№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет167/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Азаматтық  тәрбие 
мәні  –  кемелденудегі  ұрпақты  отаншылдық,  құқықтық, 
адамгершілік  сезімдеріне  баулып,  өз  қадірін,  тұлғалық  еркіндігін,  тәртіптілікті, 
басқа  азаматтар  мен  мемлекеттік  билікті  сыйлауды  үйрету,  сонымен  бірге 
жүктелген  міндеттерді  орындау,  отаншылдық,  ұлтжандылық  және  ұлтаралық 
сыйластық сезімдерін үйлесімді байланыстыра білу қабілетін дамыту.  
Азаматтық  тәрбие  мақсаты 
– 
әр  адамда  қоғамның  адамгершілік  мұраттарын, 
Отанға  деген  сүйіспеншілік,  бейбітшілікке  ат  салысу  ықылас  –ниеттерін 
қалыптастыру.  Азаматтықтың  негізгі  элементтері  –  мемлекет  және  басқа 
азаматтарды құрметтеуге байланысты өз міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін 
адамгершілік  және  құқықтық  мәдениет.  Кемелденген  азаматтықтың  белгісі  –  сөз 
бен істің бірлігі. Адам тұлғасының дамуына бағытталған гуманистік қадамдар да – 
осы азаматтық сезімдердің деңгейімен бағаланады.  
Азаматтық  тәрбиеге  байланысты  іс-әрекеттер  мазмұны:  әрекет-  қылықтың 
конституциялық және құқықтық талаптарын зерттеу, үйрену; бейбітшілікке, зорлау 
күшін  жұмсамауға  тәрбиелеу;  қоғам  және  тұлға  мүддесін  танытушы  қоғамдық 
сананың  бір  формасы  азаматтың  сезімін,  ұлтаралық  ортақтасу  және  құқықтық 
қатынастар  мәдениетін,  еліміздің  жетістіктері  жөніндегі  білімдер  жүйесін, 
адамның қоғамда  өз  мүмкіндіктерін  іске  асыруға  себепші  азаматтық  тәжірибесін 
қалыптастыру.  
Азаматтық тәрбие тиімділігін көтерудің арқасында төмендегідей жетістіктерді 
қолға түсіруіміз мүмкін:  
-  азаматшылдық  идеяларын  қабылдаудың  психологиялық  кейіп  жағдайлары 
жасалады;  
- азаматтар өз араларындағы міндеттерді мойындайтын болады;  
- бірлікті өмір сүруге дағдыланады;  
- өз талаптарында , әрекет-қылықтарында , әдеттері мен әрекеттерінде, ниеттері 
мен қалауларында астамдылыққа бармауға үйренеді; 
- басқалар мүддесін де ескерудің қажеттігін сезінетін болады;  
- қоғамдағы бейбітшілік, өзара түсіністік, ымырашылдық пен тәртіптілік сақтау 
үшін қажет азаматтық ортақтасудың басты шарты өзіндік бақылау  мен қадағалау 
жүргізуге бейімделеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет