5)
интервью алушы жауап берушіге әртүрлі жолдармен ықпал етпеуі керек
(бас шұлғу немесе келіспегенін білдіріп басын шайқау және т.б.);
6)
қажет болған жағдайда интервью алушы қосымшша тек бейтарап сұрақтар
қоя алады (мысалы, «Онымен не айтқыңыз келеді?», «Осы туралы толығырақ
түсінік берсеңіз.»);
7)
егер жауап беруші сұрақты түсінбесе оны қайта оқу керек; жауап берушіге
сұрақты, сұрақта кездесетін түсініктерді түсіндіруге болмайды және сұрақ қайта
оқылғаннан кейін де түсініксіз болса «Сұрақ түсініксіз» деп жазып қою керек;
8)
жауаптар тек интервью алу кезінде жазылады.
Сауалнама алу
– зерттеудің мәліметтерді жаппай жинау әдісі. Сауалнама
алуға қойылатын талаптар:
1)
оның қолданылуының мақсаттылығы;
2)
қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік беруі;
3)
сұрақтардың түсінікті болуы және бір-біріне қарама-қайшы келмеуі;
4)
сауалнама сұрақтары жауап берушіде теріс эмоция туғызбауы;
5)
жауап берушінің дайындық деңгейін ескеру.
Сауалнама түрлері: ашық, жабық және аралас.
Ашық сауалнамада сұрақтарға жауаптарды жауап берушінің өзі құрастырса,
жабық сауалнамада дайын жауаптардың біреуін таңдайды. Аралас сауалнамада
сұрақтар ашық және жабық түлде болады.
Достарыңызбен бөлісу: