Экологиялық тәрбие.
Бұл тәрбиенің мақсаттары- тәрбиеленушілерде
қоршаған ортаға деген жауапкершілік; табиғатты ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылық ретінде тану мен оған жауапкершілікті қатынастар жасау жөніндегі
білімдер қалыптастыру; нақты тіршілік аймағы табиғатын зерттеп, мүмкін болар
экологиялық жағдайлардың ауысуынан туындайтын зардаптардың алдын алуға
үйрету; сонымен бірге
қоршаған ортадан ләззат
(халықаралық экологиялық
қауымдастықтың ұраны)
алу
арқылы табиғат субъекттерінің баршасына қатысты
қайырымдылық сезімін тәрбиелеу.
Экологиялық тәрбиеге байланысты іс-әрекеттер мазмұны:
- тәрбиеленушілердің қоршаған табиғатты зерттеп, тануы;
- табиғаттың экологиялық қалпына талдау жүргізу;
- әлем, ел, оқушы жасап жатқан ортаның экологиялық жүйесі проблемаларымен
танысу;
- адам әрекет-қылығын зерттеп, нақты аймақ пен бүкіл әлемдік экологиялық
жағдай, одан болар ықпалдарды (ұнамды не кері) зерттеп, білу.
Достарыңызбен бөлісу: |