Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық
маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан әлеуметтік тапсырыс нақты
тақырыптың негіздеме дәйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған
мәселенің ғылым аймағында зерттелу дәрежесінен туындайды.
Егер әлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың нәтижесінде
ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның міндеті ғылым
құрал-жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама-қарсылықтарды баяндап
беру. Әдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын құрайды.
Мақсат – қайта түзіліп,
өрнектелетін проблема.
Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң,