№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет110/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   293
Байланысты:
педагогика

дискретті  (үзік-үзік)  бақылау
  объектіні  ұзақ  уақыт  бақылайтын  кезде 
қолданылады. Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл немесе 
бір  жыл.  Бақылап-зерттеу  белгілі  бір  уақытта  үзіліп,  кейін  қайтадан 
жалғастырылады; 

монографиялық  бақылау
  біреуді    немесе  бір  нәрсені  бақылау  кезінде 
қолданылады;  
Сауал-сұрақ 
әдістері - әңгімелесу, интервью алу, сауалнама жүргізу. 
Әңгімелесу 
–  қажетті  ақпаратты  алу  мақсатымен  қолданылатын  зерттеудің  
жеке  немесе  қосымша  әдісі.  Әңгімелесу  алдын-ала  жасалған  жоспар  бойынша 
анықтауды қажет ететін белгіленген сұрақтар   бойынша жүргізіледі. Әңгімелесу 
еркін формада өткізіледі.  
Сауал-сұрақ  әдістерінің  бірі 
интервью  алу
.  Интервью  алу  барысында 
зерттеуші  жоспарланған  сұрақтар  алдын-ала  белгіленген  қатаң  бір  ретпен 
қойылады.  
Сұрақтар құрастыру барысында төмендегі талаптар сақталуы керек:  
1)
 
сұрау кездейсоқтық сипатта емес, жоспарлы болуы керек;  алғашында  оңай, 
соңына қарай қиын сұрақтар қойылады; 
2)
 
әр сұрақты өзгертусіз қағаздан оқу қажет; 
3)
 
сұрқтар міндетті түрде рет-ретімен қойылуы қажет; 
4)
 
интервью қысқа уақытты болуы керек (оқушылармен – 15-20 минуттан, ал 
үлкендермен 30 минуттан аспауы керек); 


5)
 
интервью  алушы  жауап  берушіге  әртүрлі  жолдармен  ықпал  етпеуі  керек 
(бас шұлғу немесе келіспегенін білдіріп басын шайқау және т.б.); 
6)
 
қажет болған жағдайда интервью алушы қосымшша  тек бейтарап сұрақтар 
қоя  алады  (мысалы,  «Онымен  не  айтқыңыз  келеді?»,  «Осы  туралы  толығырақ 
түсінік берсеңіз.»);  
7)
 
егер жауап беруші сұрақты түсінбесе оны қайта оқу керек; жауап берушіге 
сұрақты,  сұрақта  кездесетін  түсініктерді  түсіндіруге  болмайды  және  сұрақ  қайта 
оқылғаннан кейін де түсініксіз болса «Сұрақ түсініксіз» деп жазып қою керек; 
8)
 
жауаптар тек интервью алу кезінде жазылады. 
 Сауалнама  алу
  –  зерттеудің  мәліметтерді  жаппай  жинау  әдісі.  Сауалнама 
алуға қойылатын талаптар: 
1)
 
оның қолданылуының мақсаттылығы; 
2)
 
қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік беруі; 
3)
 
сұрақтардың түсінікті болуы және бір-біріне қарама-қайшы келмеуі; 
4)
 
сауалнама сұрақтары жауап берушіде теріс эмоция туғызбауы; 
5)
 
жауап берушінің дайындық деңгейін ескеру. 
Сауалнама түрлері: ашық, жабық және аралас. 
Ашық  сауалнамада  сұрақтарға  жауаптарды  жауап  берушінің  өзі  құрастырса,  
жабық сауалнамада  дайын жауаптардың  біреуін  таңдайды.     Аралас  сауалнамада 
сұрақтар ашық және жабық түлде болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет