-
ақпараттық дәрісбаян
– түсіндірме-көрнекілік әдіспен өткізілетін дәстүрлі,
ежелден келе жатқан оқу түрі;
-
проблемді дәрісбаян
- оқу материалының ұсынылуы шешімі қажет болған
сұрақтар, мәселе-міндеттер, жағдай-ситуациялар қолданумен өтілетін оқу
формасы. Таным процесі-ғылыми ізденіс, диалог, талдау, әрқилы көзқарастарды
салыстыру және т.б. жолдармен орындалатын оқу шарты;
-
көрнекілі (визуалды) дәрісбаян
– оқу материалын техникалық оқу құралдарын,
аудио, теледидар қолдану арқылы, түсіндірме бере отырып, оқыту жүйесі;
-
бинарлы дәрісбаян
(диалогты дәрісбаян) – оқу материалын екі оқытушының -
бірі ғалым, екіншісі – практик немесе екі ғылыми бағыт өкілдерінің сұхбаты
негізінде жеткізу формасы;
-
шатастыру дәрісбаяны
(лекция провокация) –мұндай дәрістер алдын ала
жоспарланған қателіктермен беріледі. Мұндағы мақсат –оқушылар ынтасына дем
беріп, ұсынылып жатқан материалға бақылау қоюға және көзделген олқылықтарды
байқауға үйрету. Дәрісбаян соңында тыңдаушылар білімі сарапқа салынып,
жіберілген қателіктерге талдау беріледі;
-
дәрісбаян –конференция
– ғылыми-практикалық сабақ түрінде күн ілгері
белгіленген, оқу бағдарламасына сәйкес проблемалар төңірегінде баяндамалар
тыңдау жолымен өткізіледі. Сабақ аяғында оқытушы қорытынды жасайды,
ақпаратты толықтырады әрі нақтылайды, негізгі тұжырымдар жасайды;
-
Кеңес дәрісбаяндар
«сұрақ-жауап» не «сұрақ-жауап-сөз-жарыс» күйінде
материалды оқушыға жеткізу формасы;
-
Екеу дәрісбаяны
(лекции вдвоем)- бір пән не тақырып бойынша екі маман бір
уақытта дәріс жүргізеді. Оқушылар қатысына орай оқытушы рейтингі анықталады.
Дәрісбаян түрлері басқа да негіздемелер бойынша:
-
жалпы мақсаттарына
байланысты оқыту-ағарту, үгіттік, насихаттық,
тәрбиелік, дамытушылық дәрісбаяндары ажыралады;
-
мазмұны бойынша
; академиялық және ғылыми көпшілік дәрісбаяндары белгілі;
-
ықпал-әсеріне орай
: көңіл-күй, түсінім, иландыру деңгейіндегі дәрісбаяндар
қолданылуда.
Құрылымдық жағынан, әдетте, дәрісбаян үш: кіріспе, негізгі және қорытынды –
бөлімнен тұрады.
Кіріспе бөлімде
тақырып нақтыланады, жоспар мен міндеттер
таныстырылады, негізгі және қосымша әдебиеттер көретіледі, өтілген
материалдармен байланыстар түзіледі, тақырыптың теориялық және практикалық
маңызы сипатталады.
Негізгі бөлімде
проблема мазмұны ашылып, өзекті идеялар
мен ұстанымдар нақтыланады, олар арасындағы байланыстар, қатынастар
көрсетіліп, құбылыстар талданады, қалыптасқан тәжірибе мен ғылыми
зерттеулерге баға беріледі, даму болашағы жөнінде жол - жоба анықталады.
Қорытынды бөлім
қызметтерінің мәні – мазмұн нақтылы үйретіліп, негізгі
теориялық көзқарастар қысқаша қайталанып, жалпыланады, қорытынды ой-сөз
жүйесіне келтіріліп, сұрақтарға жауаптар беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: