семинар-сөз-жарыс
.
Ол қандай да бір проблеманың
шешілу жолдарын айқындау мақсатындағы ұжымдық талқыға арналады. Мұндай
семинардың мақсаты –дүниетанымдық бағыт-бағдар бекіту, бағалау пікірлерін
қалыптастыру, пікірталас жүргізу ептіліктерін дамыту, өз көзқарастары мен
ұстанымдарын қорғауға үйрету, өз ойын қисынды да анық баяндауға баулу.
Оқу конференциясы
–
білім арттыру, бекіту және жетілдіруге бағытталған оқу
ұйымдастыру формасы. Әдетте, мұндай форма бірнеше топтардың қатысуымен
өткізіледі.
Зертхана-практикалық сабақтар, практикумдар
–
оқушылардың мұғалімдер
тапсырмалары және басшылығында зертханалық тәжірибе жұмыстар орындауына
арналған оқу ұйымдастыру формасы. Бұл оқу түрі пән кабинеттерінде ,
зертханаларда, шеберханаларда, оқу-тәжірибе алаңдарында, оқушылардың
өндірістік бригадаларының қатысуымен өндіріс комбинаттарында өткізіледі.
Мұндай дәрістердің негізгі дидактикалық мақсаттары - өтілген теориялық
материалдардың эксперименталды негіздемесіне көз жеткізу; эксперимент
техникасын меңгерту; тәжірибелер өткізу арқылы оқу-тұрмыстық міндеттерді
шешу ептіліктерін қалыптастыру; әрқилы оқу жабдықтары мен техникалық
құралдарды пайдалануға дағдыландыру.
Бұл сабақтар сонымен бірге бағдарламадағы ірі бөлімдерде берілген теориялық
материалдар игерімін бақылау, қадағалау үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |