ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Тренингтік жұмыс технологиялары»



бет1/10
Дата25.12.2016
өлшемі1,07 Mb.
#5096
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.1.18.19-2013



«Тренингтік жұмыс технологиялары» пәні бойынша

оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы




05.09.13. жылғы № 1 басылым




ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Тренингтік жұмыс технологиялары»

5В010300-«Педагогика және психология»

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей – 2013ж.
Мазмұны:

  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық және лабораториялық сабақтар

  4. Студенттің өздік жұмысы


1. ГЛОССАРИЙ

Ақыл-ой және өзіндік сфераны үндестіру принципі. Тренинг үшін бір жағынан үлкен эмоционалды күш сипат, топта өтіп жатқан жағдай қатынасушыларда шын қобалжуларын тудырады. Бұл оларды ашықтыққа итермелейді. Серігіне сенуге, бір-біріне деген қарым-қатынастарының адамгершілікті болуын тренинг, ақыл-ойды белсендендіреді – жағдайды талдау.

Аутогендік вербальдану. Мидың дұрыс жұмыс істеуіне кедергі кеттіретін «материал» өзі шығады. Көзін жұмып, пациент өзін қиналдырған мәселе туралы айтады.

Аутогендік жаттығу (грекшеден аударғанда autos - өзім, genos- шығу) мағынаны білдіреді. Әдістеменің негізгі элементтері бұлшық ет релаксациялары, өзін сендіру, өзін тәрбиелеу (аутодидактика).Аутогендік жаттығуды емдеу әдісі ретінде неыроздарды емдеу үшін Шульц 1932 жылы ұсынды.

Аутогендік тазару. Психикалық жарақат себебі болып табылатын жағдайды «қайталау» тәсілі.

Әдіс – көздеген мақсатқа жетудің біріңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану – жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты.

Әдіснама – 1)ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты өзгеріске түсіру.

Әдістемелік тренинг – келісім процесі тренингі, басқару персоналдар үшін тренинг.

Әлеуметтік психологиялық тренинг- топтық жұмыстық белсенді әдістеріне негізделе отырып психологиялық әсер ету.

Әлеуметтік-психологиялық тренинг – практикалық психологияның белсенді әдістері.

Әңгіме – 1)ақыл белсенділігін арттыруға бағытталған оқыту, тәрбие әдістерінің бірі. Оқушы әңгімелесу барысында мұғалім мен жолдастарының қойған сұрақтарына жауап бере отырып, өтілген материалды қайталап, бекітеді және білімін толықтырады; 2) вербальдық (сөйлеу) қарым – қатынас негізінде ақпарат алу әдісі.

Бақылау - белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өту ерекшеліктерін, оларда тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының көрінуінің, алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркеп отыру. Б.ә.тұтас және іріктеме, қосылымды және жай, бақыланатын және бақылауға келмейтін, далалық және лабораториялық және т.б. түрлерге бөлінеді.

Батыру принципі. Сабақтың өткізілетін уақыты жұмыс бастамас бұрын анықталып алынуы керек. Әлеуметтік-психологиялық тренинг өткізудегі тәжірибе мынандай қорытынды жасауға негіз береді: көп уақытты талап ететін жұмыс көп нәтиже береді – батыру – 3-4 сағат, бір сабаққа. Аптасына сабақты бір рет өткізу керек.

Биологиялық кері байланыс. Бұл әдістің негізіне сыртқы кері байланыс жүйесін пайдаланумен ырықсыз қызметтерін өзіндік басқарудың принципі жатады. Биологиялық кері байланыс әдісі индивидтің физиологиялық күй туралы мәлімет алу сол үшін негізгі көз болып табылғанда пайдаланылады;

Мінез-құлық тренингі. Мінез-құлықтық психотерапия идеяларына негізделеді, оның мақсаты күрделі өмір жағдайларында керекті, бейімделу іскерліктеріне оқыту болып табылады.

Бос кеңістік принципі. Сабақ өтетін бөлмеде кең қозғалуға дөңгеленіп отырғанға, 3-5 адамнан микротоп құрғанға, жекеленуге жағдай жасалуы керек.

Білім берудегі мониторингі – білім беруде үнемі белгілі бір процесті оның қалаған нәтижесімен немесе бірінші болжамымен сәйкес келуінің айқындалуы мақсатпен бақылау;

Гештальт терапия – американ психологы, психотерапевт Перлс жасаған. Адам өзімен және қоршаған дүниемен тепе-теңдікте. Оны гормонияны сақтау үшін организм қажеттіліктеріне назар аудару керек, олардың жүзеге асуымен кедергі жасамау керек. Өз өзіңмен болу, өз «Менін» іске асыру, өз қажеттіліктерін, бейімділік, қабілеттерін жүзеге асыру.

Гештальт-топтары. Олар психоталдау, экзистенционалдық философия, гештальт-психология және В.Райхтың теориясы негізінде әзірленді.

Дамудың оптимистік принципі - жүргізуші диагностика және белгілі бір психикалық күйді түзету жолдарын көрсетіп қана қоймайды, ол ол тренингке белсенді түрде қатынасады, жағдайды өзгерту үшін түрлі жаттығулар қолданылады.

Жеке адамның дамуын ынталандыратын тренингтер - әр түрлі теориялық негіздері бар және жеке адамның жеке бір қасиетін дамытуға бағытталған тренингтік сабақтар жатады (өзін-өі түсіну, әлеуметтік перцепция дағдылары, мағынаны түйсіну т.б.).

Жеке тұлға – индивидті әлеуметтік қатынастарға араласуының әр қырынан сипаттайтын әлеуметтік маңызды бітістердің тұрақты жүйесі.

Зерттеулік (шығармашылық) ұстанымы - Бұл ұстанымның маңыздылығы тренинг барысында топ мүшелері психологияда белгілі ойлар мен заңдылықтарды сезініп, анықтап, ашумен қатар, өзінің бойындағы жеке мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерін де сезіне түсетіндігінде болмақ.

Инновациялық процесс – жаңа технологияларды, жаңалықтарды енгізуге бағытталған шаралар комплексі;

Интеграция – жеке дифференцияланған бөліктердің байланысқан қалпы және жүйенің тұтастық қызметі;

Кәсіптік бағдарлану- әрбір тұлғаның индивидумдық мүдделері мен еңбек рыногының қажетсінуін есепке ала отырып халыққа кәсіп таңдауда, іріктеуде не кәсіп ауыстыруда көмектесуді қамтамасыз ететін отбасының, оқу орындарының, мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың ақпараттық және ұйымдастырушылық-практикалық іс-әрекеті.

Қарым-қатынас – жалпы материалды және рухани нәтижеге жету және қатынас орнату мақсатында олардың күштерін біріктіру және келісімге бағытталған адамдардың өзара әрекеттесуі;

Қарым-қатынасты диалогтау принципі. Топ сабақтарында бір-бірімен қарым-қатынастарында теңдік, қатынасушылардың бір-бірін сыйлауы, құрметтеуі, бір-біріне толық сенімділіктері.

Қалыптасу – адам тұлғасының дамуында немесе оның жеке қасиеттеріндегі белгілі бір фактордың әсер етуінен болатын өзгерістер.

Қалыптастыру – яғни, адамның өмір сүру әрекетін ұйымдастыру, тәрбие мен білім беруді жүзеге асыру, тұлғаның бойында белгілі бір қасиетті дамтуға ықпал ету.

Мақсат – күткен нәтиженің түсінілген бейнесі, оған жетуге адамның әрекеті бағытталған;

Медитативтті техникалар.Медитацияның  бастапқы түсінігі –  бұл өзіндік Меннің орталығына жақындауға мүмкіндік беретін және осыған орай  өзойларының мазмұнына жауапкершілік  алуға мүмкіндік беретін рухани тәжірибелер жүйесі.

Мониторинг – тексеру, бақылау, қадағалау;

Негізгі компетентілік – жеке тәжірибеге кіретін білім, іскерлік, дағды, қабілеттердің амбебап жүйесі немесе жиыны, ол қандай да бір өмірлік мәселелер немесе жағдайларда шешуде іс-әрекет жемістігі немесе сапасын қамтамасыз етуі;

Оқыту – оқушыға нақты білім, дағды және іскерлікті үйрету мақсатындағы мақсатты бағытталған және жүйелі өзара әрекет;

Оқыту тренингтері – мамандыққа керек дағдыларды жетілдіруге бағытталған, онда шешуші фактор – қарым-қатынастық тиімділігі. Мұндай тренинг нақты топтың ұсынысымен қалыптасады. Мысалы: лабораториялық тренинг – психотерапевтер үшін, пациенттермен жұмыс дағдысын жасауға бағытталған.

Оқытудың жекеленуі – баланың жекелей ерекшелігін ескере отырып, оқыту процесін ұйымдастыру. Оқытудың жалпы мазмұны мен міндеттері аумағында ұжымдық оқыту жұмысы жағдайында жүзеге асырылады. Әрбір баланың потенциалды мүмкіндіктерді жүзеге асыруға жағымды шарттарды құруды мүмкіндік береді;

Оңашаланғандық принципі. Қатынасушылардың оларды ешкім тыңдап тұрмағанына толық сенімділігі –сөзсіз талап болып табылады. Егер жүргізушіге сабақты аудио немесе видео жазу жүргізу қажет болса, ол топтың барлық мүшелерінің келісімін алуы керек.

Өз еркімен қатысу принципі. Бұл барлық тренингте, жекелеген сабақтарда, жаттығуларда ескеріледі. Топ жұмысының барысында өз жеке басында болатын өзгерістерге қатынасушының шынайы ішкі қызығушылығы болуы қажет.

Өзіндік баға – адамның өзін-өзі, өзінің кемшіліктерімен және жетістіктерімен, мүмкіндіктерін, қасиеттерін, басқа адамдар арасындағы өзінің орнын бағалау;

Өзіндік диагностика принципі -қатысушылардың өзін ашуы, өзінің жекелей маңызды мәселелерін осылар арқылы түсіну және қортындылау.

Педагог компетенттілігі – маманның өзінің педагогикалық және тұлғалық потенциалын жүзеге асыру дәрежесі, оның іс-әрекетінің талдауы және бағасы критериі ретінде;

Педагогикалық процесс - өсіп келе жатқан ұрпақты білімді, мәдениетті, жан-жақты дамыған адамдар қылып даярлау мақсатындағы тәрбиелеу мен оқыту процесі;

Педагогикалық тренинг – оқыту сапасын арттыруда студенттің білік пен дағдысын қалыпсатыру мен жетілдіруді көздейтін жоспарлы бағдарламамен жүргізілетін әр түрлі жаттығулар жүйесі.

Психодрама – Морено жасаған. Топтық психотерапия әдісі – рөлдік ойын сияқты, ойын барысында пациент үшін маңызды мәселемен байланысты эмоция, сезімдер аяқ астынан көрінетіндей жағдай жасау арқылы өтеді.

Психологиялық тренинг дегеніміз– топтық жұмыстың белсенді әдісіне негізделе отырып, психологиялық әсер ету.

Психожаттығу. Сөздің көмегінсіз қарым-қатынас жасап, топтың мүшелері өздерін көрсететін қосымша әдісті білдіреді.

Рефлексия – адамның өзін-өзі, ішкі психикалыө актісін, жағдайы мен ерекшелігін, өзінің ішкі әлемін тану процесі, өзі қалай басқаға қабылдануын түсіну және өзінің мінез-құлқын басқалардың мүмкін реакцияларынмен құру;

Тәрбие – тұлғаның дамуына әсер ететін арнайы ұйымдастырылған және басқарылатын процесс;

Тәрбие және оқыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім – тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі . Тәлімдік әдістерге байқау және қателік; жобалау әдісі,рейтинг әдісі,басқару әдісі және т.б. жатады.

Технология (педагогикалық) – 1) педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру формасы, педагогикалық шараларды жүзеге асырудың құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы; 2) алдын ала жобаланған оқу-тәрбиелеу процесін практикаға жүйелі және бірізді енгізу;

3) практикада жүзеге асатын белгілі бір педагогикалық жүйе жобасы;



Топ мүшелерінің тұрақтылығы принципі. Топ мүшелерінің құрамы тұрақты болуы керек. әрбір сабақ сайын жеке адамдардың келуі нәтижені өзгертеді.

Топтық динамика түсінігіне негізгі бес элемент кіреді: Топтың мақсаты.Топтың нормасы.Топтың құрылымы және лидер мәселесі.Топтың бірлігі.Топтың даму фазалары.

Топтың негізгі гуманистік идеясы – адамды қыстамау, зорлық-зомбылық көрсетпеу, оған өзімен-өзі болуына, өзін тауып және жақсы көру, қуанышты өмір сүруге кедергі жасайтын стереотиптерді жеңуге көмектесу.

Т-топтар (тренинг-топтар) – адамгершілік қарым-қатынастардың тренингі топтары, алғашқылары 1946 жылы ұйымдасқан болатын.

Трансакт анализ – негізін салушы американ психиатры Берн. Оның концепциясы бойынша адам «алдын ала шешімдермен» бағдарламаланған. Ол өз өмірін «сценарий» бойынша сүреді, оның жақындары, ата-аналарымен жазылған. Негізгі мақсат - өмірлік позицияларын қайта қарау.

Тренинг – арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы, онда психологиялық көмек және қолдау, араласушылық дағдыларының қалыптасуы, жеке тұлғаның дамуының ерекшеліктері жайлы сұрақтар шешіледі.

Тренинг – жаттықтыру, жаттығу/ ағылшын сөзі.Тренингтер - өзін-өзі басқару дағдыларын дамытуға бағытталған, араласушылық тренингтер, жеке адам дамуын ынталандыратын тренингтер, оқыту тренингі.

Тренинг – қалыптасқан стереотиптерді және жекелей мәселелрді шешеді.

Тренингтің мақсаты – жеке тұлғаны анықтау.

Тренингтің негізгі гуманистік идеясы – адамды қыстамау, зорлық-зомбылық көрсетпеу, оған өзімен-өзі болуына, өзін тауып және жақсы көру, қуанышты өмір сүруге кедергі жасайтын стереотиптерді жеңуге көмектесу.

Тұлғалық -бағдарланған білім беру процесі - әрбір адамның жекелігін, өзіндік бағасын, өзіндік тұрмысын қабылдау негізіне жататын оқыту;

Үнемі «кері байланыс» принципі. Тренинг барысында қатысушының өз әрекеті нәтижесі туралы топтың басқа мүшелерінен хабарды үздіксіз алып отырды. «Кері байланыстың» арқасында адам өзінің мінез-құлқын түзете алады, нәтижесіз қарым-қатынас тәсілдерін жаңа мен алмастырады, оны қоршағандарға әсер ету арқылы тексеру.

Эксперт – ақпарат, кеңес береді; теория мен техниканы жақсы біледі.
2.« Тренингтік жұмыс технологиялары» пәнінің дәрістік материалдары.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет