1-дәріс. Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері Негізгі мәселелер: Бастауыш білім берудегі сауат ашу үдерісі «Сауат ашу әдістемесі»



бет10/18
Дата26.09.2022
өлшемі106,39 Kb.
#150807
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
Сауат ашу әдістемесі дәріс 2022

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Ұстаным дегеніміз не?

  2. Жалпы дидактикалық ұстанымдар туралы хабарлама әзірлеңіз.

  3. «Сауат ашуды оқыту» үдерісінің болашақ бастауыш сынып мұғалімінің креативті құзыретін қалыптастыру әдістемесінің ұстанымдарының біріне жоба әзірлеңіз.



9-дәріс. Сауат ашу барысында тілдік бірліктерді ісжүзілік тұрғыда танытудың әдістемелік ерекшеліктері
10- дәріс. Жазуға үйрету әдістемесі
Негізгі мәселелер:

  1. Жазуға үйрету әдіс-тәсілдері.

2. Жазуға қойылатын талаптар. Бастапқы жазуға үйрету, оның мазмұны мен міндеттері, қазіргі «Жазу дәптерлеріне» сипаттама.
3. Оқушылардың каллиграфиялық талапқа сай жазу дағдысын қалыптастыру. Көркем жазуға үйрету.



  1. Жазуға үйрету әдіс-тәсілдері.

Жазуға үйрету барысында кішкентай оқушылардың жас ерекшелігімен тікелей санасудың үлкен мәні бар. Мұғалім жазу процесінің кішкентай оқушы үшін аса қиын да күрделі жұмыс екенін естен шығармауға тиіс. 1-сынып оқушылары алфавиттің екі түрін: баспа әріптер мен жазба әріптер алфавитін – сондай-ақ онлағы бас әріптер мен кіші әріптерді үйренеді. Баспа әріптер мен жазба әріптерді үйрену бір мезгілде (синхрондық әдіспен) өтіледі. Сондықтан оқушылардың жас ерекшелігімен тікелей санасудың үлкен мәні бар.
Жазуға үйрету жүйесі оқушылардың жас ерекшелігіне, даярлығына, сабақтың мазмұны мен мақсатына қарай әр түрлі әдістерді қамтиды. Бұл әдістердің негізгілері: генетикалық әдіс, бастыра жазу әдісі, сызық ішіне жазу әдісі, ритмикалық (тактылы) әдіс.
Генетикалық әдіс көркем жазуда әріп элементтерін жазып үйренуді талап етеді. Балалар әріп таңбаларын алфавит ретімен жазып үйренбейді, алдымен оңай әріптерді жазып үйренеді, соңынан біртіндеп жазылуы күрделі әріптерді таңбалауға көшеді. Жазуға үйрету бұрыннан таныс элементтерге жаңа элементтерді қосу негізінде ұйымдастырылады. Әріптер топ-тобымен жазылады.
Басып жазу әдісі бойынша мұғалім дәптерге әріптерді қарындашпен жазады немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді, ал оқушылар оның үстінен басып жазады. Сол арқылы балалар әріптердің бейнесін дұрыс жазуға жаттығады, әбден үйренген соң, өз бетінше жазып кететін болады. Бұл әдістің үлгілерін бастауыш сыныптарға арналған «Жазу үлгілерінен» де көруге болады. Басып жазу әдісі әсіресе теріс қалыптасқан жазуды жөндеуге көмек етеді. Сондай-ақ бұл әдіс бойынша мұғалім дәптерге әріптердің жазылу үлгілерін, олардың сөз ішінде өзара қосылу жолдарын көрсетіп, оқушылардан үлгі бойынша жазуды талап етіп отырады.
Жазу кезінде әріп элементтерін таңбалауға сай байсалды ритм, біртектес қайталанатын қозғалыстар жасалынады. Ритм – бүкіл жазу элементтерінің лайықты үйлесімін табуға көмектесетін амал. Тактылау (санау) қозғалысты бірқалыпты жетілдіріп, оқушылардың жазу қарқынын жеделдетуге әсер етеді, жазу процесінде жасалатын қол қимылдарының дұрыс та айқын болуын дамытады, сыныптың бір мезгілде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс қазақ бастауыш мектептерінің тәжірибесіне еркін ендірілмеген сияқты. Сондықтан оның қолданылу жолдарын көпшілік болып ойластыруды керек етеді.
2. Жазуға қойылатын талаптар. Бастапқы жазуға үйрету, оның мазмұны мен міндеттері, қазіргі «Жазу дәптерлеріне» сипаттама.
Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады:
а) әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
ә) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы етпей, бірдей жазу;
б) әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай, сәл көлбете (45) жазу;
в) әріптердің, сондай-ақ сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап (сөздер бір-бірінен м әрпінің көлеміндей қашықтықта болуға тиіс) отыру;
г) бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.
Бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында да жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс.
Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар:
а) дәптер партаның үстіне, баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып, сәл көлбетіле (оңға 65) қойылады;
ә) бала басын оңға не солға, иықтарын, кеудесін алға не артқа қисайтпай, аяқтарын қатар қойып, алдына түзу қарап отырады. Бұл олардың омыртқалары, көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет.
б) балалар табандарын еденге (партаның табан тақтайына) еркін басып отырады. Тізені қатты бүкпей, бір аяқты екінші аяқтың үсіне қоймай, аяқтарын алға, я артқа сілтемей отырғаны дұрыс;
в) партаға көкіректі тіремеу керек. Өйткені бұл тынысты тарылтады жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады;
г) қаламды ұстағанда саусақ қаламнан үш сантиметрдей жоғары тұратындай болып және қаламның жоғарғы жақ ұшы оң иықтың тұсына дәл келетіндей жағдайда болғаны жөн.
д) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтық 25-30 см сақталуға тиіс.
Әр мектепте оқушылардың партаға түзу, дұрыс отыруы бейнеленген және жазу кезінде қаламды дұрыс ұстау, отыру үлгілері бейнеленген плакаттар болуға тиіс.
Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек. Өйткені ұзақ уақыт бір-екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе, бала шаршайды да, сабаққа зейін қоюдан қалады, сондықтан үш-бес минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп, саусақты жаттықтыру сәті өткізіледі. Сонан соң құрамында үйреніп отырған дыбыс бар сөздер ойлап тауып, талдауға немесе ойын, мысалы, «Қай әріпті жоғалттым» ойнауға болады. Сонан соң ғана жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды.
Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға үйренулері қажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы арқылы (жазба таңбасы) берілген сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу аяқталғаннан кейін, баспа таңбалы әріптер жазылған мәтіндер көшіртіледі. Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа, буынға талданады.
Жазу жұмыстарында пайдалану үшін арнаулы «Жазу үлгісі» ұсынылады. «Жазу үлгісінде» әріптердің элементтері, жазба үлгілері беріледі.
Жазу жұмыстары, сондай-ақ басқа жұмыс түрлері де алдыңғы, дайындық кезеңіндегі сияқты болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет