ОҚО,Төлеби ауданы,Леңгер қаласы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі
География пәнінің мұғалімі Л.Таженова
Сабақтың тақырыбы:Қазақстанның ішкі сулары.
Қазақстанның өзендері.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:Қазақстандағы ішкі сулардың түрлері,өзен жүйелері,алаптары, су шығыны және жылдық ағынының әр түрлі болу себептері,жазықтағы және таулардағы өзендердің қоректену типтері,ерекшелігі,өзендегі су режимі,өзендердің лайлылығы туралы білім беру,өзендер туралы жаңа деректермен ой-өрісін дүниетанымын кеңейту,еңбекке,табиғатты қорғауға,сүюге тәрбиелеу.
Нені істей білу керек: Оқу материалының жоспармен талдауға,өзенге карта және оқулық мәтіні бойынша тиянақты сипаттама бере білуі қажет.Өзендердің қоректену жағдайын , алабын кескіндей білу керек.
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап , БжС технологиясының кейбір элементтері, баяндау, талдау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, интерактивтік тақта , кестелер, тірек сызбалар.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгелдеу,оқушылардың көңілін сабаққа бөлу)
Үй тапсырмасын сұрау:
1.Логикалық жұптан бір қате нұсқаны тап:
1.Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері-130-1600 мм;
2.Батыс Алтай Кіші Үлбі өзенінің жоғарғы ағысы-1600 мм-жауын-шашынның ең көп түсетін жері;
3.Арал теңізінің солтүстік шығысы мен Балқаш көлінің батыс бөлігі -100мм-жауын-шашын ең аз түсетін жері;
4.Солтүстік өңірлерде-70-80%-ы –жауын-шашынның жылдық мөлшері қыста түседі;
5.Солтүстік аудандарда -20-30%-ы жауын-шашынның жылдық мөлшері қыста түседі.
2.Сәйкестігін тап:
1.Солтүстіктегі қардың қалыңдығы
2.Солтүстіктегі қардың жату ұзақтығы
3.Оңтүстіктегі қардың қалыңдығы
4.Оңтүстіктегі қардың жату ұзақтығы
5.Мыңжылдықтағы қардың қалыңдығы
6.Мыңжылдықтағы қардың жату ұзақтығы
7.К
8.Б
|
А-90 см
Б-40-60 күн
В-10-15 күн
Г-125-165 күн
Д-20-30 см
Е-230 күн
Ж-ылғалдану коэфиценті
З-буланушылық
|
3.Сәйкестігін тап:
Пайда болуы
|
Қолайсыз атмосфералық құбылыстар.
|
1.Күшті қызған және құрғақ тропиктік ауа массасының басым болуынан
2.Аязды ауа райынан кейін сіркіреме жауын жауғанда қалыптасады.
3.Ауа райы құрғақ кезде топырағы жеңіл ұшатын алапта соғады.
4.Континентті арктикалық ауа массаларының әсерінен қалыптасады.
5.Жылдың жылы маусымындағы жауын-шашынның географиялық таралуына тығыз байланысты.
6.Жылы мезгілде жауын бұлттың жылдам биіктікке көтерілуінен пайда борлады.
7.Атмосфера циркуляциясы ерекшелігі мен жергілікті жердің географиялық жағдайларына тығыз байланысты қалыптасады,күн салқын кезде түседі.
|
А-тұман
Б-көктайғақ
В-аңызақ
Г-шаңды дауыл
Д-үсік
Е-найзағай
Ж-бұршақ
|
Жаңа сабақ:1. Слайд бойынша жаңа сабақты түсіндіру.
2.Оқулықпен жұмыс.
3.Тірек сөздерді есте сақтау.
1.Ішкі су 12.Өзен жүйесі
2.Су 13.Ерекшелігі
3.Өзен 14.Жасы
4.85 мың 15.Жазық өзендері
5.1000 км 16.Тау өзендері
6.Алап 17.Таралуы
7.Суағыны 18.Су шығыны
8.Кіші алап 19.Жылдық ағын
9.Каспий алабы 20.Бөген
10.Арал алабы 21.Қоректенуі
11.Балқаш-Алакөл алабы
4.Кескін картаға орындалатын жұмыс:
1.Ірі өзендерді кескінге белгілеу.
2.Ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендерді қосымша белгілермен ерекшелеп сызу.
5.Өзенге сипаттама беру.
1 нұсқа: Жайық
2 нұсқа: Сырдария
А.Ұзындығы
Ә.Алабы
Б.Қоректену типі
В.Тасуы
Г.Ең төменгі кезі
Ғ.Мұздың қалыңдығы
Д.Мұздың еру уақыты.
Е.Жылдық ағын мөлшері (231 бет)
Ж.Бөгені.
6. Географиялық есептер шығару.
Өзеннің басталар жеріндегі абсолюттік биіктік 4500м, сағадағы биіктік 200м, ұзындығы 720 км. Өзеннің еңістік мөлшерін тап?
Бағалау:
Үйге тапсырма:
Мәтінді түсініп оқу.Қазақстан өзендерінің номенклатурасын жаттау,кесін картаны аяқтау.
Достарыңызбен бөлісу: |