, қажетті деңгейде дамыған, көпсалалы дисциплинасымен ерекшеленетін ғылым саласы. Оның зерттеу объектісі - конфликт барлық формасында, ал зерттеу пәні - кез-келген әлеуметтік конфликтінің пайда болуы, дамуы мен аяқталуы туралы ой толғау.
«Өмір сүру - күресу деген сөз» Сенека
Конфликт - күрделі және көпсалалы әлеуметтік феномен болып табылады. Мұнда бірнеше тараптан бір немесе бірнеше ортақ қызығушылықтармен біріккен қатысушылар болады: индивидтер, әлеуметтік топтар, ұлттық-этникалық топтар, мемлекеттер, мемлекеттер тобы. Конфликттер әр түрлі себептерге және мотивтерге байланысты болады, мысалы: психологиялық, экономикалық, саяси, құндылықты, діни және тағы да басқа. Онымен қоса әрбір тұлға іштей қарама-қайшылықтар мен стресстерге жақын келетінін де ескеруіміз керек. Мысалы, бірнәрсені бар ынтаңмен қалай тұра, олай жасауға болмайтын жағдайлар кімде болмайды? немесе жаңадан бастап өз ісіңмен айналысқың келеді, бірақ, барыңнан айрылып қалмаймын ба? немесе қолымнан келмей қалмайды ма? деген қорқыныш кімде болмайды? Маңыздылығы бойынша екі бірдей құндылықтың біреуін таңдау керек болады т.б.
Конфликттердің осындай негіздерінің, формаларының, кезеңдерінің, мақсаттарының көптүрлілігі әсерінен конфликт түсінігі мен оның типологиясын анықтауда қиындықтар туындайды.
«Конфликт - қызығушылықтары (қажеттіліктері, мақсаттары, идеалдары, түсініктері) мен көзқарастары қарама-қайшы келетін субъектілердің қатынасы әсерінен туындайтын әлеуметтік құбылыс»
Конфликтінің мәнін түсіну үшін оның пайда болу жағдайлары мен ерекшеліктерін анықтап алу керек. Конфликт әрқашан өзара қарама-қайшы келетін қызығушылықтар мен көзқарастардың әсерінен пайда болады. Конфликтінің пайда болуына әсер ететін жағдайлардың қатарына қарама-қайшылықтарды жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |