№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Қазіргі  психологиялық-педагогикалық  ғылымдағы  тұлға  ұғымы  және



Pdf көрінісі
бет19/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Қазіргі  психологиялық-педагогикалық  ғылымдағы  тұлға  ұғымы  және 
оның сипаттамасы  
Педагогика теориясы мен практикасының ең күрделі, ең өзекті мәселелерінің 
бірі  –  тұлға  және  оның  арнайы  ұйымдастырылған  жағдайдағы  дамуы.  Бұл 
проблема көп аспектілі, сондықтан оны әртүрлі ғылымдар зерттейді. 
Тұлға  проблемасы  бірқатар  ғылымдардың  -  философия,  әлеуметтану, 
психология,  педагогика  ғылымдардың  зерттеу  объектісіне  жатады.  Педагогика 
оқыту мен тәрбие үдерісінде тұлғаның жан-жақты, гармониялы дамуының тиімді 
жағдайларын анықтайды және зерттейді.  
Тәрбиенің негізгі мақсаты тұлғаны қалыптастыру, оны жан-жақты үйлесімде 
дамыту. Тұлғаны дамыту мен қалыптастыру проблемасының көптеген ғасырлар 
бойғы  тарихы  бар.  Оның  көптеген  аспектілері  бар  және  әртүрлі  ғылымдардың 
тоғысында қарастырылады. Ежелгі грек философтарының өзі тұлғаның дамуына 
оның бойына туа біткен негіздер, қоршаған орта әсер етеді деп санаған, дәл осы 
пікір 
кейінгі 
дәуірлердегі 
ілгерілеуші 
философиялық-педагогикалық 
тұжырымдарда  да  жалғасын  табады  (Я.А.Коменский,  Э.Роттердамский, 
К.А.Гельвеций,  Д.Дидро,  А.Дистервег,  К.Д.Ушинский,  З.Фрейд,  Д.Дьюи, 
Э.Торндайк,  П.П.Блонский,  А.С.Макаренко,  Б.Г.Ананьев,  Л.С.Выготский,  А.Н. 
Джуринский, К.К. Платонов, С.Л.Рубинштейн және т.б..) [1-6]. 
«Тұлға»  ұғымы  арқылы  адамның  әлеуметтік-психологиялық  болмысы 
анықталады, ол оның сана мен мінез-құлықтың қоғамдық нысандарын игеруінің 
нәтижесінде  қалыптасады  (біз  қоғамдағы  өмірдің,  тәрбиенің,  оқудың, 
араласудың,  өзара  әрекеттестіктің  әсер-ықпалдарына  қарай  тұлға  болып 
қалыптасамыз).  
Сонымен  қатар,  тұлға  дегеніміз  –  қоғамдық  қатынастардың  объектісі  ғана 
емес:  ол  әлеуметтік  әсерлерді  сезініп  қана  қоймайды,  оларға  қарсы  тұрады, 
оларды  өзгерте  алады,  өйткені  тұлға  бірте-бірте  сол  ішкі  жағдайлардың 
жиынтығы бола түседі, сол арқылы қоғамның сыртқы әсерлеріне қарсы тұрады. 


Мұндағы ішкі жағдайлар деп отырғанымыз – бұрынғы әлеуметтік әсерлерге 
байланысты  қалыптасқан  тектік-биологиялық  және  әлеуметтік  шартты 
қасиеттердің  қоспасы.  Тұлғаның  қалыптасуына  қарай  ішкі  шарттар  біртіндеп 
тереңдей түседі. Нәтижесінде бірдей болып көрінетін сыртқы әсерлер әр адамға 
әртүрлі әсер етуі мүмкін.  
Осылайша, тұлға дегеніміз – қоғамдық қатынастардың объектісі немесе өнімі 
ғана  емес,  сонымен  қатар  қызметтің,  араласудың,  сана-сезімнің,  танымның 
белсенді субъектісі де [5]. 
Бұл ретте субъект өз әрекеттерінің  нәтижесі болып табылады,  ол барынша 
белсенді, және сыртқы әсерлерге қарсы тұра алады. 
Адам  әлемнің  үш  саласында,  яғни  табиғатта  –  қоғамда  –  мәдениетте  өмір 
сүретін болғандықтан, субъектінің үш түрін атауға болады: 
Табиғи  субъект  –  табиғи  ортаның  үздіксіз  өгеріп  отыратын  жағдайларына 
қарай икемделіп отыратын адам; 
Әлеуметтік  субъект  –  белгілі  бір  қоғамда  қалыптасқан  әлеуметтік 
нормаларды, ережелерді бойына сіңірген адам; 
Мәдени субъект – жалпы адами және мәдени принциптердің негізінде өмірлік 
проблемаларды өз күшімен және жауапты түрде шеше алатын субъект [4]. 
Тұлға  ұғымы  кең  мағынада  субъектінің  үш  түрінің  барлығын  да  қамтиды. 
Тұлға  туа  бітпейді,  ол  мәдени,  әлеуметтік  дамудың  нәтижесінде  қалыптасады. 
Сонымен  қатар,  тұлға  мақсатқа  ұмтылып  қана  қоймайды,  ол  өздігінен 
ұйымдастырылатын  жүйе.  Оның  назары  мен  қызметін  сыртқы  әлем  ғана  емес, 
оның өзі де баурайды, бұл оның өзі туралы түсінігін, өзін-өзі сыйлауын, өзін-өзі 
жетілдіруін, әдет-дағдыларын, өзін-өзі қадағалай білуін, өзін-өзі талдай білуі мен 
өзін-өзі реттей білуін қамтитын ішкі сезімі арқылы білінеді. 
Тиісінше,  тұлғаны  әлеуметтік  ортаның  әрекетсіз  өнімі  ғана  деп  топшылау 
және  тұлғаны  белсенді  қайраткер  ретінде  мойындамай  қоюға  болмайды. 
Тұлғаның  әлеуметтік  тәжірибені  меңгеруі  тұлғаның  ішкі  әлемі  арқылы  жүзеге 
асады, оның ішкі әлемі адамның өз әрекеттері мен оның өзіне қатысты әрекеттері 
арқылы  білінеді.  Белсенділік  тұлғаға  тән  мінез-құлық  сарынында,  әрекет 
тәсілдерінде  көрініс  береді,  кеңірек  қарастырсақ  –  оның  айналадағы  өмірді 
өзгертуге  бағытталған  көпқырлы  қызметінде  білінеді.  Тұлғаның  белсенділігі 
оның өмірдегі өзінің орнын сезіне отырып ұстанатын  өмірлік ұстанымында да 
көрінеді.  
Ұқсас,  тіпті  айырмашығы  жоқ  өмірлік  жағдайлардың  өзі  де  тұлғаның 
белсенділігінің әралуан нысандарын аша отырып, әртүрлі өмірлік ұстанымдарды 
туындатуы мүмкін. Мысалы «екілік» баға алу біреуді қатты қапаландырып, оны 
тез арада жоюға ұмтылыс тудырады, ал екінші біреуге ешқандай әсер етпейді, ол 
түк  болмағандай  сыңай  танытады,  ал  үшінші  біреу  болса,  күмәнді  топқа  еріп, 
өзінің сабағына салғырт қарайтындықтан, бұл оның кекесін  күлкісі келтіреді.  
Бұл – тұлға болу дегеніміз ішкі қажеттіліктерге қарай туындайтын таңдауды 
жасай білу, қабылданған шешімнің себеп-салдарын бағамдай білу, өз әрекеттері 


үшін өзіне өзі жауап беру, өзі өмір сүретін қоғам алдында жауап беру  деген сөз. 
Тұлға болу – таңдау бостандығына ие болу және оның ауыртпашылығын тарта 
білу. 
Сонымен  қатар,  тұлғаның  ең  айқын  белгісі  оның  әлеуметтік  мағынасы, 
әлеуметтік  функцияларды  атқаруы  (өмірге  қатысты,  адамдарға,  еңбекке,  тұтас 
қоғамға және т.с.с.) болып табылады. Солай бола тұрғанымен, тұлғаның өзіне тән 
психикалық  даму  деңгейі  (темперамент,  мінез,  қабілеттер,  қажеттіліктер, 
қызығушылықтар) болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет