Дәріс №7 Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы
1.Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттар және бағдарламалар
2.Кәсіби өсудегі кедергілер, оларды болдырмау және жеңу жолдары
Адам баласы тұлға болып қалыптаса бастағаннан оның өмірінде маңызы күшті, мағынасы терең жайттар болып жатады, ол адамның өмір сүру барысында, жасерекшелігіне де байланысты болып келеді.
Адам тек өз өмірінің мағынасын тауып қана қоймай, оны ары қарай жүзеге асыруы керек. Адам өз өмірінің мағынасының алдында жауапты, мағынаның орындалуы қарапайым процесс емес. Өз өмірінің мағынасын ұйымдастыруда тұлғаның мағынасы қайталанбас болады. Тұлғаның мағынасы əрқашан қоғаммен тығыз байланыста болып келеді, индивид өзінің бағдарында қоғамға байланысты икемделеді жəне керісінше, қоғам мағынасы өз кезегінде индивидтің тіршілік етуіне негізделеді.
Адамның жан дүниесін терең зерттеген психолог ғалымдар мынадай анық ақиқатты байқаған. Жас адам саналы ғұмырын бастамай жатып ауыр трагедияға ұрынып, оның бағалы тағдыры қайғы мен қасіретке айналғанда түпкі себебі біреу деген. Жап-жас өрімдей жігіт немесе қыз баласы өзінің өмірге не үшін келіп, не үшін өмір сүру керек екенін ұмытып, ақылы шатасқанда оның тағдыры қайғы мен мұңға тола бастайды. Сондықтан кез келген қоғамдық дерттен жас ұрпақты аман алып қалу үшін оларға өмірдің мәні мен тіршіліктің ақиқат тірегі туралы шындықтарды анықтап беру ең маңызды шаруа. Күндердің күнінде белгілі бір өткелге жеткен кезде кез келген адам баласын «Адам не үшін өмір сүреді?» деген сұрақ мазалайды. Бұл сұрақ кез-келген екі аяқты ақылды пенденің отыз жастың орта шеніне келгенде сүрінетін сауалы.
Қазіргі таңда тұлға мағынасына көп ғалымдар қызығушылық танытуда. Алайда теориялық жоспарда «мағына» мəселесі шатасқан мəселелердің бірі болып отыр. Отандық ғалым А.Н. Леонтьев алғаш рет «мағына» түсінігін ашуға тырысты. Оның айтуы бойынша: мағына əрекет мотивінің мақсатқа қатысты көрінуі. Бұнда абстрактілі анықтама болып тұр, бұны психологиялық тілге аудару өте қиын. К. Вилюнастың тұжырымы бойынша: А.Н. Леонтьевтің «мағына» терминін мотивтің қалыпта- суындағы аралық мақсат болып тұр дейді.
Өткен ғасырларда өмір сүрген ғұламалар бұқаралық санадағы түсініктерге талдау жасай отырып, адамның болмысының абстрактілі жəне өзгермейтінін негізге ала отырып, адамның өмірінің мəні оның іс-əрекеттерінің негізгі мақсаты мен мұратынан тұрады деген қағидаға ден қойып келгені мəлім. Бұдан дүниені рухани құралдармен өзгерту мүмкіндігі туралы ой туады. Көптеген философтар өмірдің мағынасын жеке адамның дүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші, моральдық нормаларды бейнелейтін реттеуші ұғым ретінде қабылдайды. Бұл жерде адам өмірінің мағынасын белгілі бір тұтынушылық стандарттар мен жеке бастың қамтамасыз болуына жетумен байланыстырудың да негізсіз емес екендігін айта кету керек. Өмірдің мағынасы туралы сауалдарға ғылыми тұрғыдан нақты жауап қайтару мүмкіндігін теріске шығаратын теориялар да жоқ емес. Ондай тұжырымдар өмірдің мағынасы əр жеке адам үшін өзінше, қайталанбас өзгешелігінен туындаса керек. Егер дүние жүзінде 6 млрд-тан астам адам бар десек, өмірдің мағынасы туралы сонша пікір бар.
Ал, өмірдің мағынасы туралы философтар пікірлерінің жалпы адамзатқа ортақ, əлдеқалай бір жиынтық тұжырым болып шығып жатуының да өзіндік жөні бар. Адам өмірінің мағынасы оның əлеуметтік жағдайларымен айқындалады. Адам – белсенді əрекет иесі. Ол əлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған тура ықпал ете алады. Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мəнін, құндылығын айқындаушы – сол адамның өзі. Жəне ол жеке адамнан, қоғамнан тыс ұғым емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым.
«Бақыт тек еңбекпен келеді» деген тұжырым əлімсақтан келе жатқан ақиқат, белгілі аксиома ретінде əлі күшін жойған жоқ. Адамның өзі таңдаған кəсіппен айналысуы, ұзақ жəне қызықты еңбек жолынан өтіп, мол тəжірибе жинап, кəсіпқойлықтың шыңына шығуы, шабытпен еңбек етіп, оның нəтижесін көруі – міне, адамды бақытқа бастап апарар баспалдақтар осы болса керек. Еңбек еткеннен кейін, оның зейнеті болады. Адал еңбек еш кетпейді. Қатардағы қарапайым адамдардың арасында өзі қалаған мамандығы бойынша еңбек етіп, көпшілік алып жүрген жалақысымен орташа күн кешіп жүрсе де, Отанының аясында, достары мен туыстарының арасында, тату-тəтті өмір сүріп жүргенін бақыт санайтындар толып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |