15 тақырып. Тиімді коммуникацияның техникалары мен тәсілдері
Жоспары:
1.Тиімді коммуникация ұғымы
2.Тиімді коммуникация технологиялары, қағидалары, ережелері, тәсілдері
3.Келіссөз процесінің технологиясы
Зерттеулер бойынша басшы уақыттың 50-90 пайызын коммуникацияларға жұмсайды. Басшы өзінің рөлін іске асыруда жеке дара аралық қатынастарды құру, ақпарат алмасу, шешім қабылдау, жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау қызметтерін атқарады. Коммуникация – ақпарат алмасу процесі. Ақпарат алмасу басқарушылық іс- әрекеттің барлық түрлерінде орын алады сондықтан коммуникация -байланыстырушы процесс. Пікір алмасу, телефон әңгімелері, қызметтік жазбалар, видеоленталар, есептер сыртқы ортадағы мәселелер мен мүмкіндіктерге жауап болып табылады.
Коммуникациялардың келесі түрлері бар:
– деңгей аралық: тік: төменнен жоғары қарай; жоғарыдан төмен қарай;
көлденең:түрлі бөлімдер арасында;
– басшымен бағынышты арасында;
– басшы мен жұмыс тобы арасында;
– ұйыммен сыртқы орта арасында;
– бейресми.
Ұйымдастырушылық коммуникациялар ұйымдағы бөлімшелер арасында ақпарат алмасудан тұрады. Олардың басты мақсаты ақпарат ағымдарын қалыптастыру және жетілдіру.
Коммуникациялық тор бұл коммуникациялық ағымдар көмегімен ұйым бөлімшелерін бірігуі. Ол тік, көлденен және диагоналды байланыстарды қамтиды.
Ұйымның басқа мүшелеріне тұлғаның ашық болуы
|
Кері байланыстың сәйкестігі
|
Төмен
|
Жоғары
|
Төмен
|
өз ішінде жабылу
|
өзін қорғау
|
Жоғары
|
өзін ашық ұстау
|
өзін көрсету
|
Коммуникациялық стиль түрлері
Коммуникациялық процесс бұл бір немесе екі адам арасындағы ақпарат алмасу. Оның негізгі мақсаты – мәліметтің түсінуін қамту.
Ақпарат алмасу кезінде 4 негізгі элемент бар:
–жіберуші – ақпаратты жинап тапсыратын тұлға;
–мәлімет – символдардың көмегімен кодталған ақпарат;
–арна – ақпаратты жіберетін құрал;
–алушы – ақпаратты қабылдап түсінетін тұлға.
Идеяның пайда болу кезеңінде басшы идеяны ойластыру және ақпарат жинауды бастайды. Басшы берілетін ақпараттың мазмұнын дайындайды. Мысалы, бағыныштылардың жұмыс нәтижелерін бағалау туралы айтқалы тұрған басшы, бағыныштылардың күшті және әлсіз жақтарын, жұмыс нәтижелерін қалай жақсартуға болатынын жеткізу керектігін түсіну қажет. Сондықтан алдымен қандай идеяны жеткізу керектігін ойланып алыңыз.
Кодтау және арнаны таңдау кезеңінде:
•кодтау кезінде жіберуші сөздер, интонация, ымдарды пайдаланады;
•арналар ретінде ауызша сөйлеу, жазбаша түрде, электрондық байланыс құралдары (электрондық пошта, компьютерлік жүйелер, видеолента, видеоконференциялар) белгілі;
•арнаны таңдау кезінде бір арнамен шектелмеу қажет;
•ақпаратты алушы оны декодтайды. Декодтау – алушының ойына жіберушінің символдарын аудару. Егерде ақпарат түсінікті болса ақпарат алмасу процесі осымен аяқталады. Басқа жағдайда алушы кері байланыс жасайды, және керісінше алушы мен жіберуші орындарын ауыстырады;
•кері байланыс екі жақты ақпарат алмасу процесінің тиімділігін көтереді, ақпаратты дұрыс түсінгені туралы сенімділік туғызады.
Шу деген мағынаны ашып беруге кедергі болатын нәрсе. Оның пайда болу көздері - тіл,қабылдау айырмашылығы, басшымен бағынышты арасындағы ұйымдық статуста өзгешілік, т.б.
Басшының 50-90% уақыты тұлғааралық байланыстарға жұмсалады.Оларды іске асыруда пайда болатын кедергілер:
- қабылдау айырмашылықтары;
- семантикалық айырмашылықтары;
- вербалсыз кедергілер;
- шамалы кері байланыстар;
- тыңдай білмеу;
Қабылдау айырмашылықтары себеп болған кедергілер адамдар бір ақпаратты ұқсас тәжірибе, қызығушылықтар шеңбері, қажеттіліктер, эмоционалдық жағдайы, сыртқы ортаға байланысты әр түрлі қабылдау кезінде орын алады;
Семантикалық айырмашылықтар себеп болған кедергілер сөздердің мағынасын білмеу немесе дұрыс қолданбағанда орын алады. Мысалы, дөңгелек деген сөздің ағылшын сөздігінде жетпіс тоғыз мағынасы берілген.
Вербалсыз кедергілерге сөздер, басқа символдар, мысалы көзқарас, бет түрі, интонация, т.б. жатады. Мәліметтің 55% бет түрі,ымдар,қимылдар арқылы, 38% интонация, дауыс өзгерісі арқылы, 7 % сөз арқылы жеткізіледі
Шамалы кері байланыс кедергі болады. Кері байланыс хабарламаның дұрыс түсінгенін білуге мүмкіндік береді.
Тыңдай білмеу. Басшы 25% тиімділікпен тыңдайды, бағыныштылар тыңдай білетін басшыны қатты сыйлайды.
1.Ұйымдағы коммуникацияларды жетілдіру бағыттары:
а) ақпараттық ағымдарды бақылау;
Басшы өзіне және бағыныштыларына қажетті ақпаратта қажеттілікті анықтау керек.
б)басқарушылық іс әрекеттер- бағыныштылармен кездесу,семинарлар жүргізу;
в) кері байланыстар жүйесі:
-адамдарды мәселені талқылау үшін ұйымда орындарын алмастыру;
- қызметкерлерден сұрау;
г) ұсыныстарды жинау жүйесі: анонимды ұсыныстарды жинау үшін жәшік, телефон қоныраулар,басшылар мен бағыныштылар тобын құру, жеке блог ашу;
д) ақпараттық бюллетендер, басылымдар, бейнежазулар.
√
Достарыңызбен бөлісу: |