1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары


Дәріс №9 Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы



бет32/58
Дата12.12.2021
өлшемі0,61 Mb.
#99801
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58
Байланысты:
Мәдениет Ағай лекция

Дәріс №9 Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы
1.Қарым-қатынас түсінігі, түрлері, формалары

2.Тұлғааралық қарым-қатынас сипаттамалары

3.Қарым-қатынас стильдері, көшбасшылық, жетекшілік

Адам қоғамнан тыс өмiр сүре алмайды. Өйткенi оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесiнде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгiлi мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмiрiнiң болуы мүмкiн емес.

Кез-келген адам дүниеге келiсiмен екiншi бiр адаммен қарым-қатынасқа түсудi қажетсiнедi. Мәселен, нәрестенiң анасымен "тiлдесу" қажетiн қанағаттандырмау - бiртiндеп оның қасаң сезiмдi, мейiрiмсiз болып өсуiне, кiшкентайынан айналасына деген сезiмiнiң азаюына әкелiп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтiп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу - қай жастағыларға болмасын, оған киiм-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай бiлу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау - жазаның ең ауыр түрi екендiгiне шүбә келтiруге болмайды. Өзгелермен қарым-қатынас жасау - бұл тiршiлiкке аса маңызды ақпарат (хабар) алмасу деген сөз. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлiмет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлi құндылықтарды меңгередi. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейдi, оның шеңберi аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, телефонмен хабарлассақ та, дос-жарандармен сөйлессек те - осының бәрi - қарым-қатынастың сан алуан қырлары. Өмiрдегi сан алуан тыныс-тiршiлiкте адамдар бiр-бiрiмен тiкелей, жүзбе-жүз не жанама (хат жүзiнде, радио, теледидар арқылы), не бiреу арқылы қарым-қатынасқа түседi. Мәселен, мұның тiкелей "бетпе-бет", телефон арқылы сияқты түрлерiнде қаншама жанды жылытатын, немесе суытатын ерекше қуат бар десеңiзшi!

Осындай қарым-қатынастың мән-мағынасы, олардың түрлi көрiнiстерi жеке адамдармен топтық ұйымдардың тiршiлiгiнен жақсы байқалып отырады.

Қарым-қатынас құрылымы және функциялары. Қарым-қатынас — бір адамның басқа адамдармен қоғам мүшесі ретінде өзара әрекеттесуінің арнайы формасы. Қарым-қатынас формасында адамдардың әлеуметтік байланысы, бір-біріне деген қарым-қатынасы жүзеге асады.

Қарым-қатынастың өзара байланысты 3 жағы бар:



  1. Коммуникациялық - адамдардың өзара ақпарат алмасуы;

  2. Интерактивті - адамдардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру;

  3. Перцептивті - адамдардың бір-бірін қабылдауы және соның негізінде өзара түсінушіліктің орнауы.

Қарым-қатынас барысында келесі кезеңдер бөлінеді:

  1. қарым-қатынасқа түсу қажеттігі адамды басқа адамдармен байланысқа түсуге итермелейді;

  2. қарым-қатынас жағдайы мен мақсатына бағдарлану;

  3. өзімен қарым-қатынасқа түсетін адамның тұлғасын бағдарлау;

  4. өз мәліметінің мазмұнын жоспарлау, яғни адамның не айтатыны туралы ойлауы;

  5. айтатын нақты сөздерін тандау, қалай айтатынын және өзін қалай ұстайтынын ойластыру;

  6. өзімен қарым-қатынасқа түсетін адамның жауап қайтаруын қабылдау және оған баға беру, кері байланыс негізінде қарым-қатынас тиімділігін бақылау;

  7. қарым-қатынастың тәсілдерін, стилін, бағытын өндеу.

Егер қарым-қатынастың осы актілерінің біреуі бұзылса, онда адам күткен нәтижесіне жете алмайды, яғни қарым-қатынас тиімді дамымайды. Ал осы актілердің бәрін дұрыс орындай білу қабілеттері "әлеуметтік интеллект", "психологиялық-практикалық ақыл", "коммуникативті компоненттілік", "ашық мінезділік", "қарым-қатынасқа тез түсушілік" деп аталады.

Коммуникативті компоненттілік. Коммуникация - өзара түсінушілікке әкелетін екі жақты ақпарат алмасу процесі. Егер адамдар өзара түсінушілікке келмесе, онда коммуникация орындалмаған болып табылады. Коммуникацияның сәтті болуы үшін адамдардың сізді түсінгені, сізді қалай қабылдағаны және мәселеге қалай қарайтыны

Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.

Қарым-қатынас негізі екі канал арқылы жүзеге асады: тілдік (вербалды) және тілдік емес (вербалды емес) қарым-қатынас каналдары. Сөйлеу тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол ақпараттың қайнар көзі, басқа адамға әсер етудің тәсілі.

Тілдік қарым-қатынас құрылымына мыналар жатады: 1) сөздердің мәні мен мағынасы - сөздерді нақты, дұрыс айту сөилемдерді дұрыс құру;

2)тілдегі дыбыстық құбылыстар - сөйлеудің темпі, ритмі интонациясы, дикциясы, дауыстың жоғары-төмендігі, әуезділігі.

3) дауыс шығару көріністері - қарым-қатынас барысында пайда болатын арнайы дыбыстар.Мысалы, күлу, жылау, сыбырлау, күресу, "хм-хм", "эх", "ах", т.б. сөздердегі дыбыстар.

Тілдік емес қарым-қатынасты зерттейтін ғылымдар:

1.Кинестика адамдардың эмоциялары мен сезімдерінің сыртқы көріністерін зерттейді:

а) Мимика бет-әлпеттің бұлшық ет қозғалыстарын зерттейді;

ә) Жестика дененің жеке бөліктерінің қозғалыстарын зерттейді;



б)Пантомимика дененің бүкіл моторикасын: жүріс-тұрыс, еңкею, қисаю, т.б. қалыптарын зерттейді; '

2.Таксика қарым-қатынас барысындағы қол алмасып амандасу, беттен сүю, құшақтау, сипау, т.б. денеге тию әрекеттерін зерттейді.

3.Проксемика қарым-қатынас барысында адамдардың кеңістікте орналасуын зерттейді.

Адамдардың өзара байланысында келесі арақашықтық зоналары белгіленеді:



  1. Кәсіби - адамның көзі басқа адамның маңдайына бағытталады, бұл қарым-қатынастың жақсы атмосферасының орнауына әсерін тигізеді;

  2. Ауқатты қауым — адамның көзі басқа адамның көзінен төмен ерінге дейінгі жерге бағытталады;

  3. Интимді - адамның көзі басқа адамның көзіне емес, бетінен төмен кеудесіне дейін бағытталады.

Көз, қас, маңдай, мұрын, ауыз, ерін, иек адамның негізгі эмоцияларын көрсетеді: қуану, қайғыру, қорқу, мұңаю, таң қалу, қызығу, т.б. Адамның нағыз сезімін байқауда ерін мен қастың маңызы зор. Ым-ишара қарым-қатынас барысында көп ақпарат береді.

Жеке адамаралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж. Морено (1958) ұсынған социометрия әдісі кең қолданылады. Социометрия негізінде нақты іс-әрекет кезіндегі шағын топтың қарым-қатынасын (жақтыру, жақтырмау) анықтауға болады. Дегенмен, топты толық зерттеу үшін тек социометрия әдісі жеткіліксіз болып табылады.

Кеңестік психологияда қарым-қатынасты, бір жағынан, іс-әрекеттің бір түрі, екіншіден, іс-әрекеттің өзіндік көрінісі деген ұғымда қолдану басым. Қарым-қатынастың іс-әрекетке кіріктірілуі оған қатысушылардың әрекеттерін «үйлестіріп» немесе «үйлестірмей» іске асырады. Мұндай үйлестірушілік қарым-қатынастың ерекше әсер етушілік функциясымен байланысты.

Психология және педагогика ғылымындағы зерттеу жұмыстарына сүйенетін болсақ, қарым-қатынастың төмендегі бірнеше стилдерін атап өтуге болады:

- авторитарлық стиль;

- өктемдік стиль;

- демократиялық стиль;

- дистанциялық стиль;

- немқұрайлық стиль;

- ойнақы-қалжыңға негізделген стиль;

- аралас стиль.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет