танымның
эмпирикалық
дейгейіндегі
зерттеудің негізгі әдісі болып табылады
Педагогикалық эксперимент – қатаң бақыланатын және басқарылатын
жағдайда педагогикалық құбылыстар мен процесстерді зерттеу. Кез келген
экспериментті жүргізудегі негізгі принцип – зерттеу барысында зерттелетін
құбылысқа бір-ақ жаңа фактор енгізу, қалғандары өзгеріссіз және қатаң бақылауда
болуы керек. Эксперимент түрлері:
табиғи (қалыпты оқу-тәрбие процесі
жағдайында) және
зертханалық – қандай да әдістің тиімділігін тексеру үшін
жасанды жағдайлар түзу (экспериментке алынған балалар тобы өз алдына
бөлектенеді). Көп жағдайларда табиғи эксперимент қолданылады. Ол зерттеуге
алынған педагогикалық құбылыс мазмұны, мақсаты және т.б. орай ұзаққа созылған
не қысқа мерзімді болуы мүмкін.
Егер эксперимент педагогикалық процестің нақты жағдайымен танысуға
бағытталған болса,
деректеуші (констатирующий) аталып, ал оқушы не сынып
ұжымының дамуына қажет жағдайларды анықтауға арналған күнде мұндай
эксперимент-
қайта жасаушы (дамытушы) деп аталады. Қайта жасау
экспериментінде салыстырып баруға керек бақылау топтары түзіледі.
Эксперименттік әдістің қиындығы: оны жүргізу техникасын жете білу қажет, бұл
зерттеу барысында ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен әдептілігі,
көрегендігі мен егжей-тегжейлілігі, зерттеудегілермен қатынас түзу қабілеттілігі де
маңызды келеді.
Құнды материал оқушылардың