№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет233/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
семинар-сөз-жарыс

Ол  қандай  да  бір  проблеманың 
шешілу жолдарын айқындау мақсатындағы ұжымдық талқыға арналады. Мұндай 
семинардың  мақсаты  –дүниетанымдық  бағыт-бағдар  бекіту,  бағалау  пікірлерін 
қалыптастыру,  пікірталас  жүргізу  ептіліктерін  дамыту,  өз  көзқарастары  мен 
ұстанымдарын қорғауға үйрету, өз ойын қисынды да анық баяндауға баулу.  
Оқу конференциясы 
– 
білім арттыру, бекіту және жетілдіруге бағытталған оқу 
ұйымдастыру  формасы.  Әдетте,  мұндай  форма  бірнеше  топтардың  қатысуымен 
өткізіледі.  
Зертхана-практикалық сабақтар, практикумдар 
– 
оқушылардың мұғалімдер 
тапсырмалары және басшылығында зертханалық тәжірибе жұмыстар орындауына 
арналған  оқу  ұйымдастыру  формасы.  Бұл  оқу  түрі  пән  кабинеттерінде  , 
зертханаларда,  шеберханаларда,  оқу-тәжірибе  алаңдарында,  оқушылардың 
өндірістік бригадаларының қатысуымен өндіріс комбинаттарында өткізіледі.  
Мұндай  дәрістердің  негізгі  дидактикалық  мақсаттары  -  өтілген  теориялық 
материалдардың  эксперименталды  негіздемесіне  көз  жеткізу;  эксперимент 
техникасын  меңгерту;  тәжірибелер  өткізу  арқылы  оқу-тұрмыстық  міндеттерді 
шешу  ептіліктерін  қалыптастыру;  әрқилы  оқу  жабдықтары  мен  техникалық 
құралдарды пайдалануға дағдыландыру.  
Бұл сабақтар сонымен бірге бағдарламадағы ірі бөлімдерде берілген теориялық 
материалдар игерімін бақылау, қадағалау үшін қолданылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет