1-дәріс. Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері Негізгі мәселелер: Бастауыш білім берудегі сауат ашу үдерісі «Сауат ашу әдістемесі»



бет18/18
Дата26.09.2022
өлшемі106,39 Kb.
#150807
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Сауат ашу әдістемесі дәріс 2022

Креативті тапсырмалар
1. Болжам жасау - зерттеушілік, шығармашылық ойлаудың негізі. Болжамдар жаңа мүмкіндіктер ашуға, мәселелерді шешудің жаңа нұсқаларын табуға, содан кейін олардың ықтималдығын бағалауға мүмкіндік береді. Мен болжамдарды алға жылжыту және құру дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырмаларды ұсынамын:
2. «Тапсырма-пайымдау»
Мысалы: зебра неге жолақты екенін бірге қарастырайық?
Неліктен көктемде ағаштарда бүршіктер пайда болады?
Неге жел соғып тұр?
Найзағай неге жарқылдайды?
Таудағы су неге төмен қарай ағады?
Не себепті иттер тілін шығарып жүреді?
Неліктен гүлдер иіс шығарады?
Балалар қашан жүре бастайды, жануарлар ше?
Неліктен ер қанаты – ат дейді?
Мысық қалай жуынады?
Жаңбыр неге жауады? және т.б.

  1. «Оқиғаның мүмкін болатын себебін табыңыз»

Мысалы: Сүт қышқыл.
Балалар аулаларда көбірек ойнай бастады.
Саңырауқұлақтар өсіп шықты.
Кенеттен иттер ұлыды.
Айару қатты қуанды.
Ат жарысы аяқталды.
Құрт қатты.
Жауын құрттар жер бетіне шықты.
Сауысқан саңқылдып отыр.
Аюдың ақырған даусы естілді.
Көлік сигнал берді.
Балалар бір келісімге келе алмады.
Рауан Анардың шашынан тартты.
Сұлтан дәптерін ұмытып кеткен.
Ботақан жоғалып кетті.

  1. «Бірге ойланайық» ойыны

Неліктен күзде жапырақтар түседі?
Неліктен мысық қараңғыда көреді?
Неге жаңбыр жауады?
Неліктен бұлттар аспанда жүзіп жүреді?
Неліктен аспанға кемпірқосақ шығады?
Неліктен адам құстар сияқты ұша алмайды?
Неге аспанды бұлттар қаптайды?
Сабақ оқымаса бола ма?
Сабақтан қышып кетіге болады ма?
Неге бала ата-ананы тыңдамайды?
Неге балалар төбелеседі?
Не үшін үй тапсрымасы беріледі?
Не себепті қар жаумайды?
Неліктен күн шықпайды?
Демалыс қашан болады?
Қашан ойын басталады?
Бұл жағдайға кім жауапты?
Әкесі баласын неге ұрды?
Ол неге терезеден қашты?
Болжамдарды әзірлеуді үйрену үшін сіз сұрақ қоюды, ойлануды үйренуіңіз керек.

  1. «Басқа кейіпкердің атынан әңгіме құрастырыңыз»

Тапсырма: қиялға ерік беріп, өміріңнің бір күнін сипатта. «Сіз біраз уақытқа сыныптағы үстелге, жолдағы тасқа, жануарға (жабайы немесе үй жануарлары) айналып кеттіңіз деп елестетіп көріңіз».
Сұрақ қою қабілетін дамыту үшін әртүрлі жаттығуларды қолдануға болады. Мұғалім сұрақтардың қойылуын мұқият қадағалайды, оларды түзетеді, сұраққа қысқа жауап бермеуі үшін сұрақты дұрыс қоюды үйретеді. (Мүмкін және керісінше).
6. «Нақтылайтын сұрақтар»
(Бұл рас па...?; Керек пе...?; Осылай дұрыс па...?) және толықтыру (Кім? Не? Қайда? Неліктен?). Оқушыларға адамдардың, жануарлардың суреттерін көрсетіңіз және бейнеленген адамға сұрақтар қоюды ұсыныңыз. Немесе суретте көрсетілген адам сізге қандай сұрақтар қоя алады деген сұраққа жауап беруге тырысыңыз (Э.П. Торранс әдісі бойынша).
7. «Қара жәшік» ойыны
Мұғалім сабақ тақырыбымен тікелей байланысты затты қорапқа жасырады. Оқушылар қорапта не жатқанын білуге көмектесетін сұрақтар қоюы керек. Бірақ сұрақтардың жауабы «иә» немесе «жоқ» болуы тиіс.
8. «Жұмбақ»
Жұмбақтар – тек көңіл көтеретін ғана емес, сонымен қоса ойлану машығын дамытатын, шешуді қажет ететін тапсырма екенін ұғындыру өте маңызды міндет. Жұмбақты болжау – бұл оның анықтаушы бөлігі, ал тұжырымдау – оны анықтайтын шешімнің екінші жартысы.
9. «Бір сөзбен атаңыз»
Бұлттар, ауа, тастар, топырақ, таулар – бұл …
Өсімдіктер, жануарлар, балықтар, адамдар, жәндіктер – бұл…
Бұғы, аю, түлкі, қасқыр – бұл ...
Қалам, қағаз, циркуль, қарындаш, бор – бұл...
Қол, аяқ, бас, тізе, саусақ – бұл...
Бұрыш, қызанақ, картоп, пияз, сәбіз – бұл...
Бидай, арпа, сұлы, тары, қарақұмық – бұл...
Құлпынай, қарақат, жиде, таңқурай – бұл...
Балта, балға, шеге, бұрғы, ара – бұл...
Терезе, шатыр, табалдырық – бұл...
Көйлек, белдемше, жейде, тақия – бұл..., және т. б.
10. «Келімсектер» ойыны
Тапсырма: «Келімсектер жерге ұшып келді. Олар біздің әлем туралы ештеңе білмейді және ештеңе көрмеген. Оларға барлығын анық және қысқаша айтыңыз:

Қайық
Алма
Қарындаш
Үстел
Кітап
Ойыншық
Газет
Мұғалім
Өзен
Орман



Тау
Мұғалім
Оқушы
Мектеп
Үй
Сауат ашу
Дәптер
Ата-ана
Әже
Ата және т. б.

Жіктеу қабілетін дамытуға бағытталған тапсырмалар:
11. «Төртінші артық»
Төрт картада заттардың әртүрлі суреттері болуы керек. Балалар бұл заттарды әртүрлі белгілеріне қарай жіктей алады: түсі, формасы, мақсаты... бөлудің нұсқалары неғұрлым көп болса, ойлау қабілеті соғұрлым жоғары болады. Мысалы: Аю, қоян, елік, қарға.
бор, тақта, мұғалім, терезе.
шалбар, көйлек, жейде, кілем.
сабақ, сызу, оқу, жазу.
балға, бұрғы, сызғыш, шеге.
биші, ұстаз, тәрбиеші, мұғалім.
қалам, қарындаш, бор, тақта.
аю, тиін, қасқыр, жолбарыс,
торғай, сауысқан, қарға бүркіт.
бауырсақ, шелпек, нан, сүт.
тұз, шалған, қияр, орамжапырақ.
парта, есік, тақта, орындық.
кесе, табақ, шай, шәйнек және т.б.
12. «Жұбын тап»
Төмендегі сөздерді оқып, жұбын анықтаңыз:
ине балапан
ағаш түйме
қасық аквариум
тауық жапырақ
балық кесе
компьютер перде
терезе тінтуір
қасық шатыр
үй тағам
биік кіші
үлкен аласа
мектеп арыстан
орман шөп
қоян оқушы

13. «Кім жылдам» ойыны


Жарыс ойыны бірнеше бала арасында немесе бала мен ересек адам арасында өткізіледі. Кез-келген топқа жататын заттарды мүмкіндігінше көп атау керек.
Мысалы: ыдыс-аяқ.
Оқу құралдары
Құрылыс заттары
Оқу құралдары
Жеміс-жидектер
Көгөністер
Құстар
Жануарлар
Үй жануарлары
Мектеп жиһазы
Үй жиһазы
Табиғат құбылыстары
Киімдер
Ойыншықтар
Ұлттық ойындар
Спорттық ойындар
Ағаштар және т. б.
14. «Айырмашылықтарды табыңыз»
Бірнеше суретті салыстырыңыз, белгілі бір айырмашылықтарды табыңыз.
15. «Ең байқағыш»
Мұғалім балаларға суретке қарауды ұсынады, содан кейін сурет алынып тасталады, ал балалар мұғалім қойған сұрақтарға жауап беруі керек.

Сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Ғалымдардың креативтілік туралы айтқан пікірлерін талдаңыз.

  2. Әліппені креативті тұрғыдан оқытудың маңызы неде?

  3. Білім беру мен тәрбиелеуде креативті тапсырмалардың пайдасы қандай?

Дәріс 15. Әліппе сабақтарында оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау
Негізгі мәселелер:

  1. Оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау жөнінде түсінік

  2. Әліппе сабақтарында оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау жолдары

  3. Әліппе сабақтарында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау әдіс-тәсілдері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет