№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Ғылыми дүниетаным қалыптастыру жолдары



Pdf көрінісі
бет156/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Ғылыми дүниетаным қалыптастыру жолдары.  
Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның барысында жеке 
көзқарастар  және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет 
жасауына басшылық болады. Егер адамның көзқарастар жүйесі оның санасының, 
сезімдерінің  бірлігіне  сүйенсе,  тек  сол  жағдайда  ғана  онда  әлем  туралы  тұтас 
түсінік қалыптасады. Сондықтан дүниетаным қалыптастыру тұлғаның белсенді іс-
әрекетінен,  оның  интеллектісіне,  жігеріне,  эмоцияларына  ықпал  етуден  тікелей 
тәуелді.  Дүниетаным  процесіне  әр  түрлі  факторлар,  мәселен  әлеуметтік  және 
микроорта,  оқыту  және  тәрбие,  жаппай  ақпарат  құралдары  және  т.б  әсер  етеді. 
Олардың әрқайсысы әр түрлі ықпал жасайды. 
Дүниетанымның  интеллектуалдық  компоненті  шындықты  тікелей  сезімдік 
қабылдаудан абстратілік ойлауға көшуді талап етеді. Одан нақты ойлауға көшеді. 
Абстрактіліктен  нақты  ойлауға  көшу  барысында  әлем  құбылыстарының  мәнін, 
себеп-салдар байланыстарын түсіну жүреді. 
Аналитикалық-синтетикалық іс-әрекеттің кез-келген нәтижесінде білім де, іс-
әрекет әдісі де болады. Олар тану процессінің әр түрлі жақтары. Бірақ бұл процесте 
жетекші рольді білім атқарады. Осылардың барлығы оқушыларды біліммен ойлау 
және әрекет етудің бірлігі негізінде дамытуды талап етеді. 
 Дүниетаным жеке-жеке 
білімдерден емес, оның жүйесінен
 тұрады. Ол білімдер 
әдіснамалық  теориялар,  концепциялар,  идеялар  негізінде  ұйымдаса  отырып, 
мүмкіндігінше қәзіргі заманғы ғылыми білімдердің құрылымын көрсетеді.  
Білімдер сенімдерге айналуы, тұлғаның басымды қажеттіліктеріне, әлеуметтік 
күтулері мен құндылық бағыттылықтарына, жалпы көзқарастар жүйесіне енуі үшін 


сезімдеріне әсер етуі  керек. 
Оқушылардың оң эмоционалдық жағдайы 
оларды  өз 
тәжірибелеріне,  ұлы  ғалымдардың  және  қоғам  қайраткерлерінің  өмірі  мен  іс-
әрекетіне назар аудартады. 
Ғылыми 
дүниетанымды 
қалыптастыруда 
интеллектуалдық 
және 
эмоционалдық-жігерлік 
компонентпен 
қатар 
практикалық-әрекеттік 
компоненттің
  де  маңызы  зор.  Сондықтан  оқушыларды  практикалық  әрекеттер 
жүйесіне,  әлеуметтік  қарым-қатынастарға    тарту    олардың  жан-жақты 
ақпараттарды, қарым-қатынас тәжірибесін меңгеруіне жағдайллар жасайды. 
Оқушыларда  ғылыми  дүниетанымды  қалыптастырудың  тұтас  процесі 
оқытудағы сабақтастықпен, оқу пәндерінің бір-бірінң байланысымен  қамтамасыз 
етіледі. 
Пәнаралық  байланыстарды  іске  асыру 
бір  құбылысты  жан-жағынан 
көруге, ол туралы тұтас түсінік алуға мүмкіндік береді. 
Педагогтің  әлеуметтік  және  кәсіби  позициясы 
оқушының  ғылыми 
дүниетанымын 
қалыптастырудың 
бір 
жолы. 
Оқушылардың 
ғылыми 
дүниетанымын қалыптастырудағы жетістік көп жағдайда оқушылардың мұғлімге 
деген  сеніміне  байланысты.  Сондықтан,    ғылымның  мәнін,  жетекші  идеяларды 
толық түсінген, қабылдаған, шығармашы тұлға ретінде қалыптасқан мұғалім ғана 
жастардың рухани жетекшісі бола алады. 
Дүниетанымның қалыптасуы  педагогикалық процесс ретiнде, объективтi түрде 
єдіснамалыќ идеялардың реттелген жиынтығын оқушылар игiлiгiне айналдыруды 
талап  етедi.  Оқушылар  материалистiк  диалектиканың  мынадай  заңдары  мен 
категорияларын  игерулерi  қажет:  дүниенiң  материалдығы  мен  танымдылығы; 
қозғалыс – материяның өмiр сүру формасы ретiнде; материяның бiрiншi, сананың 
екiншi  болуы;  қарама-қайшылықтардың  бiрлiгi  мен  күресi;  себептi  байланыс  – 
болмыстың  жалпы  заңы;  сандық  өзгерiстердiң  мөлшерден  шығып  кетуi  мен 
олардың сапалық өзгерiстерге айналуы; дамудың  үздіксіздігі мен үздіктігі; себеп 
пен  салдар  диалектикасы; құбылыс  –  мәндiлiктiң көрiнiсi  ретiнде; мүмкiндiк  пен 
шындық; практика – таным негiзi, ақиқат өлшемі. 
Дүниетаным қалыптасуының бiртұтас процесi бiлiм берудегi  сабақтастық, оқу 
пәндерi арасындағы өзара  байланыс арқылы жүзеге асады. Оқыту – оқытушы мен 
оқушының  бiрлескен  іс-әрекетiмен  сипатталады,  іс-әрекеттiң  мақсаты  – 
оқушыларды дамыту, олардың бойында бiлiм, бiлiк, дағдыларды, яғни нақты бiр іс-
әрекеттiң жалпы бағыттық негiзiн қалыптастыру. 
Кез  келген  аналитикалық-жүйелiк  іс-әрекеттiң  нәтижесiнде  (түсiнiкте,  
идеалдарда, теорияларда) бiлiм де, іс-әрекет әдiс-тәсiлдерi де бар. Бұл  танымның 
әр  түрлi  жақтары,  бiрақ  бұл  процесте  ең  басты  орында  бiлiм  тұрады.  Осының 
барлығы  оқушы  бойында  бiлiм  мен  бiлiкке  қоса  ойлау  мен  әрекет  ете  алуды 
дамытуды талап етедi. Ғылыми бiлiм құрылымында екi деңгей бар: эмпирикалық 
және теориялық. Олар объективтi болмысты көлемiрек, тереңiрек және толығырақ 
суреттеуi  бойынша  ажыратылады.  Дүниетаным  жекелеген  бiлiмдерден  емес, 
заманның талабына сай бiлiмдердiң құрылымын қамтитын, әдіснамалық идеялар, 
теориялар  мен  принциптер  негiзiнде  ұйымдастырылатын  жүйе.  Оқушылардың 
меңгерген  бiлiмдер  жүйесi  әрдайым  қозғалыста  болады,  басқа  жүйелермен 
қатынасқа түсiп, оларды пайдалану мiндеттерiне сәйкес жалғасады.  


 Оқыту – оқушылардың ғылыми бiлiмдердi, бiлiк пен дағдыларды меңгерудегi, 
шығармашылық  қабiлеттiлiгiнiң,  дүниетанымы  мен  адамгершілік-эстетикалық 
көзқарастарының  дамуындағы  белсендi  оқу-танымдық  іс-әрекетiн  ұйымдастыру 
мен  ынталандырудың  мақсатты  педагогикалық  процесi.  Оқыту,  адамның  iс-
әрекетiн белгiлi бiр бiлiмдердi, бiлiк пен дағдыларды меңгерудiң саналы мақсаты 
билеген  кезде  қызмет-әрекет  ретiнде  жүзеге  асады.  “Түсiнiктердi,  ұғымдарды, 
заңдарды  оқушылардың  басына  жаттанды  түрде  сiңiруге  болмайды.  Оларды 
оқушының өзi, мұғалiмнiң басшылығымен, көмегiмен қалыптастыруы қажет. Білім 
түсiнiктердiң  пайда  болуы,  заңдарды  жете  түсiну  –  оқушының  ойлау  мен  іс-
әрекетiнiң белсендi процесi” (М. Н. Скаткин). 
Оқу оқушылардың  іс-әрекетiнiң басты  нәтижесi олардың бойында  теориялық 
сана мен ойлаудың қалыптасуы болып табылады. Оқу іс-әрекетiнiң психологиялық 
мазмұны iс-әрекеттiң жалпы тәсiлдерiн, бiлiмдердi меңгеру болып табылады.  
Бiлiмдер  сенiмге  айналу  үшiн,  жеке  тұлғаның  қажеттiлiктерiнен,  әлеуметтiк 
үмiт  пен  құндылық  бағыттарынан  биiк  болып  тұрған  көзқарастарының  жалпы 
жүйесiне  және  оның  сезiмiне  айналуы  қажет.  Оқушылардың  жағымды 
эмоционалдық  күйi,  олардың  жеке  тәжiрибесiне,  әлеуметтiк-психологиялық 
жағдайына сүйенеді.  
Оқу  мен  еңбек,  қоғамдық  іс-әрекет  оқушыларды  әлеуметтiк,  жан-жақты 
ақпаратпен,  саяси  қарым-қатынас  тәжiрибесiмен  қаруландырады.  Ол  оқушының 
iшкi жан-дүниесiне, жеке тұлғаның белсендi жасампаздық қажеттiлiгiн дамытады. 
Негізгі әдебиеттер: 
1.Қоянбаев Р., Қоянбаев Ж. Педагогика. Алматы 2004. 
2.Педагогика. Дәріс курсы. Алматы 2003.  
3. Әбиева Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын, 2004.  
9.
 
Гессен С.И. Основы общей педагогики. Введение в прикладную философию. 
-., 1995. 
10.
 
Журавлев В.И. Педагогика в системе наук о человеке. – М.,1990. 
11.
 
Подласый И.П. Педагогика: Новый курс. М.: ВЛАДОС, 2003. 
12.
 
Сластенин В.А., и др. Педагогика.М.: Академа, 2003. 
13.
 
Амантурлин Ш.Б. Орысша-қазақша педагогикалық сөздік. А., 1994 
Қосымша 
9.Мудрик А.В. Социализация и смутное время. – М.,2000. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет