Осы заманғы педагогикалық процесте қолданылатын әдістер саны, түрі орасан
көп. Осыдан, оларды ғылыми топтастыру қажеттігі туындайды. Бұл оқу
әдістеріндегі жалпылық пен жалқылықты мәнділік пен кездейсоқтықты анықтауға
жәрдемдеседі, оларды мақсатқа орай әрі тиімді пайдалануға себін тигізеді.
Қазіргі күнде педагогикада әдістерді топтастырудың үш жолы кең танылған.
1. Оқу әдістерін дидактикалық мақсаттарға орай топтастыру.
Мұндай топтастыруға байланысты әдістерді бөлу ең алдымен оқу мақсатын
назарға алады. Бұл жағдайда оқу мақсатына қол жеткізуге бағытталған мұғалім
әрекетіне көп көңіл бөлінеді. Мақсатты көздеген әдістер тобына енетіндер:
- білім жинақтау әдісі;
- ептілік және дағды қалыптастыру әдісі;
- білімді қолдану, пайдалану әдісі;
- білім, ептілік, дағдыларды бекіту мен тексеру (бақылау) әдістері.