1-дәріс. Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері Негізгі мәселелер: Бастауыш білім берудегі сауат ашу үдерісі «Сауат ашу әдістемесі»


Кезендер Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының мазмұны



бет15/18
Дата26.09.2022
өлшемі106,39 Kb.
#150807
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Сауат ашу әдістемесі дәріс 2022

Кезендер

Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының мазмұны

1. Әліппеге дейінгі кезең

1.Балалардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын байқау, бағалау.
2. Оларға сөйлем, сөз, дыбыс туралы алғашқы түсініктер беру.
3. Сөздік қорларын анықтау
4. Сөйлеу мәнеріндегі кемшіліктерді байқап, есепке алу.

2. Әліппе кезеңі

1.Нақтылы дыбыстарды оқытуды және жазуды меңгертуге байланысты күн ұшырасатын жаңа сөздердін мағыналарын түсіндіріп, олардың белсенді сөздік қорларына енуін қадағалау «сөздік жұмысы»
2.Тілдегі омонимдік, антонимдік, көп мағыналылық құбылыстар туралы алғашқы түсінік беру, олардың қолдану дағдыларын қалыптастыру
3.Оқушылардың жазба тілінің негізін қалыптастыру.
4.Ауызекі байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
5. Оқушылардың сөйлеу дағдыларындағы кемшіліктерді (сөйлеу мәнеріндегі, сөз қолданыстарындағы т.б.) бірте-бірте жою бағытында жұмыстар жүргізілу т.б.

3. Әліппеден кейінгі кезең

1. Оқушылардың оқуға және жазуға үйрену барысында алған білімдеріне сүйеніп, олардың ауызекі және байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
2. Жазба тілін дамытуға баса назар аудару. Шағын сөйлемдерден құралған мазмұндама, шығарма жаза білуге қол жеткізу.
3. Оқушылардың сөздік қорларының байып, сөздерді орынды қолдана білу дағдыларының қалыптасуын қадағалау.
4. Сөйлеу мәдениеті мен мәнерін жетілдіруге бағытталған жұмыстар т.б.

Көріп отырғанымыздай, сауат ашу кезеңінде оқушылардың тілін дамытуға бағытталып жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының жүйесі мен құрылымы өте күрделі. Бірақ балалардың философиялық және психологиялық қабылдау мүмкіндіктеріне лайық оңтайлы әдіс-тәсілдерді тиіімді қолдана білсек, бұл жұмыстарды жемісті атқарып шығуға болады.



  1. Сауат ашу барысындағы тіл дамыту жұмыстарының үлгілері

Қазіргі әдістеме ғылымында оқушылардың тілін дамытуға арналған жұмыстардың түрлері жайында бірнеше тұжырымдамалар жинақталған. Осы тұжырымдамалардың әрқайсысын жеке-жеке талдап жатпай-ақ, тіл дамытуға бағытталған жұмыстардың жалпы топтап көрсетсек, оқушылардың тілін дамытуға арналған жұмыстарды төмендегіше сипаттауға болады:
1.Әңгіме. Мұның монологтік (әңгімелеу) және диалогтық (сұрақ-жауап) түрлері бар. Жұмыстың бұл түрі әсіресе бастауыш сыныптартың кез-келген сабақта, сабақтың басқа формаларымен ұштастырылып қолданылатын әмбебап түр болып табылады.
Тек мұғалімнің әңгімесі немесе сұрақ-жауап түріндегі бұл жұмыс бастауыш сыныптарда балалар тараптарынан қызығушылық туғызатындай әсерлі, деректі, қысқа болуы шарт. Әңгімелесудің ұзақтығы 5-6 минуттан әріге созылса, балалар зейіні шаршай бастайтыны белгілі. Сондықтан әңгімелесуді жұмыстың басқа түрлерімен алмастырып отыру қажет.
2. Көрнекі құралдармен жұмыс соңғы кезге дейін, негізінен, суретпен, ойыншықтармен, карточкалармен т.б. көрнекіліктермен жұмыс істеумен шектелетін. Соңғы жылдары көрнекі құралдардың түр-түрінің көбеюі (диафильмдер, бейне магнитофондар, лингафондар т.б.) бұл жұмысты шығармашылықпен түрлендіре жүргізуге мүмкіндік берді. Алайда, тәжірибе көрнекі құралдармен шектен тыс әуестену бастауыш сыныптарда балалардың зейінін негізгі мәселеден аулақтатып, оларды өз беттерімен жұмыс істеуге тәрбиелей алмайтынын көрсетті. Сондықтан көрнекі құралдармен жүргізілетін жұмыс түрлері балалардың тілін дамытуға бағытталған өзге жұмыстармен ұштастырыла, қажетті жағдайларда ғана қолданылуы керек.
3. Сабақтағы ойын бастауыш сыныптарда оқушылардың белсенділігін арттырып, кез келген мағлұмат пен дағдыны оңай және әсерлі ұғындыруға мүмкіндік беретін тәсіл екендігі белгілі. Әрі балалардың ойын барысында алған мағлұматтары мен дағдылары ұзақ уақыт ұмытылмай, есте сақталады. Тек белгілі бір білімді немесе дағдыны меңгертуге бағытталған ойын түрін ұйымдастырғанда көздеген мақсаттың нақтылы, айқын болуы талап етіледі. Әйтпесе кез келген ойын сол күйінде қабылданып, балалар оның сыртқы әсерімен әуестенуге айналдырып алады.
4. Әдеби мәтіндермен (шағын өлеңдермен, жаңылтпаштармен; жұмбақтармен, мақал-мәтелдермен, ертегілермен т.б.) жұмыстың бұл түрі бірнеше жолмен атқарылады: а) мәнерлеп оқу; ә) жатқа айту; б) мазмұнын баяндау; в) кейіпкерлерінің рөлдерін бөліп, оқиғаны ойнату; г) жаңылтпаш немесе жұмбақ айтқызып жарыстыру; ғ) мәтінді немесе ертегіні бөліктерге бөліп, оларға ат қойғызу; д) өлеңдердің ұйқасатын сөздерін тастап кетіп, балаларға сол сөзді тапқызу т.б.
5. Экскурсия сабақ (бастауыш сыныптарда) алдын ала дайындықпен ұйымдастырылады. Онда экскурсияның мақсаты нақтылы айқындалып, тіл дамыту жұмыстарының шеңбері ойластырылады. Экскурсиядан соң оқушылардың алған әсерлері туралы ауызекі әңгіме айтқызып, шағын шығармалар жазғызуға болады.
6. Оқушылардың тілін жазу жұмыстары арқылы дамыту. Сауат ашу кезеңінде балалардың жазба тілін дамытуға бағытталған жұмыстардың негізінен үш түрі жүргізіледі: көшіріп жазу (үлгі бойынша жазу); есту арқылы жазу (диктант); есте сақтап жазу (шығармашылық жазу).
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының жүйесі бойынша тапсырмалар үлгілерін дайындаңыз
2.«Оқушылардың тілін дамытуда кездесетін қарама-қайшылықтар» тақырыбында кейс әзірлеңіз.
3. Тіл дамыту мәселесін зерттеген ғалымдар туралы баяндама әзірлеңіз.
4. Сауат ашу барысындағы тіл дамыту жұмыстарының үлгілерінің каталогын құрастырыңыз




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет