Сабақ құрылымы
– бұл белгілі бірізділікті және өзара қарым-қатынасқа келген
дәріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым әрқашан дидактикалық
мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас айырмашылықтары
мен ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тәуелді. Сабақ құрылымының
көптүрлілігі сабақ типтерінің де сан алуандығына жол ашады.
Бүгінгі дидактикада сабақ типтерінің жалпылай қабылданған нақты
классификациясы жоқ. Мұның басты себебі – сабақта мұғалім мен оқушы
арасындағы өзара байланысқа түсетін ықпалдас іс-әрекеттердің алдын ала
болжамға келе бермейтін күрделілігі мен көп тараптылығында.
Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай төмендегіше
топтастырады:
Достарыңызбен бөлісу: