дәуірлер бойынша
оқу ұйымдастырылған.
Оқуды ұйымдастыру формалары дамуының қысқаша тарихы осылайша.
Жоғарыда аталған барша жаппай оқыту формаларының арасында үлкен
тұрақтылығымен сақталғаны
сынып-сабақтық
оқу жүйесі. Шынымен де, осы оқу
формасы педагогикалық ой мен жаппай мектеп озық тәжірибесінің аса
құндылықты жемісі.
Оқу процесін ұйымдастыру формалары
Оқу процесі әрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу
формалары да сан түрлі: сабақ (дәстүрлі түсінімде), дәрісбаян, семинар,
конференция, зертхана-практикалық дәріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты,
курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес,
емтихан, сынақ, пән үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада,
конкурс және т.б.
Қазіргі заманда еліміз мектептері тәжірибесінде оқушыларға келелі тәлім-тәрбие
берудің бірден-бір формасы да, құралы да– сабақ өз маңызын жойған емес.
Достарыңызбен бөлісу: |