№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Жеке тұлғаға бағдарланған білім беру тұжырымдамасы



Pdf көрінісі
бет21/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
 Жеке тұлғаға бағдарланған білім беру тұжырымдамасы 
Педагогика мен педагогикалық психологияда осы уақытқа дейін жеке тұлғаға 
бағдарланған  білімнің  мәнін  анықтау  бойынша  түрлі  талпыныстар  жасалған 
(Е.В.Бондаревская, В.С.Ильин В.П.Сериков, И.С.Якиманская) [10-13].  
И.С. Якиманскаяның пікірі бойынша, оқушыны бүкіл оқу үдерісіндегі басты 
кейіпкер ретінде мойындаудың өзі жеке тұлғаға бағдарланған педагогика болып 
табылады.  Жеке  тұлғаға  бағдарланған  білімнің  моделін  жасап  шығу  үшін  ол 
келесі ұғымдарды айыра білу қажет деп есептейді: 
әртүрлі деңгейлік көзқарас – бағдарламалық материалдың оқушыға түсінікті 
бола алатын күрделілік деңгейіне бағдарлану; 
дифференцияланған  қатынас  –  сыртқы  (анығырақ  айтқанда,  аралас) 
дифференциация  негізінде  балаларды  топтарға  бөлу:  біліміне,  қабілетіне,  білім 
беру мекемесінің түріне қарай; 
жеке  қатынас  –  балаларды  бір  тектес  топтарға  бөлу:  үлгерімі,  қабілеттері, 
әлеуметтік (кәсіби) бағыттарына қарай; 
субъективті-жеке  тұлғалық  қатынас  –  әрбір  балаға  жеке-жеке,  бірегей, 
қайталанбайтын құбылыс ретінде қарау [13].  
Мұндай  қатынастарды  іске  асыруда,  біріншіден,  жұмыс  жүйелі  түрде, 
оқытудың барлық сатыларын қамтитын болуы қажет.  
Екіншіден,  оқу  жоспары,  әр  оқушының  тапқырлық  қабілеттерін  ашуға, 
оларды  тұрақтандыруға  қажетті  жағдайларды  ұйымдастыру  түріндегі  айрықша 
оқу  ортасы  болуы  шарт,  олай  болмаған  жағдайда  танымдық  стильдің  болуы 
мүмкін емес [14].  
Үшіншіден, арнайы дайындалған, жеке тұлғаға бағдарланған педагогиканың 
мақсаты мен құндылығын түсінетін мұғалім керек. 
Қазіргі замандағы білім заңды түрде бірнеше сапалық дәрежелерге ие болып 
келе жатқанын атап айту керек: 


өзінің  мәні,  құндылығы  және  мақсаттылығы  жағынан  жеке  тұлғаға 
бағдарланған;  
ұйымдастырылу  үдерісі  мен  нәтижелерге  анық  қол  жеткізудің  кепілділігі 
жағынан технологияландырылған; 
үдерісті басқару әдістері мен оқыту сапасы  тұрғысынан субъектішілік; 
жеке элементтердің ішкі өзара байланысының жүйелендірілген; 
ұйымдастырушылық-педагогикалық  іске  асыру  нысандары,  әдістері  және 
үлгілері жағынан вариативті; 
субъектілерге және олардың маңайына қатысты экологиялық; 
ғылыми  дәстүрлерді  сақтау  мен  мәдениеттің  негізгі  элементтерін 
кіршіксіздендіру жағынан іргелі; 
новациялар мен өзгерістерді енгізу жылдамдығы жағынан икемді.  
Осылайша, қазіргі замандағы психологиялық-педагогикалық әдебиетте жеке 
тұлғаға бағдарланған білім деп оқыту үдерісінің белгілі бір түрі саналады, онда 
келесі жағдайлардың орнығуы шарт: 
оқушы  тұлғасы  мен  мұғалімнің  тұлғасы  оның  субъектілері  ретінде 
қарастырылады;  
білім  берудің  мақсаты  баланың  тұлғасын  дамыту,  оны  бірегей  және 
қайталанбайтындай ету; 
оқыту  барысында  баланың  құндылықтарға  бағдарлануы  мен  оның 
сенімдерінің құрылымы ескеріледі, соның негізінде оның «ішкі әлемінің моделі» 
қалыптасады,  бұл  ретте  оқыту  мен  үйрету  үдерістері  оқушының  таным 
тетіктерінің,  ойлау  және  өзін-өзі  көрсету  стратегияларының    ескерілуімен 
келісіледі,  ал  мұғалім-оқушы  ара  қатынасы  өзара  ынтымақтастық  пен  таңдау 
еркіндігінің негізінде құрылады; 
оқу  үдерісінде  оқушы  балаға  зор  таңдау  еркіндігі  беріледі,  осы  еркіндіктің 
шеңберінде оқушы мұғалімнің оқыту тәсіліне емес, мұғалім оқушының қарым-
қабілетіне қарай икемделуі тиіс.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет