Жаз айлары — суда жүзіп дем алатын адамдар үшін өте қауіпті уақыт. Суда болатын оқиғалардың басты себебі адамдардың өзін-өзі ұстау мәдениетінің жоқтығы. Яғни



Дата02.11.2022
өлшемі1,03 Mb.
#156224
Байланысты:
срс2


Суға бату кезіндегі көмек

Жаз айлары — суда жүзіп дем алатын адамдар үшін өте қауіпті уақыт. Суда болатын оқиғалардың басты себебі - адамдардың өзін-өзі ұстау мәдениетінің жоқтығы. Яғни:


Мас күйінде суға түсу; Қайықпен жүзу кезінде арнайы құтқару жабдықтардың болмауы; Балалардың су маңында ересектердің қарауынсыз, жалғыз қалуы; Жүзуді білмейтіндігі және жүзу кезінде өз күшін дұрыс есептемеуі; Шомылуға арналмаған жерде суға түсу.

Алғашқы көмек көрсету: Зардап шеккенге алғашқы көмекті судан көтеріп, жағаға немесе катерге жеткізгенше көрсету, жағдайын толық білу қажет, есі болса, үстін құрғатып сүртіп, жылы жерге әкеліп, ыстық шай, кофе немесе шарап беру керек. Ал егер, зардап шеккен адам көп уақыт бойы су астында қалып, ессіз жатса, егер ол тұншығып (асфиксия) немесе клиникалық өлім жағдайында болса, дереу дәрігер шақыру керек. Дәрігер келгенше уақытты жоғалтпай, зардап шеккенге алғашқы көмек көрсетуді бастау керек; зардап шеккен адамды шешіндіріп, оның ауыз-мұрнын лай-құмнан тазартып, таза орамалдан істелген білекше немесе кесек ағаш салу керек; тез арада өкпеге жасанды дем беруге кірісу керек.

  • Алғашқы көмек көрсету: Зардап шеккенге алғашқы көмекті судан көтеріп, жағаға немесе катерге жеткізгенше көрсету, жағдайын толық білу қажет, есі болса, үстін құрғатып сүртіп, жылы жерге әкеліп, ыстық шай, кофе немесе шарап беру керек. Ал егер, зардап шеккен адам көп уақыт бойы су астында қалып, ессіз жатса, егер ол тұншығып (асфиксия) немесе клиникалық өлім жағдайында болса, дереу дәрігер шақыру керек. Дәрігер келгенше уақытты жоғалтпай, зардап шеккенге алғашқы көмек көрсетуді бастау керек; зардап шеккен адамды шешіндіріп, оның ауыз-мұрнын лай-құмнан тазартып, таза орамалдан істелген білекше немесе кесек ағаш салу керек; тез арада өкпеге жасанды дем беруге кірісу керек.

Зардап шеккенді катерге, құтқару қайығына салып жағаға жеткізгенше, жасанды дем беруді жалғастыру керек, ол үшін ауа шығарғыш немесе арнаулы демалғыш және Рубенс қабын қолдану керек. Ұйқы тамыры соқпаса тез арада жүрек сылауына кірісу керек. Жұтқан суды толығымен өкпеден шығарамын деген ой қате, ол орындалмайтын іс
Зардап шеккенді етбетінен жатқызып, аяқтарын иіп, кеудені қырынан қысып
(10-15 секунд ішінде) осыдан кейін зардап шеккенді арқасына аударады. Егер тістерін аша алмаса, ауызын қолмен ашып,
арнаулы «Ауыздан мұрынға» әдісімен жасанды дем береді. Адамның аузын саусаққа мата орап алып тазалайды. Ашу қиындаса,
төмендегі жақты басу керек. Тыныс жолдарын судан тазалау үшін арнаулы
сорғыш қолданылады. Өкпе ісігін күшейтпеу үшін көбігін шығарғанша тазаламау керек. Зардап шеккенді құтқару орталығына жеткізгенше бүкіл шараларды жалғастыра
беру керек. Жасанды дем беруді тоқтату қателік. Зардап шеккеннің уақытша дем
алуы, оның толық қалпына келуі емес, сондықтан ессіз болса да, өкпенің ісігі
болса да, жасанды дем беруді жалғастыру керек. Жасанды дем беру желісін,
демалуы 1 минутта 40 рет соғып, денесі көгере бастаса да жасау керек. Көмекті тезірек, үзбей, уақытымен көрсетуді әр уақытта есте ұстау қажет.
«Ауыздан ауызға» жасанды дем беру техникасы. Зардап шеккеннің қаптал жағынан тұру керек; Бір қолды зардап шеккеннің маңдайына, екінші колды иегіне қойып, басын шалқайтып, төменгі жақты жоғарғы жаққа көтеріп, қысу керек.
Саусақтармен иегін ұстап, төменгі ерінді қысып зардап шеккеннің ауызын жабу керек;
Ауаны терең алып зардап шеккеннің мұрнын ауызбен жауып «ауа шықпайтын күмбез» жасау қажет;
Зардап шеккеннің мұрнына қатты дем жіберу керек.
Суда түскенде алдымен қауіпсіздік техникасын біліп,
оны тиісті қолдана білу шарт

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет