1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары



бет29/58
Дата12.12.2021
өлшемі0,61 Mb.
#99801
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58
Байланысты:
Мәдениет Ағай лекция

Өмірдің мәні. "Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?" деген сұраққа кім болса да: "Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды", — деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.

Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: "Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол" деп өсиет калдырғаны белгілі.

Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.

Өмірдің мәні туралы сауалдарға ғылыми тұрғыдан нақты жауап қайтару мүмкіндігін теріске шығаратын теориялар да жоқ емес. Ондай тұжырымдар өмірдің мәні әр жеке адам үшін өзінше, қайталанбас өзгешелігінен туындаса керек. Егер дүние жүзінде 6 млрд-тан астам адам бар десек, өмірдің мәні туралы сонша пікір бар.

Ал өмірдің мәні туралы философтар пікірлерінің жалпы адамзатқа ортақ, әлдеқалай бір жиынтық тұжырым болып шығып жатуының да өзіндік жөні бар. Адам өмірінің мәні оның өлеуметтік жағдайларымен айқындалады. Адам — белсеңді әрекет иесі. Ол әлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған тура ықпал ете алады. Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы — сол адамның өзі. Және ол жеке адамнан, қоғамнан тыс ұғым емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым.




Әдебиеттер:

1.Аронсон Э. Көпке ұмтылған жалғыз [Мәтін] = The Social Animal: әлеуметтік психологияға кіріспе: [оқулық] / Э. Аронсон ; ауд. Д. Д. Дүйсенбеков [және т. б.]. - 11-бас. - Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2018. - 407, [2] б. - (Рухани жаңғыру).

2.Годфруа Ж. Что такое психология. Том 1. – М.: Мир, 2015 г. – 496 с.

3.Годфруа Ж. Что такое психология. Том 2. – М.: Мир, 2015 г. – 276 с.

4.Даниел Гоулман. Эмоциональный интеллект. Почему он может значить больше, чем IQ. Изд-во Манн, Иванов и Фербер: 2018. -560 с.

5. Джакупов С.М. Введение в общую психологию. – А.: Қазақ университеті, 2014

6. Ильин Е.П. Психология общения и межличностных отношений. - СПб.: Питер, 2014. - 576 с. ил. - (Серия «Мастера психологии»).
м



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет