№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет169/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   293
Байланысты:
педагогика

Құқықтық  тәрбие. 
Құқықтық  тәрбие  мақсаты  –  оқушыларда  құқықтық 
мәдениет  пен  құқықтық  әрекет-қылық  қалыптастырып,  оларды  құқықтық 
заңдылық  талаптарын  түсінуге  әрі  мойындауға  баулу.  Құқықтық  тәрбие  жүйесі 
мемлекет сипаты және саясатымен белгіленеді.  
Құқықтық норма адамның қоғамдағы талапқа сай әрекет-қылығының мұратты 
(идеяльная)  моделі.  Құқық  пен  тәрбиенің  өзара  байланысты  әрекеті  негізінен 
жанама  түрде  тәрбиеге  араласқан  ата-аналар  мен  ересектер  арқылы  іске  асып 
барады.  Азаматтық  қорғанысы  әлі  жетілмеген  бала  заң  аясында  қолдау  табады: 
оның  ерекше  мәртебесі  «Адам  құқықтарының  жалпы  декларациясында»(1989ж) 
және  «Бала  туралы  Конвенцияда»  (1989ж)  жарияланды.  Отбасы  және  мектеп 
жағдайларында  балалар  орынды  әрекет-қылық  әдеттерін,  адамгершілік  және 
құқықтық  нормаларын,  әлеуметтік  іс-әрекеттердің  алғашқы  дағдыларын  меңгере 
бастайды.  
Құқықтық  тәрбиеге  байланысты  іс-әрекеттер  мазмұны-  құқық  бұзушылық 
әрекеттерге  арқау  болар  жағдайларды  (өмір  мен  тәрбиедегі  қолайсыз  жәйттерді) 
жою;  оқушылардың  өмірі  мен  тәрбиесіне  орай  жағдайлар  мен  оларды  қоршаған 
ортаны  зерттеу;  тәрбиеленушінің  жеке  ұстанымдарына  түзетулер  енгізу;  бұрын 
қылмыс жасаған оқушылармен жұмыс алып бару.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет