Фридрих А.В.Дистервег (1790-1886) барша педагогикалық құбылыстарға тән
тәрбиенің қозғаушы күштері мен қарама-қарсылықтарын зерттеген.
Орыс ойшылдары, философтары және жазушыларының арасында
педагогикалық шығармаларымен белгілі болған есімдер:
В.Г.Белинский (1811-
1848),
А.И.Герцен (1812-1870),
Н.Г.Чернышевский (1828-1889),
Н.А.Добролюбов (1836-1561). Бүкіл әлемде
Л.Н.Толстойдың (1828-1910),
Н.И.Пироговтың педагогикалық идеялары әйгілі. Олар таптық мектепті қатаң
сынға алып, халықтық тәрбие саласын түбегейлі өзгерту қажеттігін ұрандады.
Қазақ халқының да тәлім-тәрбиелік жүйесі ұланғайыр да мәуелі. Бұл салада
халқымыздың тәлім-тәрбиелік алтын қорына елеулі үлес қосқан арыстарымыз
А. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Торайғырұлы және т.б. Олардың тәлім-
тәрбиелік өсиеттері талай зерттеулерге арқау болған. Кемеңгер