мүмкіндік беретін бірыңғай ақпараттық кеңістікті жасау және бірыңғай
тезаурусты қалыптастыру.
3. Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып сабақ беруге (сабақ
жүргізуге) дайындалу және соған көшу. Бұл ақпараттық-компьютерлік
қолдаудың оқу курстарын әзірлеуді көздейді, оның ішінде білім беру
мекемелерінің оқу жоспарларындағы гуманитарлық бөлікті де қамтиды.
4. Бірыңғай ақпараттық кеңістіктегі оқу үдерісін бағдарламалық-әдістемелік
қамтамасыз ету. Бұл мұғалімдердің, әдіскерлердің, психологтардың, оқу үдерісін
компьютерлік қамтамасыз ету жөніндегі мамандардың бірлесе жұмыс істеуін
талап етеді [16].
Осылайша, жоғары оқу орындарында оқу сатысының өзінде болашақ
мұғалімдер оқу үдерісінде жалпы компьютерді қолдануға дайындалуы және
нақты пәндерді оқыту кезінде компьютермен және басқа да микропроцесорлық
техникалармен жұмыс істеу іскерліктерін меңгеруі қажет.
Сонымен қатар, мұғалім еңбегінің мәселелеріне, жеткіншек ұрпақты
тәрбиелеу мен оқытудың көптеген мәселелерін шешудің күрделілігіне
қарамастан, жаңа мыңжылдықта адамға ең басты құндылық деп қарауды
бекітетін, оның бостандыққа, бақытқа, дамуға, өзінің физикалық және рухани
күш-қуатын білдіруге деген құқығын мойындайтын, әлеуметтік-құндылық
идеялардың кешені ретіндегі гуманизм ХХІ ғасыр мұғалімінің көзқарастарының,
нақты пікірлері мен идеалдарының жалпыланған жүйесіне айналады деп сенеміз.
Сонымен, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдай отырып, тек
қана гуманистік ойлаудың бекітілуі ғана мұғалім мен оқушының ара-
қатынастарының қалыптасуына ықпал етеді деген қорытындыға келеміз. Мұндай
стильдің өзіне тән сипаттары мыналар болып табылады:
оқыту мен тәрбиелеуде жеке тұлғаға бағдарланған көзқарас идеясын іске
асыру;
өзара іс-әрекет етудің топтық нысандарынан бірте-бірте жеке нысандарға
көшу;
оқушыларға қойылатын талаптардың тікелей нысандарынан (нұсқау, өкім
ету, бұйрық беру) жанама нысанына ауысу (кеңес, өтініш, ұсыныс);
оқушылармен арадағы іскерлік қатынастарға эмоционалдық реңк беру;
іскерлік коммуникативтік қызметті жүзеге асыру барысында тұрақты түрде
бақылау жүргізудің болуы;
мәдениеттілікті, өзіне, адамдарға, табиғатқа деген көзқарасты тәрбиелеуде
оқушыға көмек көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: