Тақырып: Педагогикалық тренинг бойынша сабақ құрылымы. / 1 сағат
Мақсаты: Педагогикалық тренинг бойынша сабақ құрылымымен таныстыру.
Жоспар:
1.Алғашқы кезең-разминка.
2.Сабақтың негізгі кезеңі.
3.Қорытынды кезең.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: Педагогикалық тренинг бойынша сабақ құрылымындағы кезеңдермен таныстырып, әр кезеңнің ерекшеліктеріне тоқталу.
Тақырыптың негізгі ұғымдары:презентация, рефлексия, кәсіби жағдайлар.
Әдебиеттер:
1.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.
2. Самаукина Н.В. Игры которые играют. Дубна 1996.
3. Козлов Н.И. Лучшие психологические игры и упражнения М:1997.
3.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.
4.Кан-Калик В.А. Тренинг профиссионально-педагогического общения. М:1990.
Тақырып: Топты жүргізу психотехникасы./ 1 сағат Мақсаты: Топты жүргізу психотехникасы туралы түсінік қалыптастыру.
Жоспар:
1.Топты басқару.
2.Топтық сабақ мазмұнын құру.
3.Топты психологиялық белсендендіру.
Ең басты назар аудару керек нарсе - ол тренинг топтың құрылуына. Бұл топтық құрылудың екі түрі бар : «құрама» топтық ұйым, яғни мұнда қатысушы мамандар әртүрлі мекеме, ұйымдардан келгендер немесе бір ұжымдағы адамдар қатысады, мысалы бір мектепте жұмыс істейтейтіндер. Екі түрлі топпен де жүргізілген жұмыс тәжірибесі бойынша, екінші топ тренингтің нәтижесінің тұрақтылығы, келесі бірлескен жұмыстың тиімділігін көтеру, инновациялық технологияларды енгізу жоспары бойынша тиімді болып келеді. Егер тренингке бір мекемеден бір адам қатысатын болса, өз потенциалын ғана жүзеге асыруға тырысады да, онда пайда болған өзгерістер өз мекемесінде қалыптасқан нормалармен және құндылықтармен сәйкес келмелей, кәсіби өзін-өзі дамытуы қиынға соғады.
Керісінше, психологиялық тренингке бір мекеменің қызметкерлерінен құрылған топ қатысса, ол өз ұжымында жаналық енгізудің инициаторы және мекемеде өзгерістер енгізуге қабілетті қызметкер бола алады. Сондықтан, қалыптасып қойған кәсіби ұжыммен тренинг жүргізген тиімді. Тренингтік жұмысты ұйымның әкімшілік қызметкерлерінен, басшылармен, директорлармен бастаған жөн. Бұл жұмыстың мақсаты басшылардың қызметкерлерімен психологиялық жұмыстың жаңа формасын қабылдауына мотивациялар тудыру.
Сабақ өткізілетін орын дыбысты сыртқа шығармайтын және бөтен адам жұмысқа кездейсоқ кедергі келтірмейтін жерде орналасуы керек. Сабақ 10-12 сағатқа созылуы мүмкін болғандықтан, кабинетте кең, ыңғайлы болуы керек және желдетіліп отыруы қажет. Қатысушыларға ыңғайлы және жеңіл орындықтармен қатар, кабинетте үлкен парақтарынмен планшет (жүргізуші оған фломастермен бірдеңе жазуы немесе сурет салуы мүмкін), видеомагнитофон мен теледидар болуы керек. Кабинеттегі кеңістік кең болып, қатысушылардың шеңбері кабинеттің жартысын алып, ал қалған жартысында маттар мен кілем жайылып жатса ыңғайлы болады (медитация немесе денелік терапия жаттығуларын жасағанда ыңғайлы).
Жұмыс барысында бір жарым сағат сайын 10 минут үзіліс жасалады. Екі сағаттық түскі асқа үзіліс болуы да мүмкін.
Тренинг жұмыстарын, топтағы қатысып отырған адамдарың жұмыс орындарында емес, арнайы даярланған мекемеде өткізгені дұрыс. Тренингті қала сыртындағы санаторияда, пансионаттарда өткізуге болады. Егер де тренинг 5-6 күнге созылса қатысушылар онда тек қана өмір сүріп, тамақтанып қана қоймайды, сонымен қатар дем алып, спортпен айналысады. Марафондық-тренинг уақытында үйге түнеуге бармаған жөн. Үйге кету – теренингтағы атмосферадан және контекстан «құлау» болып табылады. Соның әсерінен топтағы динамика тежелуі мүмкін. Егер қатысушы құпиялық принципті сақтамай топтпғы болып жатған нәрселерді үйдегілеріне айтса, топқа зиянын келтіру мүмкін. Тренинг өткізу барсында «сыртқы өмірімен» қарым-қатынасын азайтқан жөн ( жұмысына, үй ішіне қоңырау салудан алшақ болған абзал).
Жұмыс өткізілетін мекеме, ешкім кедергі болмайтын орында орналасуы керек. Сабақ 10-12 сағатқа созылуы мүмкін, сол себептен жұмыс жүргізілетін орын кең, ынғайлы, желдетіп тұрулы керек. Қатысушыларға арналған ыңғайлы креслолар, шеңберде тұрған адамдарға арналған планшеттер, жүргізушінің айтқан сөздерін жазып алу үшін ақ қағазадр, фломастерлер видеомагнитофондар қажет. Жұмыс жүргізілетін орын кең болып, бір жағынды қатысушылар жұмыс жасаса, ал екінші жағында кілем жайылып жатқаны жақсы (ол медитация, денеге бағытталған терапия жаттығуларын жүргізу үшін өте ыңғайлы).
Тренингтік бағдарламаның мазмұндық аспектілері.
Әр топ үшін мазмұнды және фромальды өздерінің бағдарламалары құрылады. Ол бағдарлама мыналарға байланысты : елде болып жатқан жағдайлар, соңғы кезед болған нақты бір оқиғалар, өмірлік проблеманын мәлімделуі, ортақ психологиялық мәдениеттің деңгейі т.б. Сонымен қатар тренингтің тұрақты өзінің құрлымы бар. Тренингтің бағдарламасы өз ара байланысатын үш тематикалық блогтан тұрады.
Бірінші блок қатысушының өзінің жеке ерекшеліетерін және оптимизациялық өзіне деген көңіл бөлінуін сезінуіне бағытталған. Ол тренингке қатысушылардың өзінің ерекшеліктеріне, аландаушылықтарына, ойларына, өзінің үйреншікті қабілеттеріне, өзі туралы пікіріне зейін қойюға бағытталған жаттығулардан тұрады.
Осы этапта жүргізуші алдына мынандай мақсат қояды: тренинг кезінде қатысушылар өздерін айқын айнадан көріп, өз-өздерін бағалап, өз-өздеріне есеп бере алатындай, сонымен қатар айнадан топтағы қатысушылардың пікірін, өздерінің жеке қасиеттерін бағалайтындай жағдай туғызу керек. Мында өзінің ойлауы мен қайғыруының күнделікті рефлекстік вербализациясы мүмкіндік туғызады. Осы кезеңде неадекватты өзін қабылдаудағы, әдеттегі стереотипі бұзыла бастайды, бағалау және өзін бағалаудың нығайтылған жүйесі күман туғызады да, аяқ астынан адамның мені ашылады.
Екінші блок қатысушылармен бірге кәсіби жүйедегі әріптестерімен , әкімшілікпен, жанұя мүшелерімен тұлға аралық қатынасқа түсінуде өзін ұғынуға бағытталған. Тұлғаның психологияллық ерешеліктерінің дамуына, әлеуметтік және коммуникативттік ерекшеліктеріне, әдеттегі қарым-қатынас тәсілн түсінуіге, тұлғааралық әрекеттесудегі қателеріне талдау жасауға басты назар аударады. Топтағы қатысушылар іскер әріптестерімен жұмыста істейтін ұжым мен, әкімшілікпен іскерлік әрекеттесу және қарым – қатынасқа түсудегі ережелермен танысады. Бұл мақсатта вербальді емес техникалар, рөлдік ойнадар қызмет атқарады.
Үшінші блок қатысушылар өздерін кәсіби жүйедегі іс –әрекетін, осы жүйеге деген оптимимизайиялық көңіл бөлуін қабылдауға бағытталған. Тренинке қатысушыларға мынандай тапсырмалар беріледі: кино «түсіру»немесе «мылқау» спектакль қою, роман жазу. Мұндай тапсырмаларды орындау – топты ұйымшылдандыру тәсілі және әрбір адамның шығармашылық қабілетін жүзеге асыру ғана емес, сонымен қатар қатысушылардың мінез-құлқындағы өзгерістерді талдауға, олардың маскасын шешіп, өзінің шығармашылық Менін ашуға мүмкіндік беретін диагностикалық тәсіл.
Тренинг кезіндегі ойын процедуралары.
Мамандар ересек адамдармен де іскерлік және рөлдік ойындарда ойнайды.
Іскерлік ойындар көп жағдайда ұйымдар мен мекемелерде ұйымдастырушылық міндеттерді шешуде, сондай-ақ, инженер кадрларды және басқарушы қызметкерлерді дайындауда қолданылады. Іскерлік ойындар өндірістік, ұйымдастырушылық-әрекеттік, мәселелік, оқулық және кешендік болып бөлінеді. Психологиялық тренингтерде іскерлік ойындар «қысқартылған» түрде қолданылады. Себебі, жүргізуші көбіне «терапевтік» процедураларға көңіл аударады.
Рөлдік ойындар Дж. Мид, Дж. Морено және Р. Линтонның ашқан рөлдік теорияларына орай базаланған. Қазір олар психотерапияның көптеген бағыттарында қолданылады.
Ойындар тренингте психокоррекциялық мақсаттарда қолданылады. Ескерте кетсек, «психологиялық дамуды коррекциялау» терминінің өзі психотерапевтік іс-әрекеттің негізгі формасы ретінде ең алғаш дефектологияда ауытқулы даму нұсқаларында қолданылған. Ол бала дамуындағы ауытқулар мен жетіспеушіліктерді түзету дегенді білдірді. Кейіннен «коррекция» түсінігін қалыпты психикалық даму аймағында да кеңінен қолданыла бастады. Психокоррекция деп диагностика шегінен шыққан психологтың кез келген практикалық белсенділігін атайтын болды.
Психологиялық ойындардың мақсаты адамға өзіндік «Менін», өзіндік құндылық сезімін нақтыландыруға, өзімен жұмыс жүргізуге сынақ уақытын ұсыну. Тренинг жүргізушісі тренингтегі кез келген қатысушының бірегей, өзінше құнды, өзіндік дамудың ішкі көздеріне ие деген жорамалда болуы керек. Тренингтік жұмыс шешуге болатын, спецификалық мәселелер аймағын анықтайды. Оларға мыналар жатады:
- Адекватты өзіндік бағалау, мен-образының жалпылығының бұзылуы;
- Өзіне жағымсыз қатынас және соған орай мазасыздық;
- Өзіндік реттеудің төмен деңгейі, өзіне қанағаттанбау, өз күшіне сенімсіздік;
Тренингтегі психологиялық ойындар қатысушы топтарға басқа жағдайларда қолы жетпейтін мүмкіндіктерді ашады: ол интеллектуалдық ресурстарын, танымдық шектерін кеңейтіп, өз күшіне деген сенімін нығайтады, шығармашылық қабілеттерін дамытады, қарым-қатынасқа талантын ашады, тәжірибелік мінез-құлықтың этикалық және адамгершілік негіздерін қалайды. Тренингте маңызды рөлді қатысушыларға көптеген жағымды эмоциялар мен шығармашылық бастауларын ашатын ойын процесі алады.
Салттар және психиканың санадан тыс механизмі.
Салт – бұл өз кезегінде бір заттар немесе әрекеттер екіншісін алмастырады, яғни басқаларының мағынасына түсетін мінез-құлықтық метафора.
Белгі – басқа зат, оқиға, іс-әрекеттің өкілі ретінде сезіммен қабылданатын зат, оқиға немесе іс-әрекет.
Архетип ( Юнг бойынша) – ежелден пайда болған және адамдарда санасыздық ортасында болатын қарапайым, фундаментальдық образ.
Ұзақ уақыт жұмыс істейтін топтарда салт қарапайым түрде пайда болады және топтық үрдістің ажырамас бөлігі ретінде қалыптасады.
Сәлемдесу. Егер бұл салтты топ өзі қалыптастырса тиімді болады. Оның нұсқалары әр түрлі. Мысалы, қатысушылар сабақтың алғашқы минутында серіктестерімен кезекпен қарсы келетін бағытта бөлмені аралап жүреді, кезекпен тырнақтарымен, тізелерін тигізіп және бір біріне үнсіз күлімсірейді. Вербальды емес сәлемдесудің нұсқалары – иықтарымен, тізелерін бір бірлеріне тигізу «әрбірі - әрбірімен» принципі бойынша жүреді. Вербальды құралдарды да қолдану туралы келісуге болады. Мысалы, қатысушылар бір бірлеріне міндетті түрде бірнеше жылы сөздер айтулары керек және ол сөздер әрбір кездескен сайын қайталанбауы керек. Бірінші күні – сыртқы келбеттеріне мадақтау айту, екінші күні – ең басты жетістігін айту, үшінші күні – сабақ барысындағы қандай да бір нақты әрекетіне мақтау айту, соңғы күні – «мен сенен не үйрендім?» деген сұраққа жауап айту. Жалпы сәлемдесу әдістері де қолданады: шеңбер бойында тұрып, қатысушылар жалғанып тұрған қолдарын жоғары қарай көтереді.
Қоштасу. Топтық жұмыстың аяқталу салтын ғана емес, сонымен қоса әрбір сабақтың біткендігін білдіреді. Қатысушылар шеңбер бойында қолдарын серіктестерінің иығына қойып, бір минуттай көздерін жұмып тұрады. Осы уақытта ол өзінің позитивті эмоциялары мен жағымды тілектерін іштей айтып тұрады. Көбіне бұл процедура жеңілдік сезімін тудырады.
Сабақтың дәстүрлі сызбасы. Ол да қатысушыларға өзінің қайталанушылық күшіне ықпал ететін салтқа жатады. Сызба әр түрлі бола береді. Мысалы, мынадай сызбаға сүйенуге болады.
1. Сәлемдесу.
2. Өзін қалай сезінетіндігі туралы сауалнама (қатысушылар лезде «осында және қазір» атмосферасына еніп, өзінің эмоционалдық және физикалық жағдайын, өзінің ойлары мен күтулерін айтып, кейде көрген түстері туралы айтады).
3. Сабақтың жүргізушісіне тақырып ұсыну (кейде ол өткен қадамдар уақытындағы қатысушылар айтқан сұраулардың нәтижесінде туындауы мүмкін).
4. Жүргізушінің астарлы әңгімесі.
5. Разминкалық жаттығулар.
6. Негізгі бөлім ( пассивті сипаттағы жаттығулар қозғалмалы ойындармен жалғасады және көп жағдайда рефлексия мен талдаулармен аяқталады).
7. Сабақты қорытындылау ( қатысушылардың өздерінің актуальды жағдайлары туралы, жасалған жұмыстар туралы ойларын және жүргізушіге ұсыныстарын айтады).
8. Жүргізушіге түйіндеме ойту (қажеттілігі бойынша).
9. Қоштасу.
Қол шапалақтау. Егер топта қандай да бір нәтижелі орындалған жаттығудан кейін, өз ойын ашық, толық, нәтижелі айтқан адамнана кейін қол соғу жалғасатын болса, онда оны да салттар қатарына жатқызуға болады.
Медитативтті техникалар. Тренинг топтарындағы әртүрлі бағыттағы қолданылатын «медитативті» техниканың бәрі медитация болып табылмайды. Медитацияның бастапқы түсінігі – бұл өзіндік Меннің орталығына жақындауға мүмкіндік беретін және осыған орай өз ойларының мазмұнына жауапкершілік алуға мүмкіндік беретін рухани тәжірибелер жүйесі. Шри Бхагаван Раджнеш өзінің «Оранжевая книга» атты кітабында былай деп жазады: «Медитация – бұл іс-ірекет емес, бұл еркінен тыс жағдай. Бұл босаңсу... Медитацияда ешқандай логикалық операциялар мен қорытындылар талап етілмейді, сіз ерекше ештеңе де істемейсіз – сіз тек қана барсыз... Шөпті жерден тартқылап қажеті жоқ – көктем келген соң, шөп өзі-ақ өсіп шығады. Медитация – бұл өмірді бақыламай, өз тәртіптеріңізді орнатпай, өмірдің өз қарапайым жолымен жүруіне мүмкіндік беруіңіз. Игерусіз қарапайым жағдай дегеніміз, осы медитация.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: Топты басқару.Топтық сабақ мазмұнын құру.Топты психологиялық белсендендіру.
Тақырыптың негізгі ұғымдары: топ басқарушысы, топтық жұмыс, психологиялық белсенділік, үзіліс.
Әдебиеттер:
1.Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.
2.Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.
3.Кьел Рудестам. Групповая психотерапия.
Достарыңызбен бөлісу: |