№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет262/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   293
Байланысты:
педагогика

көрнекілік әдістер. 
Көрнекі 
әдістерді  пайдалану  барысында  ақпараттық  материалды  игеру  оқу  процесінде 
көрнекі  құралдар  сүлбе  (схема),  кесте,  сурет,  модельдер,  приборлар,  техникалық 
құралдарды тікелей қолдануға тәуелді. Бұлардың бәрі оқушының сезім тетіктеріне 
ықпал  жасауға  негізделіп,  сөздік  және  практикалық  әдістермен  бірге 
пайдаланылады.  
Оқудың  практикалық  әдістері  - 
оқушының  іс-әрекетіне,  оқу  қызметтеріне 
негізделеді.  Бұлардың  басты  міндеті  –тәжірибелік  ептіліктер  мен  дағдылар 
қалыптастыру. Мұндай топтастыруда жаттығу, лабораториялық және тәжірибелік 
әдістері бірігеді.  
Жаттығулар 
–  материалды  игеру  не  игерілгеннің  сапасын  көтеру  мақсатында 
оқу әрекеттерін (ақыл не қызметтік) көп мәрте қайталаумен орындау.  
Жаттығулар ауызша, жазба, графикалық және оқу-еңбектік болып ажыралады.  
Ауызша  жаттығулар 
оқушылардың  сөйлеу  мәдениетінің,  қисынды  ойлау,  ес, 
зейін, таным мүмкіндіктерінің дамуына ықпал жасайды.  
Жазба  жаттығулардың 
басты  міндеті  игерілген  білімді  бекіту  және  олар 
бойынша қажетті ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, қолдануға бейімдеу.  
Оқу-еңбектік жаттығулар 
ерекше әдістер тобын құрайды. Бұларды пайдалану 
нәтижесінде  оқушылар  теориялық  біліктерін  еңбек  іс-әрекеттерінде  қолдануға 
үйреніп,  еңбек  құрал-саймандарымен,  лабораториялық  жабдықтармен  қатынас 
жасауға дағдыланады, құрастырушылық-техникалық ептіліктерін дамытады. 
Оқушылардың  өзіндік  әрекеті  мен  дербес  жұмыс  істеуіне  байланысты  қалаған 
жаттығу қайта жасау, дағдылану, шығармашылдық сипатына ие.  


Оқу  процесінің  белсенділігін  көтеру,  оқу  тапсырмаларының  сапалы 
орындалуына 
түсіндірмелі  жаттығулардың 
тиімділігі  орасан.  Бұлардың  мәні  – 
оқушы орындап жатқан әрекетіне сипаттама береді, осыдан жаттығу ісі мен білімі 
көтеріңкі саналылықпен меңгеріледі.  
Лабораториялық  жұмыстар 
әдіс  ретінде  оқушылардың  өз  бетінше  арнайы 
приборлар мен құралдарды пайдалана отырып, тәжірибе не эксперимент жүргізуіне 
негізделген.  Жұмыс  дара  не  топта  жүргізіледі.  Бұл  әдісті  қолдану  барысында 
оқушылар жоғары белсенділік және дербестікпен қатысып, зерттеу істеріне етене 
араласуға мүмкіндік алады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет